Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch PWR 180 CE Originalbetriebsanleitung Seite 244

Wandbearbeitungssysteme
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für PWR 180 CE:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

OBJ_BUCH-2193-004.book Page 245 Friday, September 9, 2016 9:08 AM
Егеуқұм қағазымен тегістеу кезіндегі қауіпсіздік
техникасы туралы арнайы нұсқаулар
 Өлшемі үлкенірек егеуқұм қағазын
пайдаланбаңыз, өндірушінің егеуқұм қағазының
өлшемдеріне қатысты нұсқауларын басшылыққа
алыңыз. Тегістеу тәрелкесінің жиегінен шығып тұрған
егеуқұм қағазы сыналанудың, жарақаттардың, тегістеу
шеңберінің сынуының себебі болуы мүмкін немесе кері
соққыға әкелуі мүмкін.
Жылтырату кезіндегі қауіпсіздік техникасы туралы
арнайы нұсқаулар
 Жылтырату қаптамасының бос бөліктерін, әсіресе
бекіту сымдарын қалдырмаңыз. Бекіту сымын
алып қойыңыз немесе қысқартыңыз. Бос, бірге
айналатын бекіту сымдары саусақты ұстауы немесе
дайындамаға жабысуы мүмкін.
Сымды қылшақты (щетканы) пайдаланудағы арнайы
қауіпсіздік нұсқаулықтары
 Сымды қылшақтың әдеттегі пайдалануда да сым
жоғалтуын есте сақтаңыз. Сымдарды қатты басып
артық жүктемеңіз. Шашылып тұрған сымдар киім
және/немесе теріге қадалуы мүмкін.
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары
Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.
 Қажетті темір іздеу құралдарын пайдаланып,
жасырылған су, газ, электр сымдарын табыңыз
немесе жергілікті қызмет көрсету ұйымдарын
шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ
соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау
жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырына тию
материалдық зиян немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін.
 Қуат өшсе, мысалы, желіде қуат жоқ болып қалса
немесе ашаны розеткадан суырғанда сөндіргіш
бекіткішін алыңыз және өшірулі күйіне орнатыңыз.
Бұл арқылы кездейсоқ қосылу болмайды.
 Электр құралын тек құрғақ ажарлау үшін
пайдаланыңыз. Электр құралының ішіне су кірсе, ол
электр тоғының соғу қаупін арттырады.
 Электр құралын дайындамаға тек қосулы күйде
апарып оны дайындамадан алыстатып өшіріңіз.
Электр құралы тосыннан қосылуы мүмкін.
 Адамдарға ұшқындардың қауіп тигізбейтіндігіне
көз жеткізіңіз. Жанатын материалдарды
алыстатыңыз. Металлды ажарлау арқылы ұшқындар
пайда болады.
 Ешбір тозған, жарылған немесе лас ажарлау
құралдарын пайдаланбаңыз. Зақымдалған ажарлау
құралдары жарылып, лақтырылып біреуді зақымдауы
мүмкін.
 Ешқандай кесу немесе дөрекі тегістеу дискілерін
немесе шынаяқты қылшақ пайдаланбаңыз. Электр
Bosch Power Tools
құрал осы алмалы-салмалы аспаптарды пайдалануға
арналмаған. Жарақат алу қаупі бар!
 Электр құралды пайдалануда әрдайым жинақтағы
сорғыш шланг пен сәйкес шаңсорғышты
пайдаланыңыз. Шаңсорғышты пайдалану шаңнан
болатын қауіптерді төмендетеді.
 Өрт қаупі бар! Ажарланатын материалды немесе
ажарлау құрылғысын қызып кетуден сақтаңыз.
Шаңтұтқыш қабын жұмыс істеуден алдын
тазартыңыз, босатыңыз. Шаң қабындағы,
микросүзгідегі, қағазқабындағы ажарлау шаңы
(немесе сүзгі қабында немесе шаңсорғыш сүзгісіндегі)
металлды ажарлауда болатын ұшқындар жануы, өрт
тудыруы мүмкін. Ажарлау шаңы лак, полиуретан
қалдықтары немесе химиялық заттектермен араласуы,
ажарлау материалының ұзақ өңделуінен қызуы аса
жоғары қауіп тудырады.
 Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік
ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі
қолмен сенімді басқарылады.
 Қажет болса, есту органдарын қорғау құралдарын,
қорғағыш көзілдірікті, респираторларды, қолғапты
киіңіз. Шаңтұтқыш ретінде FFP 2 сыныпындағы
кемінде бір бөлшекті сүзгілейтін жартылық
шаңтұтқышты пайдаланыңыз.
 Тасты өңдеуде шаңсоруды пайдаланыңыз.
Шаңсорғышта тас шаңын соруға рұқсат болуы
керек. Осы жабдықтарды пайдалану шаң қауптерін
төмендетеді.
 Суымаған алмалы-салмалы аспаптарға тимеңіз.
Алмалы-салмалы аспаптар жұмыс кезінде қызады.
 Алмалы-салмалы аспаптарды алмастыру кезінде
қорғау қолғабын киіңіз. Алмалы-салмалы аспаптар
ұзақ уақыт жұмыс істегеннен қызады.
 Денсаулыққа зиянды заттектер, мысалы шамшат
және емен ағашының, тас немесе асбест шаңы,
шығатын материалдарды өңдемеңіз. Бұл заттектер
канцерогенді болып табылады.
 Мемлекетіңіздегі денсаулыққа зиянды заттектерді
қарау бойынша жарамды ережелер/заңдар туралы
мәлімет алыңыз.
 Айналып тұрған ажарлау құралына тимеңіз. Жарақат
алу қаупі бар.
 Керек болса жұмыс істегенде тұғыр пайдаланыңыз.
Жиылмалы басқышта жұмыс істегенде тұрған күйіңіз
тұрақты болмайды.
Белгілер
Төмендегі белгілер электр құралды пайдалануда маңызды
болуы мүмкін. Белгілер менен олардың мағыналарын
жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну сізге электр
құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға көмектеседі.
Қaзақша | 245
1 609 92A 1LR | (9.9.16)

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis