Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Philips HeartStart Intrepid Nachtrag Seite 40

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für HeartStart Intrepid:
Inhaltsverzeichnis
Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 5
HeartStart Intrepid пайдалану нұсқаулығына қосымша
Батарея сипаттамалары
Номиналды кернеуі: 14,68 В
Шамамен алынған өлшемдері: 27,9 мм (Ұ) X 81,0 мм (Е) x 146,7 мм (Б); 1,1 дюйм (Б)
X 3,2 дюйм (Е) x 5,8 дюйм (Ұ)
Шамамен алынған салмағы: 0,5 кг (1 фунт)
Қауіпсіздік негіздері
HeartStart Intrepid құрылғысына дефибрилляцияға, имплантталатын жүрек құрылғыларына
жəне NBP манжеттеріне қатысты төмендегідей қауіпсіздік шаралары қолданылады.
АБАЙЛАҢЫЗ: Кумулятивті разрядтардың энергиясы емделушіге зиянын тигізуі мүмкін. Дефибрилляция
энергиясын таңдау жəне бірнеше разрядты орындау үшін ұйымыңыздың протоколын
орындаңыз.
Дефибрилляциялық терапия емделушілердің миокардын зақымдауы мүмкін.
Емделушілердің жабысқақ жастықшалары имплантталатын жүрек құрылғысынан (ИЖҚ)
кемінде 8 см (3 дюйм) қашықтықта болуы тиіс. Қажет болса, алдыңғы-бүйір немесе
артқы-алдыңғы балама жастық позициясын қолданыңыз. Бұл талапты орындамау
дефибрилляция кезінде ИЖҚ-ның зақымдалуына əкелуі мүмкін.
Дефибрилляциялық терапия емделушінің имплантталатын жүрек құрылғысының (ИЖҚ)
жұмысына əсер етуі мүмкін. ИЖҚ өндірушісінің нұсқауларын қараңыз.
CPR дұрыс орындалса да, жайсыздық, көгеру немесе ауырсыну белгілері болуы мүмкін.
Сирек жағдайларда тері жарылуы немесе жұмсақ тіндер зақымдалуы мүмкін.
ЕСКЕРТУЛЕР: Америка жүрек ауруларын тексеру қауымдастығының (AHA) жəне Еуропалық
реанимация жөніндегі кеңестің (ERC) нұсқауларына сəйкес жүрек-өкпе реанимациясын
ұйымыңыздың протоколымен бірге орындаңыз.
Қан қысымын инвазивті емес (NBP) бақылау үшін қан қысымын өлшейтін манжетті
қолдану терінің аздап тітіркенуіне немесе көгеруіне əкелуі мүмкін.
ЕСКЕРТПЕЛЕР: Дефибрилляция терапиясы кезінде электродтар немесе жастықшалар емделуші терісіне
жабысқан жерді аздап күйдіруі мүмкін.
Электродтар, көп функциялы электрод жастықшалары жəне сыртқы электродтар
емделушінің терісін тітіркендіруі мүмкін.
Дефибрилляция терапиясы емделушінің өзін жайсыз сезінуіне немесе бұлшықетінің
жиырылуына себепші болуы мүмкін.
38
Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis