Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Қазақша - Philips Heartstart Intrepid Nachtrag

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für HeartStart Intrepid:
Inhaltsverzeichnis
Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 5
HeartStart Intrepid пайдалану нұсқаулығына
қосымша
Қазақша
Бұл құжатта мынадай ақпарат беріледі:
Батарея туралы жаңартылған ақпарат, соның ішінде жаңа бөлшек нөмірлері мен
техникалық сипаттамалар.
HeartStart Intrepid құрылғысына қолданылатын дефибрилляцияға, имплантталатын жүрек
құрылғыларына жəне NBP манжеттеріне қатысты қауіпсіздік шаралары.
Бұл қосымшаны Пайдалану нұсқаулығымен бірге сақтаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Осы қосымшада қарастырылмаған HeartStart Intrepid пайдалану нұсқаулығындағы батарея
туралы ақпарат əлі де қолданылады.
Қолдау көрсетілетін батареялар
Төмендегі кестеде жаңа батарея бөлшек нөмірлері мен сипаттамалары көрсетілген.
1-кесте Батарея бөлшек нөмірлері жəне сипаттамалары
Бөлшек нөмірі
989803206451
(989803202601 алмастырады)
989803207131
(989803202601 алмастырады)
Батареяны зарядтау жəне сақтау
Батареяны зарядтауға арналған оңтайлы температура ауқымы: 5 °C жəне 30 °C (36 °F
жəне 86 °F) аралығында.
Батареяны сақтау үшін төмендегі əдістерді қолдану ұсынылады:
Батареяны 15 °C жəне 35 °C (59 °F жəне 95 °F) аралығында жəне 25% жəне 75%
аралығындағы салыстырмалы ылғалдылықта сақтаңыз.
Батареяның қызмет мерзімі оңтайлы болуы үшін сақталатын батареяның зарядының
ұсынылған деңгейі 20% жəне 40% аралығында болуы керек. Сақталған батарея
зарядының деңгейін екі айда бір рет тексеріп, егер ол 20%-дан төмен болса, зарядтаңыз.
Батареяны алты айға дейін сақтау үшін батареяны құрылғыдан шығарып, шамамен
60%-ға дейін зарядтау керек. Батареяны кем дегенде алты айда бір рет тексеріп, қажет
болған жағдайда оны 60%-ға дейін зарядтаңыз.
Қолданар алдында сақталған батареяны толық зарядтаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Батарея зарядының деңгейін тексеру үшін батарея деңгейінің датчигі түймесін басыңыз.
Əрбір жанып тұрған көк жарық 20% зарядты көрсетеді. Қосымша ақпаратты HeartStart
Intrepid пайдалану нұсқаулығындағы батарея деңгейінің датчигі бөлімінен қараңыз.
HeartStart Intrepid пайдалану нұсқаулығына қосымша
Сипаттамасы
Қайта зарядталатын литий-ион батареясы
(Үндістаннан басқа)
Қайта зарядталатын литий-ион батареясы 
(тек Үндістанда)
37
Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis