Дисплей Функция
Ұйқы режимі (8)
Қысқаша басу арқылы қосылады және 3 секунд ішінде қайта басу
арқылы өшіріледі.
Қосу: Құрылғы жылдамдықтың 1-деңгейіне ауысады. Диодшам
жолағы өшеді. Тек ұйқы режимінің түймесі (8) және қосу/өшіру
түймесі (10) жанады (жарықтығы төмендетілген күйде).
Ұйқы режимінің (8) түймесін басқан кезде келесі дисплейлер/
функциялар шамамен 5 секундқа қолжетімді болады:
• 1-жылдамдық деңгейін өзгертуге арналған
• WiFi (15) желісін қосуға/өшіруге болады;
• диодшам жолағын (9) қосуға/өшіруге және көмескілеуге болады;
• диодшам түстерін (12) өзгертуге болады.
Өшіру: Ұйқы режимінен шығу үшін «Ұйқы режимі» түймесін (8) ша-
мамен 3 секунд басып тұрыңыз. Барлық дисплейлер/функциялар
қалыпты жарықтықта жанады және қолжетімді болады.
Ауа жуғыш/Ауа тазартқыш режимі (7)
Түрткенде ауысады.
Ауа жуғыш режимі: Құрылғы ауаны тазартады және
ылғалдандырады. Ауа жуу режимінде жұмыс істеу үшін құрылғыға
су науасын және дискілер жинағын дұрыс салу керек. ТУРБО
функциясы (14) Ауа жуғыш режимінде іске қосылмайды. Бұл түйме
(7) сол жақтағы ауа бөлшектерін және оң жақтағы су тамшыларын
көрсетеді.
Ауа тазартқыш режимі: Құрылғы ауаны тазартады, бірақ оны
ылғалдандырмайды. ТУРБО функциясын (14) іске қосуға болады.
Түйме (7) ауадағы түйіршіктерді тек сол жақта көрсетеді. Турбо
режимі қосылған кезде құрылғыдан судың ағып кетуіне жол
бермеу үшін су науасын ауа тазартқыш режимінде босатуды
ұсынамыз. Ауаны тазарту тиімділігін арттыру үшін су науасын төрт
тірек бөлігімен (G) ауыстыруға болады.
Ауаны тазарту тиімділігін арттыру үшін тірек бөліктерімен
пайдалану:
312
KZ
Су науасын
алыңыз (F)
+ дискілер
дестесі (E)
және
түймелері (6);
Тірек
бөліктерін (G)
құрылғының
төменгі
бөлігіне
бекітіңіз