Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Grundfos LSV Montage- Und Betriebsanleitung Seite 951

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für LSV:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 111
4.2.3 Манометрлер
Манометр қосылымдарының жабық болғанына көз
жеткізіңіз.
4.2.4 Айналу бағыты
Айналу бағытын келесі жолмен тексеріңіз:
1. Муфта қаптамасын алыңыз.
2. Сорғы мен электр қозғалтқыш арасындағы екі
муфтаны ажыратыңыз.
3. Электр қозғалтқыш білігінің еркін айнала
алатынына көз жеткізіңіз.
4. Айналу бағытын тексеру үшін электр
қозғалтқышты қысқа уақытқа іске қосыңыз.
Дұрыс айналу бағытын сорғы корпусындағы
тілше көрсетеді.
Сорғының айналу бағыты әрқашан
ағынның бағытымен бірдей бола
бермейді.
5. Егер айналу бағыты дұрыс болмаса, оны
электр қозғалтқыштағы екі фазаны ауыстыру
арқылы түзетіңіз.
ҚАУІПТІ
Электр тогымен зақымдану
Өлім қаупі немесе ауыр дене
жарақаты
Екі фазаны ауыстырмас бұрын,
қуат көзінің өшірілгеніне және
оны кездейсоқ қосылмайтынына
көз жеткізіңіз.
6. Айналу бағытын қайтадан тексеріңіз.
7. Муфта мен қаптаманы қайта жинаңыз.
4.3 Толтыру
LSV сорғылары өздігінен толтырылмайды және
іске қосу алдында толығымен толтырылуы, яғни
сұйықтықпен толтырылуы керек.
Сорғыны құрғақ күйде іске қосуға
болмайды. Құрғақ түрде іске қосу
тығыздамаларға, білік
тығыздағыштарына, тозу сақиналарына
және білік төлкелеріне елеулі зақым
келтіреді.
Егер сорғы оң кіріс қысымымен жұмыс істейтін
болса, кіріс клапанын ашып, сорғы корпусына
сұйықтықтың енуіне мүмкіндік беру арқылы оны
толтырыңыз. Жоғарғы сорғы корпусының үстіңгі
жағындағы және әрбір кіріс күмбезінің үстіңгі
жағындағы желдеткіш саңылауларды ашып,
желдеткіш саңылауларды жабу алдында
сұйықтықтың сорғыдан бүкіл ауаны шығаратынына
көз жеткізіңіз.
Жұмыс дөңгелегінің өту жолдарынан жиналған
ауаны босату үшін толтыру және желдету кезінде
білікті қолмен айналдырыңыз.
Егер сорғы сору биіктігімен жұмыс істейтін болса,
толтыруды басқа әдістермен орындау керек.
Төменгі клапандарды, эжекторларды немесе
вакуумдық сорғыларды пайдаланыңыз немесе
сорғы корпусы мен кіріс құбырын сұйықтықпен
қолмен толтырыңыз.
Сорғы өздігінен толтырылады деген
үмітпен оны ешқашан құрғақ күйде іске
қоспаңыз. Нәтижесінде білік
тығыздағыштарына, сорғының тозу
сақиналарына және білік төлкелеріне
елеулі зақым келтіріледі.
951

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis