Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GTM 12 JL Professional Originalbetriebsanleitung Seite 301

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GTM 12 JL Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
– Бұрыштық калибрді 45° шамасына реттеп, оны аралау
үстеліне (22) қойыңыз.
Бұрыштық калибрдің бір жағы бүкіл ұзындығы бойынша
ара төсемімен (7) бір сызықта болуы қажет.
Реттеу: (
R2 суретін қараңыз)
– Алты қырлы дөңбек бұранданың (58) гайкасын
(10 мм) босатыңыз.
– Алты қырлы дөңбек бұранданы (58), бұрыштық
калибрдің бір жағы ара төсемімен бүкіл ұзындығы
бойынша бір сызықта болғанша, арнайы кілтпен
(3 мм) бұрап кіргізіңіз немесе шығарыңыз.
– Гайканы қайтадан мықтап тартыңыз.
Егер бұрыш индикаторы (47) реттеу әрекетінен кейін
шкаланың (48) 45° белгісімен бір сызықта болмаса,
алдымен еңіс бұрышы мен бұрыш индикаторының 0°
реттеуін тағы бір рет тексеріп шығыңыз. Содан кейін 45°
еңіс бұрышын қайтадан реттеп шығыңыз.
33,9° стандартты еңіс бұрышын (тік) реттеу
– Электр құралын үстелдік дискілі араның жұмыс күйіне
(қараңыз „Жұмыс күйі (
A суретін қараңыз)",
Бет 301) келтіріңіз.
– Аралау үстелін (22) 0° ойығына (27) дейін бұраңыз.
Иінтірек (26) ойыққа шерту дыбысымен тірелуі тиіс.
– Қысқыш тұтқаны (37) босатыңыз.
– Тіреуіш болтты (33) толықтай ішке қарай басып,
манипуляторды, болт тіреуіш бұрандамен (32)
жанасқанша қайырыңыз.
Тексеру: (
S1 суретін қараңыз)
– Бұрыштық калибрді 33,9° шамасына реттеп, оны
аралау үстеліне (22) қойыңыз.
Бұрыштық калибрдің бір жағы бүкіл ұзындығы бойынша
ара төсемімен (7) бір сызықта болуы қажет.
Реттеу: (
S2 суретін қараңыз)
– Тіреуіш бұранданың (32) гайкасын (10 мм)
босатыңыз.
– Тіреуіш бұранданы, бұрыштық калибрдің бір жағы ара
төсемімен бүкіл ұзындығы бойынша бір сызықта
болғанша, арнайы кілтпен (10 мм) бұрап кіргізіңіз
немесе шығарыңыз.
– Гайканы қайтадан мықтап тартыңыз.
Үстелдік дискілі ара
ретінде пайдалану
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Жұмыс күйі (
A суретін қараңыз)
Егер электр құралы үстелдік дискілі ара ретінде
пайдаланылған болса, қапталдап/бұрышпен кесуге
арналған ара ретінде пайдаланбас бұрыс төмендегі
қадамдарды орындау қажет:
Bosch Power Tools
– Электр құралын қапталдап/бұрышпен кесуге арналған
араның жұмыс күйіне (қараңыз „Жұмыс күйі (
суретін қараңыз)", Бет 297) келтіріңіз.
– Бұғаттау бұрандасын (44) босатыңыз.
– Жылжымалы тіреуіш планканы (31) толықтай сыртқа
қарай тартыңыз.
– Бұғаттау бұрандасын (44) қайтадан мықтап тартыңыз.
– Ара төсемінің қаптамасын (66) параллель тіректің (61)
ойығынан тартып шығарыңыз.
– Ара төсемінің астыңғы қаптамасын (66) аралау
үстеліне (22) енгізіңіз.
Ара төсемінің астыңғы қаптамасы (66) үстелдік дискілі
ара ретінде пайдалану барысында ара төсемінің
астыңғы жағын жауып тұруы керек.
– 0° тік еңіс бұрышын орнатып, қысқыш тұтқаны (37)
мықтап тартыңыз.
– (17) түймесін басып, манипуляторды, тасымалдауға
арналған бекіткіш (38) толықтай ішке кіргенше,
тұтқасынан (18) баяу төмен қарай бағыттаңыз.
Жұмыс істеуге дайындық
Ара төсемінің биіктігін реттеу (
Қауіпсіз жұмыс істеу үшін ара төсемінің (7) дайындамаға
қатысты дұрыс жұмыс күйін реттеу қажет. Максималды
дайындама биіктігі 51 мм құрайды.
– Аралау үстелінің (59) астындағы екі қысқыш
иінтіректі (68) босатыңыз.
– Қорғаныш қаптаманы (63) тірелгенше артқа қайырып,
дайындамаңызды ара төсемінің жанына қойыңыз.
– Аралау үстелін төмен итеріңіз немесе оны, жоғарғы
ара тістері дайындама бетінен шамамен 1 мм жоғары
болғанша жоғары қарай тартыңыз.
– Аралау үстелін осы күйде ұстап, қысқыш иінтіректі
қайтадан мықтап тартыңыз.
Параллель тіректі реттеу (
Параллель тіректі (61) ара төсемінің оң жағына
орналастыруға болады. Арақашықтық индикаторы (69)
шкалада (65) параллель тіректің ара төсеміне дейінгі
арақашықтығын көрсетеді.
– Қысқыш тұтқаны (64) босатыңыз.
Осылайша параллель тіректің артқы жағындағы
бағыттауыш (71) босатылады.
– Алдымен параллель тіректі аралау үстелінің артқы
бағыттауыш ойығына енгізіңіз.
– Содан кейін параллель тіректі аралау үстелінің
алдыңғы бағыттауыш ойығына орналастырыңыз.
Параллель тіректі енді кез келген бағытпен жылжытуға
болады.
– Оны, арақашықтық индикаторы (69) ара төсеміне
дейінгі қалаулы арақашықтықты көрсеткенше
жылжытыңыз.
– Бекіту үшін қысқыш тұтқаны (64) қайтадан төмен
қарай итеріңіз.
Қазақ | 301
A
B суретін қараңыз)
C суретін қараңыз)
1 609 92A 7SS | (06.03.2023)

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis