Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GTM 12 JL Professional Originalbetriebsanleitung Seite 296

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GTM 12 JL Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
296 | Қазақ
Лазер туралы ескерту қалқанының үстін жапсыру (d
суретін қараңыз)
Электр құралы неміс тіліндегі ескерту қалқанымен
жабдықталған (электр құралының суретінде графика
бетінде (40) нөмірімен белгіленген).
– Ескерту қалқанының неміс тіліндегі мәтініне алғаш рет
қолданысқа енгізу алдында жеткізілім жиынтығындағы
өз тіліңіздегі жапсырманы жабыстырыңыз.
Ара төсемінің астыңғы қаптамасын алып тастау
немесе орнату (e суретін қараңыз)
Ара төсемінің астыңғы қаптамасы (66) үстелдік дискілі
ара ретінде пайдалану барысында ара төсемінің астыңғы
жағын жауып тұруы керек.
Қапталдап/бұрышпен кесуге арналған араны
пайдаланбас бұрын:
– Ара төсемінің астыңғы қаптамасын (66) алып тастаңыз
және оны параллель тіректің (61) оң жағындағы
ойыққа жылжытыңыз.
Ара төсемінің астыңғы қаптамасын қоқысқа
u
тастамаңыз! Ара төсемінің астыңғы қаптамасы
енгізілмеген болса, құрама араны үстелдік дискілі ара
ретінде пайдалану мүмкін болмайды!
Үстелдік дискілі ара ретінде пайдаланбас бұрын:
– Ара төсемінің астыңғы қаптамасын (66) аралау
үстеліне (22) енгізіңіз.
Ара төсемінің астыңғы қаптамасы (66) үстелдік дискілі
ара ретінде пайдалану барысында ара төсемінің астыңғы
жағын жауып тұруы керек.
Ара төсемін алмастыру (f1–f4 суреттерін
қараңыз)
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап
u
киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі
бар.
Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр
құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары болған
аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы электр құралының өндірушісі ұсынған және сіз
өңдейтін материалға сәй аралау дискілерін
пайдаланыңыз. Бұл аралауда ара тістерінің қызып кетуіне
жол бермейді.
Еш жағдайда көлденең ойықты ара төсемдерін («Dado
Sets» деп аталады) пайдаланбаңыз.
Тек осы пайдалану нұсқаулығында және электр
u
құралында берілген деректерге сәй және EN 847-1
бойынша тексерілген болып тиісті ретте
белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Ара төсемін алмастыру кезінде кесік ені сына
қалыңдығынан кем болмағанына және орта диск
қалыңдығы сына қалыңдығынан артық болмағанына көз
жеткізіңіз.
1 609 92A 7SS | (06.03.2023)
Ара төсемін бөлшектеу
– Электр құралын қапталдап/бұрышпен кесуге арналған
араның жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Бұғаттау бұрандасын (10) жеткізілім жиынтығындағы
оймакілтекті бұрауышпен (5) бұрап шығарыңыз.
– Қамытты (11) оңға тартыңыз. Енді қамытты жоғары
жылжытып, дәл сол уақытта маятниктік қорғаныш
қаптаманы (20) тірелгенше артқа қайырыңыз.
Осылайша маятниктік қорғаныш қаптама ашық күйде
жоғарыда бұғатталады.
– Алты қырлы дөңбек бұранданы (12) жеткізілім
жиынтығындағы алты қырлы дөңбек кілтпен (5) бұрап,
дәл сол уақытта шпиндель бекіткішін (13) тірелгенше
басыңыз.
– Шпиндель бекіткішін (13) басып тұрып,
бұранданы (12) сағат тілінің бағытымен бұрап
шығарыңыз (сол жақ ирек ойма!).
– Қысқыш фланецті (14) алып тастаңыз.
– Ара төсемін (7) шығарыңыз.
Ара төсемін орнату
Қажет болса, монтаждалатын барлық бөлшектерді
орнатпас бұрын тазалап шығыңыз.
– Жаңа ара төсемін ішкі қысқыш фланецке (15)
орнатыңыз.
Орнату кезінде тістердің кесу бағыты (ара
u
төсеміндегі көрсеткі бағыты) корпустағы көрсеткі
бағытына сәйкес болғанына көз жеткізіңіз!
– Қысқыш фланецті (14) және бұранданы (12)
орнатыңыз. Шпиндель бекіткішін (13) тірелгенше
басып, бұранданы сағат тілінің бағытына қарсы бұрап
бекітіңіз.
– Қамытты (11) төмен жылжытып, дәл сол уақытта
маятниктік қорғаныш қаптаманы (20), қамыт
тірелгенше, қайтадан төмен қайырыңыз.
– Бұғаттау бұрандасын (10) қайтадан бұрап кіргізіңіз де,
мықтап тартыңыз.
Тасымалдау (g суретін қараңыз)
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
– Электр құралын үстелдік дискілі араның жұмыс күйіне
келтіріңіз.
– Параллель тіректі (61) толықтай қорғаныш
қаптаманың үстіне (63) орналастырыңыз.
Параллель тіректі бекіту үшін қысқыш тұтқаны (64)
төмен қарай итеріңіз.
– Жылжыту таяғын штифтерге (67) енгізіңіз.
– Ара төсемінің астыңғы қаптамасын (66) аралау
үстеліне (22) енгізіңіз.
– Электр құралына берік монтаждау мүмкін емес барлық
керек-жарақтарды алып тастаңыз.
Пайдаланылмаған ара төсемдерін тасымалдау үшін
мүмкіндігінше жабық контейнерге салыңыз.
– Көтеру немесе тасымалдау үшін ұстау
ойықтарынан (4) аралау үстелі (22) жағынан ұстаңыз.
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis