Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Briggs & Stratton 090000 Bedienungsanleitung Seite 151

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für 090000:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 55
ЕСКЕРТУ
Жанармай мен оның булары өте жанғыш және жарылғыш келеді.
Өрт шығып немесе жарылыс қатты күйіктерге немесе өлімге әкелуі мүмкін.
• Ауа тазалағыш жинағы (бар болса) немесе ауа сүзгісі (егер бар болса)
(бар болса) алынған кезде қозғалтқышты оталдыруға және жұмыс істетуге
болмайды.
ХАБАРЛАМА
Сүзгіні тазалау үшін қысымдалған ауа немесе еріткіштерді
қолдануға болмайды. Қысымдалған ауа сүзгіні зақымдауы мүмкін, ал еріткіштер
сүзгіні ерітеді.
Қызмет көрсету талаптары бойынша Техникалық қызмет көрсету жоспарын
қараңыз.
Қағаз ауа сүзгісі
1.
Қақпақты ашыңыз (B, суреті 19).
2.
Сүзгіні шығарып алыңыз (C, суреті 19).
3.
Жабдықталған болса, алдын ала тазалау құралын (E, суреті 19) сүзгіден
алыңыз. Қалдықтарды сілкіп тастау үшін сүзгіні қатты бетке ақырын қағып
алыңыз. Сүзгі тым кір болса, жаңа сүзгімен алмастырыңыз.
4.
Алдын ала тазалау құралын сұйық жуғыш зат қосылған сумен жуыңыз.
Содан кейін оны ауада жақсылап кептіріңіз. Алдын ала тазалау құралын
майламаңыз.
5.
Жабдықталған болса, құрғақ алдын ала тазалау құралын сүзгіде
құрастырыңыз.
6.
Сүзгіні орнатыңыз (C, суреті 19).
7.
Қақпақты жабыңыз (B, суреті 19).
Салқындату жүйесіне қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда жылу бөледі. Қозғалтқыш бөлшектері,
әсіресе бәсеңдеткіш қатты қызып кетеді.
Оған тисеңіз, қатты күйіп қалуыңыз мүмкін.
Жанғыш қалдықтар, мысалы жапырақтар, шөп, бұтақтар, т.б. тұтануы
мүмкін.
• Бәсеңдеткішке, қозғалтқыш цилиндріне және тілімшелерге тимес бұрын, олар
салқындағанша күтіңіз.
• Бәсеңдеткіш пен цилиндр маңынан жиналған қалдықтарды алып тастаңыз.
ХАБАРЛАМА
Қозғалтқышты тазалау үшін су қолдануға болмайды. Су
жанармай жүйесін кірлетуі мүмкін. Қозғалтқышты щеткамен немесе құрғақ
шүберекпен тазалаңыз.
Бұл қозғалтқышты ауамен салқындатылады. Кір не қалдықтар ауа ағынына кедергі
жасап, қозғалтқыштың қызып кетуіне себеп болуы мүмкін. Оның салдарынан
қозғалтқыш өнімділігі төмендеп, қызмет мерзімі қысқарады.
1.
Ауа кіретін торды қалдықтардан тазарту үшін щетка немесе құрғақ шүберек
қолданыңыз.
2.
Жалғауларды, серіппелерді және басқару құралдарын таза ұстаңыз.
3.
Бәсеңдеткіш (бар болса) маңындағы және артындағы аумақты жанғыш
қалдықтардан таза ұстаңыз.
4.
Маймен салқындату қалақшалары (бар болса) кір мен қалдықтардан таза
екеніне көз жеткізіңіз.
Уақыт өте цилиндр тәрізді салқындатқыш қалақшаларда жиналып, қозғалтқыштың
қызып кетуіне себеп болуы мүмкін. Бұл қалдықтарды қозғалтқышты жартылай
бөлшектемей кетіру мүмкін емес. Ауамен салқындату жүйесін Техникалық
қызмет көрсету жоспарында ұсынылғандай Briggs & Stratton
компаниясының өкілетті қызмет көрсетушісіне тексертіп, тазалатыңыз.
Литий-ионды батарея жинағын
қоқысқа тастау
ЕСКЕРТУ
Батарея химикаттары уытты және коррозия тудырады.
Өрт немесе жарылыс салдарынан қатты күйіп қалу немесе өлім жағдайы
орын алуы мүмкін.
Ток соғуы
• Пайдаланудан шығарылған немесе пайдаланылған батарея жинақтарын
мүлдем пайдаланбаңыз, өйткені олар жарылуы мүмкін. Батарея жинақтарын
жаққанда уытты түтіндер және материалдар түзіледі.
• Жаншылған, түсіріп алынған немесе зақымдалған батареяны пайдаланбаңыз.
Пайдаланылған және пайдаланудан шығарылған батарея жинақтарында
шағын электр заряды бәрібір болады және оларды сақтықпен қолдану керек.
Пайдаланудан шығарылған немесе пайдаланылған батарея жинақтарын үнемі
федералдық, штаттық және жергілікті ережелерге сай қоқысқа тастаңыз.
RBRC (Қайта зарядталатын батареяларды қайта өңдеу корпорациясы) мөрі
RBRC — пайдаланылған қайта зарядталатын батареяларды
қайта өңдеуге арналған коммерциялық емес мемлекеттік қызмет
көрсету ұйымы. Маңайдағы батареяларды жинау орнын табу үшін
1-800-8-BATTERY немесе 1-877-2-RECYCLE тегін нөміріне қоңырау
шалыңыз. Қосымша ақпарат алу және қайта өңдеу орындарының
тізімін көру үшін RBRC сайтына кіріңіз: www.call2recycle.org.
Сақтау
ЕСКЕРТУ
Жанармай мен оның буы өте жанғыш және жарылғыш.
Өрт немесе жарылыс салдарынан қатты күйіп қалу немесе өлім жағдайы
орын алуы мүмкін.
Тоқ соғуы
Жанармайды немесе багында жанармай бар жабдықты сақтаған кезде
• Пештерден, каминдерден, су қыздырғыштардан немесе тұтату көздері бар
басқа құрылғылардан аулақ сақтаңыз, себебі олар жанармай буын тұтатып
жіберуі мүмкін.
Батарея жинағын сақтауға қойғанда
• Зарядтағышты құрғақ күйде сақтаңыз. Батарея жинағына жаңбыр немесе
ылғалды жағдайлардың әсерін тигізбеңіз.
Жанармай жүйесі
Суретті қараңыз: 20, 21 
Ескертпе: Кейбір үлгілерде тік сақтауға арналған жанармай багы болады, ал бұл
техникалық қызмет көрсету немесе сақтау үшін қозғалтқышты еңкейтуге мүмкіндік
береді (С, Сурет 20). Жанармай багы жанармай деңгейі индикаторының (D) түбінен
асырып толтырылған жағдайда тік күйде сақтамаңыз. Қосымша нұсқауларды
жабдық нұсқаулығынан қараңыз.
Қозғалтқышты түзу қойып сақтаңыз (әдеттегі жұмыс істейтін күйінде). Жанармай
багына (A, Сурет 21) жанармай құйыңыз. Жанармайдың кеңеюі үшін жанармай
багы мойнынан (B) асырып толтырмаңыз. 
Жанармай сақтау сұйыққоймасында 30 күннен аса сақталса, ескіруі мүмкін.
Сұйыққоймаға жанармай құйған сайын өндіруші нұсқауларында белгіленгендей
жанармайға жанармай тұрақтандырғышын қосыңыз. Бұл жанармайдың
балғындығын сақтайды және жанармайға қатысты мәселелер мен жанармай
жүйесіндегі ластануды азайтады.
Нұсқаулар бойынша жанармай тұрақтандырғышы қосылған кезде жанармайды
қозғалтқыштан ағызып жіберу қажет емес. Сақтау алдында жанармай мен
тұрақтандырғыштың жанармай жүйесінде жылжуы үшін қозғалтқышты 2 минутқа
ҚОСЫҢЫЗ.
Қозғалтқыш майы
Қозғалтқыш әлі жылы болған кезде қозғалтқыш майын ауыстырыңыз. Май
ауыстыру бөлімін қараңыз. Just Check & Add™ үлгілері үшін майды ауыстыру
керек емес.
Батарея жинағы және зарядтағыш
Суретті қараңыз: 22 23
Тасымалды батарея жинағы: Пайдаланбаған кезде зарядтағышты ажыратып,
салқын, құрғақ аумақта сақтаңыз. Ылғалды, дымқыл аумақтар клеммаларда
және электр түйіспелерде коррозия тудыруы мүмкін. Жоғары температураларда
(120°F/49°C) ұзақ уақыт бойы сақталса, батарея жинағы біржола зақымдалуы
мүмкін. Батарея жинақтарындағы және зарядтағыштағы электр клеммаларды және
түйіспелерді тексеріңіз. Таза шүберекпен сүртіңіз немесе сығымдалған ауамен үріп
тазалаңыз. 
Сақтаудан кейін қалыпты зарядтау қажет болуы мүмкін. Қолжетімді зарядты
тексеру үшін батарея зарядын өлшеу түймесін басыңыз (E, Сурет 22 23) және
қажет болған кезде зарядтаңыз.   Батарея зарядын өлшеу  бөлімін қараңыз. 
151

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

093j00100000

Inhaltsverzeichnis