Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Briggs & Stratton 090000 Bedienungsanleitung Seite 148

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für 090000:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 55
• Зарядтағышты құрғақ күйде ұстаңыз. Батарея жинағына жаңбыр немесе
ылғалды жағдайлардың әсерін тигізбеңіз. 
• Электр ашаның және сымның зақымдалу қаупін азайту үшін зарядтағышты
ажыратқанда сымды емес, ашаны ұстап тартыңыз. 
• Қажет болмаса, ұзартқыш сымды пайдаланбау керек. Жарамсыз ұзартқыш
сымды пайдалану өрт және ток соғу қаупіне әкелуі мүмкін. Ұзартқыш сымды
пайдалану керек болса, мыналарды тексеріңіз:
1.
Ұзартқыш сым ашасы істіктерінің нөмірі, өлшемі және пішіні зарядтағыш
ашасымен бірдей екенін; 
2.
Ұзартқыш сым тиісті түрде жүргізілгенін және электр күйі жарамды
екенін; және 
3.
Зарядтағыштың айнымалы тоқ ампер көрсеткішіне сай болуы үшін сым
өлшемі кемінде 16 AWG екенін. 
• Аша немесе сым зақымдалған зарядтағышты пайдаланбаңыз. Желілік
сымды ауыстыру мүмкін емес. Сым зақымдалған болса, зарядтағышты дереу
ауыстыру керек. 
• Қатты соққы алса, түсіріп алынса немесе басқалай зақымдалса,
зарядтағышты пайдаланбаңыз. Зақымдалса, зарядтағышты ауыстыру керек.
Зарядтағышқа қызмет көрсету мүмкін емес. 
• Зарядтағышты бөлшектемеңіз немесе қызмет көрсетуге әрекеттенбеңіз. 
• Ток соғу қаупін азайту үшін тазалау алдында зарядтағышты розеткадан
ажыратыңыз. 
• Қысқа мерзімге тұйықтамаңыз; батарея түйіспелеріне ешбір зат қоймаңыз. 
• Зарядтағыш дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері төмен адамдардың
(соның ішінде балалардың) не тәжірибесі және білімі жоқ адамдардың
пайдалануына арналмаған, ал пайдаланатын болса, олардың қауіпсіздігіне
жауапты адам оларды қадағалауы немесе құрылғыны пайдалану туралы
нұсқаулар беріп отыруы керек. 
• Балалардың зарядтағышпен ойнамауын қадағалау керек. 
Батарея жинағын зарядтайтын уақыт 
Бастапқы тасымалды батарея жинағы — Литий–ионды тасымалды батарея
жинағы жөнелту алдында ішініра зарядталған. Сақтау кезінде зарядты сақтау
және зақымды болдырмау үшін батарея жинағы «ұйқы режиміне» кіруге
бағдарламаланған. Батареяны ояту үшін шамамен он (10) секунд бойы жылдам
зарядтау керек. Батарея жинағын толығымен зарядталғанша зарядтағышта
қалдырыңыз. Батарея жинағын зарядтау үшін төмендегі  Батарея жинағын
зарядтау əдісі  бөлімін қараңыз. 
Қажет болған кезде — Қолжетімді зарядты тексеру үшін батарея зарядын өлшеу
түймесін басыңыз (E, Сурет 6 7) және қажет болған кезде зарядтаңыз.  Батарея
зарядын өлшеу  бөлімін қараңыз. 
Батарея жинағын зарядтау әдісі 
ЕСКЕРТУ
Зарядтағышты құрғақ күйде ұстаңыз. Батарея жинағына жаңбыр немесе
ылғалды жағдайлардың әсерін тигізбеңіз. 
1.
Зарядтағышты (F, Сурет 8 9) электр розеткасына жалғаңыз.  
2.
Тасымалды батарея жинағы: Батарея жинағын (G, Сурет 8) батареяны
зарядтау бөліміне (F) барынша сырғытыңыз. Қызыл зарядтау шамы жанбаса,
батарея жинағын алып, қайта орнатыңыз. Батарея жинағы батареяны
зарядтау бөлімінде тығыз отырғанын тексеріңіз. 
• Қызыл шам (A, Сурет 6) батарея жинағының қалыпты түрде зарядталып
жатқанын білдіреді. 
• Жасыл шам (B) батарея жинағы толығымен зарядталғанын көрсетеді. 
• Жыпылықтайтын қызыл шам (C) батарея жинағы тым ыстық немесе
тым суық екенін және зарядты қабылдамайтынын көрсетеді.
Батарея жинағын қосылған күйде қалдырыңыз және қалыпты жұмыс
температурасы жеткенде ол зарядталуын автоматты түрде бастайды.
Қалыпты жұмыс температурасы бойынша  Сипаттамалар  бөлімін
қараңыз. 
• Жыпылықтайтын қызыл/жасыл шамдар (D) батарея жинағы
зарядталмайтынын және оны ауыстыру керектігін көрсетеді. 
3.
Тасымалды батарея жинағы: Батарея «ұйқы режимінен» шамамен он (10)
секунд ішінде оянады. 
4.
Тасымалды батарея жинағы: Толығымен разрядталған батарея жинағы
шамамен бір (1) сағат ішінде толығымен зарядталады. Зарядтағышта
қалдырылса, батарея жинағы толығымен зарядталған күйде қалады. 
5.
Тасымалды батарея жинағы: Жасыл шам батарея жинағының толық
зарядталғанын білдірген кезде батарея жинағын зарядтағыштан алып
тастаңыз. 
6.
Кірістірілген батарея жинағы: Зарядтағыш ашасын (G, Сурет 9)
қозғалтқышқа жалғаңыз. 
148
7.
Кірістірілген батарея жинағы: Толығымен разрядталған батарея жинағы
шамамен төрт (4) сағат ішінде толығымен зарядталады.
8.
Кірістірілген батарея жинағы: Зарядтағышқа жалғанып, барлық дисплей
шамдары өшірулі болса, батарея толық зарядталған. Зарядтағышты
ажыратыңыз. 
9.
Қолжетімді зарядты тексеру үшін батарея зарядын өлшеу түймесін басыңыз
(E, Сурет 6 7). 
10.
Пайдаланбаған кезде зарядтағышты розеткадан ажыратыңыз. 
Батарея зарядын өлшеу 
Қолжетімді зарядты тексеру үшін батарея зарядын өлшеу түймесін басыңыз (E,
Сурет 6 7). Дисплей шамдары (H) батарея жинағында қалған жуықталған заряд
мөлшерін көрсетеді. 
Дисплей шамдары 
Төрт шам 
Үш шам 
Екі шам 
Бір шам 
Шам жыпылықтайды
Кірістірілген батарея жинағы: Зарядтағышқа жалғанып, барлық дисплей
шамдары өшірулі болса, батарея толық зарядталған. Зарядтағышты ажыратыңыз.
Қозғалтқышты оталдыру және өшіру
Суретті қараңыз: 10, 11, 12, 13
Қозғалтқышты оталдыру
ЕСКЕРТУ
Жанармай мен оның буы өте жанғыш және жарылғыш. 
Өрт немесе жарылыс салдарынан қатты күйіп қалу немесе өлім жағдайы
орын алуы мүмкін. 
Қозғалтқышты оталдырған кезде 
• Оталдыру білтесі, бәсеңдеткіш, жанармай қақпағы және ауа тазалағыш
(жабдықталған болса) орындарына мықтап бекітілгеніне көз жеткізіңіз. 
• Оталдыру білтесі алынып тұрғанда қозғалтқышты айналдырмаңыз. 
• Қозғалтқыш оталмай қалса, дроссельді (бар болса) АШЫҚ немесе ҚОСУ
күйіне қойып, дроссель жапқышын (бар болса) ЖЫЛДАМ күйіне қойып,
қозғалтқыш оталғанша оталдырыңыз. 
ЕСКЕРТУ
Батарея мен зарядтағышты орынсыз пайдалану электр тогының соғуына
немесе өртке әкелуі мүмкін. 
Пайдалану кезінде 
• Зарядтағышты құрғақ күйде ұстаңыз. Батарея жинағына жаңбыр немесе
ылғалды жағдайлардың әсерін тигізбеңіз. 
• Ток соғу қаупін азайту үшін айнымалы ток ашасына судың ағуына жол
бермеңіз. 
• Қысқа мерзімге тұйықтамаңыз; батарея түйіспелеріне ешбір зат қоймаңыз. 
ЕСКЕРТУ
УЛЫ ГАЗ ҚАУПІ. Қозғалтқыштан шығатын газда көміртегі монооксиді бар.
Ол – адамды бірнеше минутта өлтіре алатын улы газ. Ол көзге көрінбейді,
оның иісі мен дәмі жоқ. Сондықтан оны сезу МҮМКІН ЕМЕС. Шыққан
түтін иісін сезбесеңіз де, көміртегі монооксиді газын жұтуыңыз мүмкін.
Осы өнімді қолданған кезде құсқыңыз келсе, басыңыз айналса немесе
өзіңізді әлсіз сезінсеңіз, оны өшіріп, ДЕРЕУ таза ауаға шығыңыз. Дәрігерге
қаралыңыз. Көміртегі монооксидімен уланған болуыңыз мүмкін. 
• Бұл өнімді ТЕК сыртта, терезелер, есіктер және саңылаулардан аулақ жерде
қолданыңыз. Сөйтіп, көміртегі монооксиді газының жиналуы және тұрғын
үйлерге тартылуы қаупін азайтасыз. 
• Батареямен жұмыс істейтін немесе электр желісінен істеп, батареялардан
қосалқы түрде қуаттана алатын көміртегі монооксиді дабылдарын өндіруші
нұсқауларына сәйкес орнатыңыз. Түтін дабылдары көміртегі монооксиді
газын анықтай алмайды. 
• Бұл өнімді үйлерде, гараждарда, төлелерде, еден астындағы бос жерде,
қалқаларда немесе басқа жартылай жабық жерлерде ҚОЛДАНБАҢЫЗ, тіпті
ауа айналуы үшін желдеткіштерді қолдану немесе есік пен терезелерді ашып
Қолжетімді заряд 
75%-100% 
50%-75% 
25%-50% 
10%-25% 
Төмен 
BRIGGSandSTRATTON.com

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

093j00100000

Inhaltsverzeichnis