Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Maxwell MW-3020 B Betriebsanweisung Seite 19

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 12
• Тез сетінейтін шибарқыт және басқа да мата-
ларды тек бір бағытта сәл ғана басып (түктің
бағытымен) үтіктеу керек.
• Синтетикалық және жібек маталардағы
сетінейтін дақтардың пайда болуын болдыр-
мау үшін, оларды ішкі жағынан үтіктеңіз.
Үтіктеу температурасын белгілеу
• Үтікті тік негізіне (9) орнатыңыз.
• Желілік баудың айыртетігін ашалыққа
салыңыз.
• Реттегішті (11) бұрап, қажетті үтіктеу темпе-
ратурасын белгілеңіз: «•», «••», «•••» немесе
«MAX», сол кезде көрсеткіш (6) жанады.
• Үтіктің табаны (14) белгіленген температураға
дейін қызғанда, көрсеткіш (6) сөнеді, үтіктеуге
кірісуге болады.
Ескерту:
– Булы үтіктеу кезінде бу түзелудің қажетті
қарқындылығын бу беру реттегіші (4)
көмегімен орнату қажет.
Құрғақ үтіктеу
• Үтікті негізіне (9) қойыңыз.
• Желілік баудың айыр тетігін ашалыққа
қосыңыз.
• Реттегішті (11) бұрап, қажетті үтіктеу темпе-
ратурасын белгілеңіз: «•», «••», «•••» немесе
«MAX», ал тұрақты бу беру реттегішін (4) «0»
күйіне, сол кезде көрсеткіш (6) жанады.
• Үтік табанының температурасы белгіленген
температураға жеткенде, көрсеткіш (6) сөнеді,
үтіктеуге кірісуге болады.
• Үтікті пайдаланып болғаннан кейін темпера-
тура реттегішін «MIN» күйіне орнатыңыз.
• Желілік баудың айыр тетігін ашалықтан
ажыратыңыз және үтіктің толық салқындауын
күтіңіз.
Бумен үтіктеу
• Үтікті негізіне (9) қойыңыз.
• Желілік баудың айыр тетігін ашалыққа
қосыңыз.
• Сауытта (13) су жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз
• Реттегішті (11) бұрап, қажетті үтіктеу тем-
пературасын белгілеңіз: бумен жұмыс істеу
аймағында, «•••» немесе «MAX», сол кезде
көрсеткіш (6) жанады.
• Үтік табанының (14) температурасы белгіленген
температураға жеткенде, көрсеткіш (6) сөнеді,
үтіктеуге кірісуге болады.
MW-3020.indd 19
• Тұрақты бу беру реттегішімен (4) қажетті
бу түзу қарқындылығын белгілеңіз, бу үтік
табанының (14) саңылауларынан шыға
бастайды.
• Үтікті пайдаланып болғаннан кейін темпера-
тура реттегішін (11) «MIN» күйіне, ал тұрақты
бу беру реттегішін (4) «0» күйіне орнатыңыз.
• Желілік баудың айыр тетігін ашалықтан
ажыратыңыз және үтіктің толық салқындауын
күтіңіз.
Назар аударыңыз!
Егер жұмыс істеу уақытында тұрақты бу беру
болмаса, бу беру реттегіші (4) күйінің дұрыстығын
және сауытта судың болуын тексеріңіз.
Қосымша бу беру
Бу беру қызметі қыртыстарды үтіктеген кезде
пайдалы және үтіктеудің жоғары температуралы
режимінде ғана қолданыла алады (температура
реттегіші (11) «•••» немесе «МАХ» күйінде).
Бу беру батырмасын (5) басқанда бу үтік
табанынан шыға бастайды.
Ескерту:
– Судың бу саңылауларынан ағуын болдырмау
үшін қосымша бу беру батырмасын (5) 4-5
секунд аралығымен басыңыз.
Тігінен булау
Тік ылғалдау қызметі тек жоғары температуралы
үтіктеу режимінде (температура реттегіші (11)
«•••» немесе «МАХ» күйінде) ғана қолданыла
алады.
Үтікті киімнен 15-30 см қашықтықта тік ұстаңыз
және қосымша бу беру батырмасын (5) 4-5
секунд аралығымен басыңыз, бу үтік табанынан
(14) шыға бастайды.
Су бүріккіш
• Сіз бүріккіштің (3) батырмасына бірнеше рет
басып, матаны ылғалдай аласыз.
• Сауытта (13) су жеткілікті екеніне көз
жеткізіңіз.
Маңызды ақпарат
• Синтетикалық маталарды тік ылғалдау
ұсынылмайды.
• Ылғалдау кезінде матаның еруін болдырмау
үшін үтіктің табанын оған тигізбеңіз.
• Ешқашан
адамға
ылғалдамаңыз, себебі шығатын будың тем-
пературасы өте жоғары, плечиктерді немесе
киім ілгішті пайдаланыңыз.
19
ҚазаҚ
киілген
киімді
26.11.2012 12:36:22

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis