Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Hilti WSJ 750 Bedienungsanleitung Seite 140

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für WSJ 750:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
▶ Егер шаңды жинау және кетіруге арналған құрылғыларды қосу қарастырылған болса, олар
қосылғанына және мақсаты бойынша қолданылып жатқанына көз жеткізіңіз. Шаңды кетіру
модулін пайдалану шаңның зиянды әсерін азайтады.
▶ Өз мойныңызға қате қауіпсіздік сезімін алмаңыз және электр құралына арналған қауіпсіздік
ережелерін бұзбаңыз, тіпті электр құралын жиі қолданатын тәжірибелі пайдаланушы
болсаңыз. Мұқиятсыз қолдану бірнеше секундта ауыр жарақаттануға апарып соғуы мүмкін.
Электр құралын қолдану және оған қызмет көрсету
▶ Аспапқа шамадан тыс жүктеме түсуін болдырмаңыз. Нақ осы жұмысқа арналған электр
құралын қолданыңыз. Бұл ережені сақтау көрсетілген қуат диапазонында жоғарырақ жұмыс
сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
▶ Сөндіргіші бұзылған электр құралын қолданбаңыз. Қосу немесе өшіру қиын электр құралы
қауіпті және оны жөндеу керек.
▶ Электр құралын реттеуге, саймандарды ауыстыруға кірісу алдында немесе жұмыстағы үзіліс
алдында розеткадан ашаны және/немесе электр құралынан алмалы-салмалы аккумуляторды
шығарыңыз. Бұл сақтық шарасы электр құралының кездейсоқ қосылуын болдырмайды.
▶ Қолданылмайтын электр құралдарын балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Аспаппен таныс
емес немесе осы нұсқауларды оқып шықпаған адамдарға аспапты пайдалануға рұқсат
бермеңіз. Электр құралдары тәжірибесі жоқ пайдаланушылардың қолында қауіпті болады.
▶ Электр құралдары мен керек-жарақтарға ұқыпты қараңыз. Айналмалы бөліктердің мүлтіксіз
қызмет ететінін, олардың жүрісінің жеңілдігін, барлық бөліктердің тұтастығын және электр
құралының жұмысына теріс әсер етуі мүмкін зақымдардың жоқтығын тексеріңіз. Аспаптың
зақымдалған бөліктерін оны қолдану алдында жөндеуге өткізіңіз. Электр құралына техникалық
қызмет көрсету ережелерін сақтамау көп сәтсіз жағдайлардың себебі болып табылады.
▶ Кескіш аспаптардың үшкір және таза болуын қадағалау керек. Жұмыс күйінде сақталатын
кескіш аспаптардың сыналануы сиректеу болады, оларды басқару жеңілдеу.
▶ Электр құралын, саймандарды, көмекші құрылғыларды және т.б.
пайдаланыңыз.
Бұл кезде жұмыс жағдайларын және орындалатын жұмыстың сипатын
ескеріңіз. Электр құралдарын басқа мақсаттарда қолдану қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін.
▶ Тұтқыштар мен тұтқыш беттерін таза, құрғақ, май іздерінсіз ұстаңыз. Сырғанақ тұтқыштар мен
олардың беттері белгілі бір жағдайларда электр құралының қауіпсіз қолданылуы мен басқарылуына
жол бермейді.
Қызмет көрсету
▶ Электр құралын жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті
қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз. Бұл электр құралын қауіпсіз күйде сақтауды қамтамасыз
етеді.
2.2
Поршеньді кескіш дискісі бар араларға арналған қауіпсіздік нұсқаулары
▶ Электр құралы жасырын қуат сымдарымен немесе өзінің байланыс сымымен жанасуы мүмкін
жұмыстарды орындау кезінде электр құралын оқшауланған тұтқа беттерінен ұстап тұрыңыз.
Электр сымдарына тигенде аспаптың қорғалмаған металл бөліктері кернеу астында болады. Бұл
электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
▶ Дайындаманы қысқыш немесе басқа құралдың көмегімен тұрақты астыңғы бетке бекітіп
тіркеңіз.
Дайындаманы тек қана қолмен немесе денеңізге қысып ұстаған кезде, бақылау
мүмкіндігінен айырылуыңыз мүмкін.
2.3
Қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша нұсқаулар
Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Аспап конструкциясына өзгертулер енгізуге және оны модификациялауға тыйым салынады.
▶ Электр құралы жасырын электр сымдарды немесе желілік кабельді зақымдау қаупі болғанда
электр құралын оқшауланған беттерінен ұстаңыз.
қорғалмаған металл бөліктері кернеу астында болады. Бұл электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
▶ Қорғауыш құлаққапты киіңіз. Шу әсерінің нәтижесінде есту қабілеті жоғалуы мүмкін.
▶ Егер жұмыс кезінде шаң көтерілсе, респираторды қолданыңыз.
▶ Жұмыс уақытында қолдар терлемеуі үшін саусақтарды босату және жаттықтыру үшін
үзілістер жасаңыз.
▶ Аспапты әлсіз адамдарға нұсқаусыз пайдалануға тыйым салынады.
▶ Аспапты балалардан алшақ ұстаңыз.
132
Қазақ
нұсқауларға сай
Электр сымдарына тигенде аспаптың
377836
*377836*

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Wsj 850

Inhaltsverzeichnis