Herunterladen Diese Seite drucken

OSRAM HF LS LI Bedienungsanleitung Seite 15

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für HF LS LI:

Werbung

HF LS LI
KZ
Бұл өнім шырағдандарға арналған жа-
рықты басқару жүйелерімен бірге пайдалану
үшін жасалған. Осы нұсқауларда көрсетіл-
меген кез келген пайдалану жолдары пайда-
лану мақсатына сәйкес келмейді.
HF LS LI датчигін монтаждау және алғашқы
пайдалану алдында пайдалану нұсқауларын
мұқият оқып шығыңыз.
• Өнімнің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз
ету үшін түпнұсқа OSRAM жалғағыш ка-
бельдері пайдаланылуы тиіс.
• Датчикті сыртқы кернеумен, әсіресе желі
кернеуімен зарядтау құрылғының бұзылуы-
на себеп болады,
Радарлы датчик – Жеке құрамдастарының
атаулары (1-суретті қараңыз):
(1) HF LS LI датчигі; (2) Радарлы антенналар-
дың тарату / қабылдау аймағы; (3) Инфрақы-
зыл қабылдағыш / Жарық диодты дисплей;
(4) Жарық датчигі; (5) Бекіту саңылауы (Ø 4,2 мм,
M4 бұрандасы үшін); (6) Жалғағыш розетка
(4p4c қуат кабелі үшін)
Қосылым:
4p4c жалғағыш кабелі басқару блогындағы/
жалғастырғыштағы және датчиктегі арнайы
розеткаға жалғанады (4-суретті қараңыз).
Датчик пен басқару блогы Master Remote
қашықтан басқару пультімен инфрақызыл
сигналдар арқылы конфигурацияланады
(3 және 5-суреттерді қараңыз)
Монтаждау (6-суретті қараңыз):
HF LS LI датчигі шырағдандарды орнату үшін
арнайы жасалған. Жалғағыш кабель шырағ-
данның сыртына орнатылған жағдайда тар-
тылып тұрмауы тиіс. Өтпелі бағдарламалар-
да ең үлкен қозғалысты анықтау ауқымы
радарлы антенна анықталатын нысандардың
қозғалыс бағытына сәйкес тураланғанда
(мысалы, қабырғаға немесе төбеге мон-
таждау кронштейні арқылы орнату) жүзеге
асырылады.
(1) Шырағдандарға орнату; (2) Төбеге орнату;
(3) Монтаж кронштейнін пайдалану; (4) Қабы-
рғаға орнату
Анықтау ауқымы:
Датчиктің анықтау ауқымы кеңістік жағдай-
ларына байланысты (7, 8a, 8b және 8c сурет-
терін қараңыз). Қозғалысты анықтау функ-
циясын орнатуға болады/орнату қажет.
Ескертпе: Қозғалысты анықтау радарлы сиг-
налдар арқылы жүзеге асады. Олар бейме-
талл материалдардың (мысалы, шырағдан-
дардың пластмасса қақпақтарының) ішіне
енеді. Мысалы, жеңіл қоршаулар анықтау
ауқымына шектеу қоймайды. Осылайша,
датчик сигналдары осындай қабырғалардың
артындағы жылжымалы нысандарға да жа-
уап береді (7-суретті қараңыз). Анықтау
сезімталдығын/ауқымын қашықтан басқару
пультімен өзгертуге болады.
Функция және параметрлер:
Master Remote қашықтан басқару пульті (9-су-
ретті және бөлек нұсқауларды қараңыз):
15
Анықтау ауқымын қолмен конфигурациялау:
1. Бағдарламалау режимін іске қосу үшін
[PROG] түймесін өте ұзақ басыңыз.
2. Анықтау ауқымын қолмен конфигурация-
лау үшін ішкі сақина бөлігіндегі [3] түймесін
қысқаша басыңыз. Бұл ауқымды орташа
мәнге автоматты түрде орнатады.
3. [4], [5] және [7] - [14] аралығындағы түйме-
лерді қысқаша басу арқылы ауқымды
төмендегі кестеге сәйкес өзгертіңіз.
4. Қолмен конфигурациялау мәзірінен [PROG]
түймесін ұзақ басу арқылы шығуға болады.
Сондай-ақ бұл мәзір соңғы анықталған
қозғалыстан кейін автоматты түрде 60
секундтан соң жабылады.
Анықтау сезімталдығы/ауқымы параметрлері:
• -5 (ең азы): [5] түймесін қысқаша басыңыз
• -4: [7] түймесін қысқаша басыңыз
• -3: [8] түймесін қысқаша басыңыз
• -2: [9] түймесін қысқаша басыңыз
• -1: [10] түймесін қысқаша басыңыз
• 0 (орташа): [3] түймесін қысқаша басыңыз
• +1: [11] түймесін қысқаша басыңыз
• +2: [12] түймесін қысқаша басыңыз
• +3: [13] түймесін қысқаша басыңыз
• +4: [14] түймесін қысқаша басыңыз
• +5 (ең көбі): [4] түймесін қысқаша басыңыз
Анықтау сезімталдығын тексеру:
1. Бағдарламалау режимін іске қосу үшін
[PROG] түймесін өте ұзақ басыңыз.
2. [6] түймеcін қысқаша басу арқылы сынақ
режимін таңдаңыз.
3. [PROG] түймесін қысқаша басу арқылы
сынақ режимін іске қосыңыз.
4. Басқару блогының 60 секундтық сынақ
режимі: қозғалыс анықталған бойда жа-
рықтандыру (барынша). Соңғы қозғалы-
стан кейінгі 1 секундты барынша аз мәнге
қайта өзгертіңіз. Сынақ режимінің
ұзақтығы әр қозғалыстан кейін 60 секундқа
қайта орнатылады.
5. Сынақ режимінен [PROG] түймесін қысқа-
ша басу арқылы шығыңыз. Бұл режим
сондай-ақ соңғы анықталған қозғалыстан
кейін 60 секундтан соң автоматты түрде
жабылады.
Діріл сезімталдығын орнату:
Дірілден туындаған қате іске қосуды болды-
рмау үшін діріл сезімталдығын орнатыңыз.
1. Бағдарламалау режимін іске қосу үшін
[PROG] түймесін өте ұзақ басыңыз.
2. Діріл сезімталдығы конфигурациясын
таңдау үшін [2] түймесін (қашықтан басқа-
ру пультіндегі ішкі сақина бөлімін) қысқаша
басыңыз.
3. [15] бастап [20] дейінгі түймелерді қысқаша
басу арқылы діріл сезімталдығын орна-
тыңыз (кестені қараңыз).
4. Бағдарламалау режимінен [PROG] түймесін
қысқаша басу арқылы шығыңыз. Бұл ре-
жим сондай-ақ соңғы анықталған қозға-
лыстан кейін 60 секундтан соң автоматты
түрде жабылады.
Діріл сезімталдығы параметрлері:
• Дірілді анықтау функциясы өшірулі: [20]
түймесін қысқаша басыңыз
• Минималды: [15] түймесін қысқаша басыңыз
• Орташа (зауыттық әдепкі параметр): [16]
түймесін қысқаша басыңыз
• Жоғары: [17] түймесін қысқаша басыңыз
• Өте жоғары: [18] түймесін қысқаша басыңыз
• Максималды: [19] түймесін қысқаша ба-
сыңыз
Маңызды ескертпе:
Датчикті орнатқаннан кейін немесе оның
орнын өзгерткеннен/қайта туралағаннан
кейін, діріл сезімталдығын міндетті түрде
қалыпты қозғалысты анықтау белсенді
болғанға дейін орнату қажет.
Датчиктің жарық диодты сигналдары: Жарық
диодты дисплей (қызыл / жасыл) (1-суретті
қараңыз, (4)):
• Жасыл жарық диоды жыпылықтаса: қозға-
лыс анықталды
• Жасыл жарық диоды үздіксіз жанып тұрса:
демалыс режимі белсенді (қозғалысты
анықтау уақытша өшіріледі)
• Қызыл жарық диоды 3 рет жыпылықтаса
қашықтан басқару пультінің инфрақызыл
сигналы қабылданды
• Қызыл жарық диоды 1 рет жыпылықтаса:
діріл анықталды
• Қызыл жарық диоды үздіксіз жанып тұрса:
алғашқы 100 сағатта күңгірттендіруге бол-
майды
DALIeco басқару блогының конфигурациясы
-> бөлек нұсқаулар
DALI HF LS LI датчигінің жалғастырғышымен
жұмыс істеу -> бөлек нұсқаулар
Керек-жарақтар (3-суретті қараңыз):
(1) 4p4c жалғағыш кабельдері, алдын ала
жиналған жалғағыш кабель (қаптамада
50 дана). 0,25 м: EAN 4008321660145; 0,5 м:
EAN 4008321660152; 1,0 м: EAN 4008321660169;
2,0 м: EAN 4008321660190; (2) DALIeco control,
шырағданға және төбеге орнатуға арналған 2
арналы DALI басқару блогы, EAN 4008321988645;
(3) User remote, пайдаланушыға арналған
қашықтан басқару пульті, EAN 4008321826435;
(4) Master remote, конфигурациялық қашықтан
басқару пульті, EAN 4008321988669; (5) DALI
HF LS LI датчигінің жалғастырғышы, EAN
4052899141735
Техникалық деректер:
• Сигнал жиілігі: 24,0 - 24,25 ГГц
• Сәулелену қуаты: 16 дБм / 40 мВт
• Жарық датчигінің жұмыс істеу ауқымы:
20 - 800 лк (датчикте өлшенген)
• Қозғалысты анықтау ауқымы: Адамдар: ең
көбі 15 м / көліктер: ең көбі 25 м
• Жалғағыш кабель: Тек OSRAM кабельдерін
ғана пайдаланыңыз.
• Кабельдің ұзындығы: макс. 2 м
• :Қалыпты температура ауқымы: -20 - +50°C
Осымен OSRAM GmbH компаниясы HF LS LI
радио құрылғыларының 2014/53/EU дирек-
тивасына сәйкестігін мәлімдейді. ЕО сәй-
кестік декларациясының толық мәтіні мына
Интернет мекенжайында бар: www.osram.
com/lms-ce.
Техникалық қолдау:
www.osram.ru, +7 495 935 7070

Werbung

loading