Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

3M Peltor WS Alert XP Bedienungsanleitung Seite 184

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für Peltor WS Alert XP:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 22
3:9 Bluetooth арқылы жұптау
Гарнитураны A2DP, HFP немесе HSP профильдерін қолдайтын Bluetooth құрылғыларымен жұптап,
қосуға болады. Стерео дыбысты/музыканы тек A2DP Bluetooth профилін қолдайтын құрылғы (қалта
телефоны, компьютер және т.б.) арқылы ағынмен ойнатуға болатынын ескеріңіз.
Гарнитурада жеткілікті батарея қуаты бар екеніне және өшірулі екеніне көз жеткізіңіз.
On/Off/Mode түймесін (A:14) 5 секунд бойы басып тұрыңыз. Бұл гарнитураны қайталанатын дауыс
хабарламасы арқылы расталатын жұптау режиміне қояды: «Bluetooth pairing mode» (Bluetooth
жұптау режимі).
Телефоныңыздағы Bluetooth функциясын іске қосып, жаңа құрылғыларды іздеңіз. Бірнеше
секундтан кейін экранда «Peltor WS5» белгісі пайда болады.
«Peltor WS5» белгісін таңдаңыз.
Егер телефон құпия сөз сұраса, мына кодты енгізіңіз: 0000
Жұптау мына дауыс хабарламасын естіген кезде расталады: «pairing complete» (жұптау аяқталды).
Bluetooth жұптау функциясы іске қосылғаннан кейін, бұл функция келесі рет пайдаланылғанда
гарнитурамен байланысты автоматты түрде орнатады, «connecting Bluetooth (Bluetooth арқылы
қосылуда) растау дауыс хабарламасы естіледі, содан кейін «connected» (байланыс орнады) деген
растау дауыс хабарламасымен автоматты түрде гарнитурамен байланыс орнатады. 4 құрылғыға дейін
жұптап, сақтауға болады. Гарнитура алдымен ең соңғы байланысқан құрылғымен автоматты түрде
байланысуға тырысады.
3:10 Телефон қоңырауларын басқару
Телефон қоңырауларын басқару үшін гарнитура Bluetooth мүмкіндігі бар қалта телефонымен
жұпталып, байланысуы керек. «Bluetooth арқылы жұптау» бөлімін қараңыз.
Қоңырауларға жауап беру
Кіріс телефон қоңыраулары гарнитурадағы қоңырау үнімен білдіріледі. Bluetooth түймесін (A:18) тез
басып қалу арқылы жауап беріңіз.
Қоңырауды қабылдамау
Қоңырауды Bluetooth түймесін (A:18) басып тұру арқылы қабылдамаңыз.
Дауыспен нөмір теру
Bluetooth түймесін (A:18) тез басып қалыңыз.
Дауыспен нөмір теруді барлық телефондар қолдай бермейді. Дауыспен нөмір теруді іске қосу және
ажырату туралы ақпаратты телефонның пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
Қайта теру
Bluetooth түймесін 2 секунд бойы басып тұрыңыз (A:18).
Қоңыраудың дыбыс деңгейін реттеу
Сөйлесу кезінде дыбыс деңгейін (+) немесе (–) түймесін басу арқылы реттеуге болады. Сөйлесу
кезінде айналадағы дыбыс деңгейін реттеу үшін On/Off/Mode түймесін (A:14), содан кейін (+) немесе (–)
түймесін басыңыз.
3:11 Ағындық музыканың дыбыс деңгейін реттеу
Ағындық музыканың дыбыс деңгейін (+) немесе (–) түймесін басу арқылы реттеуге болады.
Музыканы ағын арқылы ойнатып жатқанда айналадағы дыбыс деңгейін реттеу үшін On/Off/Mode
түймесін (A:14) тез басып қалыңыз, содан кейін (+) немесе (–) түймесін басыңыз.
3:12 Конфигурация мәзіріндегі параметрлерді өзгерту
Гарнитурада параметрлерді реттеуге болатын конфигурация мәзірі болады.
Гарнитура өшірілгенде, соңғы параметрлер сақталады.
Бұл мәзірге кіру үшін мәзір түймесін (A:17) 4 секунд бойы басып тұрыңыз (гарнитура қосулы күйде).
Дауыспен айту арқылы расталатын конфигурациялау мәзіріне кіру мүмкіндігі мынадай дауыспен
расталады: «menu» (мәзір). Параметрлерді өзгерту үшін (–) және (+) түймелерін пайдаланыңыз.
Конфигурация мәзірінде жылжу үшін мәзір түймесін (A:17) тез басып қалыңыз.
Конфигурациялау мәзірі 10 секунд пайдаланылмағаннан кейін автоматты түрде жабылады.
3:12:1 Bass Boost (Басты күшейту)
Басты күшейту функциясы ағындық стерео музыкаға толығырақ бас дыбысын береді.
KZ
177

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis