Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

3M Peltor WS Alert XP Bedienungsanleitung Seite 182

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für Peltor WS Alert XP:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 22
KZ
3M
Peltor
WS
Alert XP
Бұл өнім жеке қорғаныс жабдықтары (PPE) туралы 89/686/EEC директивасына сайт тексерілген және
бекітілген, сондай-ақ, CE таңбалауы туралы R&TTE 1999/5/EC директивасына сәйкес. Қолданар алдында
осы нұсқауларды мұқият оқып, келешекте анықтама ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
1. БӨЛШЕКТЕРДІҢ АТАУЛАРЫ
(A:1) Доға сымы (тот баспайтын болаттан жасалған)
(A:2) Екі нүктелі бекіткіш (ацетальдық)
(A:3) Құлақ жастықшасы (ПВХ пленка мен полиэстер көбік)
(A:4) Айналадағы дыбысқа арналған микрофон
(A:5) Шудан оқшаулау жастықшасы (полиуретан көбік)
(A:6) Ішкі қабық
(A:7) Сыртқы қабық
(A:8) Қысқыш
(A:9) Доға сымы (ПВХ фольгасы)
A:10) Доға сымының аралық қабаты
(A:11) AUX аудио кірісі, 3,5 мм стерео
(A:12) Сөйлеу микрофонының кірісі, J22
(A:13) Зарядтағыш ұясы
(A:14) On/Off/Mode (Қосу/Өшіру/Режим)
(A:15) VOL +
(A:16) VOL –
(A:17) Мәзір
(A:18) Bluetooth/PTT
(A:19) Сөйлеу микрофоны
(A:20) Қайта зарядталмайтын AA сілтілі батареялары
2. ОРНАТУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ
МАҢЫЗДЫ! Тиімді түрде қорғауы үшін құлақ айналасындағы шашты алып, құлақ жастықшаларының
басқа тығыз тиіп тұруын қамтамасыз етіңіз. Көзілдіріктің жиектемесі мүмкіндігінше жіңішке және
акустикалық ағып кетуді азайту үшін басқа тығыз жанасуы тиіс.
Доға:
(B:1) Қаптарды сырғытып шығарыңыз. Сымдарын доғадан әрі орналастырылатын етіп қаптың жоғары
бөлігін сыртқа қарай еңкейтіңіз.
(B:2) Доғаны ұстап тұрып, қаптарды жоғары немесе төмен сырғыту арқылы олардың биіктігін реттеңіз.
(B:3) Доға сымы бастың үстінде кесе-көлденең тұруы керек.
Дулыға таққышы:
(B:4) Дулыға таққышын дулығадағы тесікке салып, орнына сырт еткізіп түсіріңіз. Құрылғыны желдету
режимінен жұмыс режиміне ауыстыру үшін, доға сымдарын екі жақта да сырт еткен дыбыс естілгенше
ішке қарай басыңыз. Жұмыс режиміндегі қап және доға сымдары дулығаның шетіне басып тұрмағанын
тексеріңіз, әйтпесе шу өтуі мүмкін.
Ескертпе: Қаптарды екі күйге орнатуға болады: (B:5) жұмыс режимі және (B:6) желдету режимі.
3. ҚОЛДАНУ/ФУНКЦИЯЛАРЫ
3:1 Өніммен бірге берілген батареяларды салу
Сол жақ сыртқы қапты алыңыз.
(C:1) Үшкір емес құралды немесе саусақты қысқыштың жиегінің астына салып, сыртқа 3–4 мм тартыңыз.
(C:2) Қысқышты төмен басыңыз/сырғытыңыз. Қапты алыңыз.
Өніммен бірге берілген қайта зарядталмайтын AA сілтілі батареяларын салыңыз.
Батарея полюстері дұрыс тураланғанына көз жеткізіңіз.
175

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis