Herunterladen Diese Seite drucken

Kärcher SC 1 Upright Originalbetriebsanleitung Seite 113

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für SC 1 Upright:

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
3. Құрылғы тұтқасын толығымен аяғына дейін
негізгі құрылғыға кигізіңіз. Орнына түскенде сырт
еткен дауыс шығуы керек.
4. Құрылғының тұтқасы құрылғыға мықтап орнығуы
керек.
Сурет B
Еден тазалайтын шүберекті орнату
1. Еден тазалайтын шүберекті құрылғының басына
тіркеңіз.
a Жабысқақ жолақтары жоғары қарап
тұратындай, еден тазалайтын шүберекті
орнатыңыз.
b Құрылғының басын еден тазалайтын
шүберекке қойыңыз да, үстінен ақырын
басыңыз.
Сурет G
Жабысқақ таспаның арқасында еден тазалайтын
шүберек құрылғының басына өзі жабысып
қалады.
Алғаш реті іске қосу
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Қақ себебінен құрылғының зақымдалуы
Əрдайым тек қақтан тазарту картриджімен
жұмыс істеңіз.
1. Су резервуарының бекіткіш ілмегін жоғары қарай
басып, су резервуарын шығарып алыңыз.
Сурет C
2. Қақтан тазарту картриджін шешіп алыңыз.
3. Ескерту жапсырмасына қақтан тазарту
картриджін алғаш пайдаланған күнді жазып
қойыңыз.
Нұсқау
Суға төзімді қаламмен жазыңыз.
4. Қақтан тазарту картриджін құрылғыға салып,
орнына түскенше, мықтап басыңыз.
Нұсқау
Қақтан тазарту картриджін 4 айдан кейін немесе
шамамен 15 л су қолданғаннан кейін ауыстырыңыз.
Пайдалану
Су толтыру
Су резервуарын кез келген уақытта толтыруға
болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Бак қақпағының жабылмауынан немесе су
багының бекітілмеуінен зақымдану
Егер бактың қақпағы дұрыс жабылмаған болса
немесе су багы құрылғыға дұрыс салынбаса,
сұйықтық ағып кетуі жəне еденге зақым келтіруі
мүмкін.
Су багы толып тұрғанда бактың қақпағы сенімді
жабылғанына жəне су багы құрылғыға дұрыс
салынғанына көз жеткізіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Құрылғыны зақымдау
Сəйкес емес су саңылауларды бітеуі мүмкін.
Киімді кептіргіштегі конденсатты суды
пайдаланбаңыз.
Жиналған жаңбыр суын қолданбаңыз.
Құрылғыға тазалау құралын немесе басқа қоспа
(мыс., хош иістендіргіш) құймаңыз.
Су резервуарын тікелей құрылғыда толтыру
1. Құрылғыны мықтап ұстаңыз.
2. Резервуардың қақпағын ашып, оны жанына
қарай жатқызыңыз.
3. Максимум 0,2 л ағын суды тікелей құрылғыға
құйыңыз.
Сурет D
4. Резервуардың қақпағын жабыңыз.
Толтыру үшін су резервуарын шығарып алу
1. Су резервуарының бекіткіш ілмегін жоғары қарай
басып, су резервуарын шығарып алыңыз.
2. Резервуардың қақпағын ашып, оны жанына
қарай жатқызыңыз.
3. Максимум 0,2 л ағын су құйыңыз.
Сурет E
4. Резервуардың қақпағын жабыңыз.
5. Су қоймасын салып, орнына түскенше, мықтап
басыңыз.
Қуат кабелін ағыту
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі
Егер желі кабелі толығымен тарқатылмаса,
диапазонның шамадан тыс арту жəне желі
кабелінің созылып, зақымдалу қаупі бар.
Желі кабелін толығымен тарқатыңыз.
Нұсқау
Кабельді алу үшін төменгі кабель ұстағышын 360°
айналдыруға болады. Жоғарғы кабель ілгегі
айналдыру мүмкін емес.
1. Төменгі кабель ұстағышын жоғары қарай
бұраңыз.
2. Қуат кабелін кабель ілгегінен толығымен алып
тастаңыз.
3. Тазалап жатқанда, басып кетпеу үшін кабельді
жоғарғы ілмектің бекіткішіне бекітіңіз.
Сурет F
---
Қақтан тазарту картриджін алып тастап, қайта
салғаннан кейін бірінші рет бумен тазалап
жатқанда, бу ағыны əлсіз немесе дұрыс емес болуы
мүмкін жəне жекелеген су тамшылары шығып
кетуі мүмкін. Қақтан тазарту картриджі толып
үлгеруі үшін, құрылғы біраз уақыт жұмыс істеп
тұруы керек. Шамамен 20 секундтан кейін шыққан
будың көлем максималды деңгейге жеткенге дейін
шығатын бу біртіндеп артып отырады.
1. Құрылғыны қатты жерге қойыңыз.
Сурет H
2. Ашасын розеткаға тығыңыз.
3. Қуат индикаторы жасыл түспен жанып тұрады.
Сурет I
Шамамен 30 секунд күткен соң, құрылғыны
пайдалана беруге болады.
4. Буды қосу/өшіру тетігін аяқпен басыңыз. Бу
шығады.
Сурет J
Суды қайта толтыру
Нұсқау
Су бітіп қалса, помпадан қатты дауыс шығады
жəне будың шығып жатқаны байқалмайды.
Суды қайта толтырған кезде, қақтан тазарту
картриджі құрылғыға бекітіліп тұра береді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Бұл құрылғыда помпаның сусыз жұмыс істеуінен
қорғайтын жүйесі бар. Мысалы қақтан тазарту
Қазақша
Құрылғыны қосу
113

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

Kst 1 upright