Herunterladen Diese Seite drucken

Kärcher SC 1 Upright Originalbetriebsanleitung Seite 114

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für SC 1 Upright:

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
картриджі жəне су резервуары дұрыс
орнатылмағандықтан, помпа ұзақ уақыт бойы
құрғақтай жұмыс істейтін болса, помпа қызып
кетіп, өшіп қалады. Құрылғымен қайта жұмыс
істеу үшін, құрылғыны өшіріп, шамамен 10 минут
помпаның суығанын күту керек. Бұл процесте
картридж бен су резервуары дұрыс салынғанына
жəне су резервуарындағы су жеткілікті екеніне көз
жеткізуіңіз керек.
 Буды қосу/өшіру тетігін аяқпен басыңыз. Бу
бірнеше секундтан кейін тоқтайды.
 Резервуардың қақпағын ашып, құрылғыға
бекітіліп тұрған жерінен су резервуарына
максимум 0,2 л ағын су құйыңыз.
Сурет D
немесе
 Су резервуарын алыңыз, резервуар қақпағын
ашыңыз жəне оған максимум 0,2 л ағын су
құйыңыз, мына тарауды қараңыз: Су толтыру.
Сурет E
Жұмысты уақытша тоқтату
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Конденсат/ылғал əсерінен материалдық зақым
Тазалау жұмыстарынан кейін, еденді тазалайтын
шүберекте немесе құрылғыда қалып қойған
ылғалға байланысты еденнің беті зақымдалуы
мүмкін.
Тазалау жұмыстарын орындап болған соң, еденді
тазалайтын шүберекті алып тастаңыз жəне
құрылғыны құрғатыңыз.
Құрылғыны ыстыққа төтеп бере алмайтын
жерлерге қоймаңыз немесе ондай жерлерде
сақтамаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Материалдың жəне құрылғының зақымдалуы
Құрылғы қозғалыссыз тұрса, тұрақты түрде
шығып тұратын будан еденнің беті жəне құрылғы
зақымдалуы мүмкін.
Шығып бара жатсаңыз, міндетті түрде
құрылғыны өшіруді ұмытпаңыз.
Буды қосу/өшіру тетігін аяқпен басыңыз. Бу бірнеше
секундтан кейін тоқтайды.
Жұмыс істеп жатып, 20 минуттан астам уақыт үзіліс
жасағыңыз келсе, қуатты үнемдеу үшін, құрылғыны
өшіріп қойғаныңыз жөн.
1. Буды қосу/өшіру тетігін аяқпен басыңыз. Бу
бірнеше секундтан кейін тоқтайды.
2. Қуат ашасын розеткадан суырыңыз.
Сурет K
3. Құрылғыны қойып қойыңыз.
Сурет H
Құрылғыны өшіру
1. Буды қосу/өшіру тетігін аяқпен басыңыз. Бу
бірнеше секундтан кейін тоқтайды.
2. Қуат ашасын розеткадан суырыңыз.
Сурет K
3. Су резервуарын ағызу үшін мына тарауды
қараңыз: Су резервуарын төгу.
Сурет L
Құрылғыны сақтау
1. Еденді тазалайтын шүберекті алып тастау үшін
мына тарауды қараңыз: Қондырмаларды
қолдану.
Сурет G
2. Құрылғыдан ылғалды кетіріңіз.
114
3. Төменгі жəне жоғарғы кабель ілмектеріне қуат
кабелін ораңыз.
Сурет M
4. Құрылғыны мұз қатпайтын құрғақ жерде
сақтаңыз.
Қолдануға арналған маңызды
Еден аймақтарын тазалау
Құрылғыны пайдаланбас бұрын еденді сүртіп,
шаңын сорып алғаныңыз жөн. Сонда ылғалды
тазалау процесінен бұрын, еденде кір жəне бөгде
заттар болмайды.
Бұл құрылғы жууға болатын еден жабындарын
(мысалы, тас едендер, кафельдер жəне ПВХ
едендері) жəне паркет пен ламинат сияқты
герметикалық ламинат едендерді тазалауға
жарамды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Бу əсерінен пайда болатын зақым
Ыстық жəне будың əсерлері зақымға əкеліп соғады.
Пайдаланбас бұрын аз ғана көлемін пайдаланып
көріп, көрінбейтін аймақта оның ыстыққа
қаншалықты төзімді екенін жəне будың əсерін
тексеріңіз.
Герметикалық ағаш едендерде буды бір жерге ұзақ
уақыт бойы қолдануға болмайды.
Нұсқау
Тазартылатын беттегі тазартқыш құралдардың
немесе күтім көрсетуге арналған эмульсиялардың
қалдығы бумен тазалаған кезде жолақтардың
пайда болуына əкелуі мүмкін, бірақ олар көп рет
пайдаланғаннан кейін жойылады.
АБАЙЛАҢЫЗ
Аяғыңыз күйіп қалуы мүмкін, абайлаңыз
Бу шыққан кезде, құрылғының басы/еден
тазалайтын шүберек қызып кетеді.
Еден тазалайтын шүберекті тартып алғанда,
ыстық су тамып кетуі мүмкін.
Құрылғымен жұмыс істегенде немесе құрылғының
басын/еден тазалайтын шүберекті алып
жатқанда, арнайы аяқ киім киіңіз.
Еден тазалайтын шүберекті еден құрылғының
басына бекіту үшін мына тарауды қараңыз:
Қондырмаларды қолдану
Қондырмаларды қолдану
Еден тазалайтын шүберек
Бұл еден тазалайтын шүберек тас едендерді,
кафельдерді жəне ПВХ едендерін, сонымен қатар
паркет пен ламинат сияқты герметикалық ламинат
едендерді тазалауға жарамды.
Еден тазалайтын шүберекті алып тастау
Нұсқау
Еден тазалайтын шүберекті алып тастамас
бұрын, құрылғыны міндетті түрде өшіріңіз.
1. Бір бұрышын еден тазалайтын шүберектің
астыңғы бұрышына қойыңыз да, құрылғының
басын көтеріңіз.
Сурет G
Нұсқау
Бастапқыда еден тазалайтын шүберектің
жабысқақ таспасы өте мықты болады жəне оны
құрылғының басынан жұлып алу оңайға соқпайды.
Еден тазалайтын шүберек бірнеше рет
Қазақша
ескертулер

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

Kst 1 upright