Herunterladen Diese Seite drucken

Kärcher SC 1 Upright Originalbetriebsanleitung Seite 115

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für SC 1 Upright:

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
қолданылып, жуылған соң, оны құрылғының
басынан оңай жұлып алуға болады жəне ол
оңтайлы жабысқақтық деңгейге жетеді.
Күтім жəне техникалық қызмет
көрсету
Су резервуарын төгу
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Құрылғының судың тұрып қалуынан
зақымдалуы
Құрылғы 2 айдан астам уақытқа қолданылмайтын
болса, бактағы судың бұзылып бастауы мүмкін.
Құрылғыны пайдаланудағы ұзақ үзілістерден
бұрын, бакті босатып қою керек.
1. Су резервуарын алыңыз да, қақпағын ашыңыз.
2. Су резервуарын төгіп тастаңыз.
Сурет L
Қақтан тазарту картриджін ауыстыру
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Құрылғының зақымы мен қызмет көрсету
мерзімінің қысқаруы
Қақтан тазарту картриджін 4 айдан кейін немесе
шамамен 15 л су қолданғаннан кейін ауыстырыңыз.
Егер қақтан тазарту картриджін уақытылы
ауыстырып тұрмасаңыз, құрылғы зақымдалуы
мүмкін жəне құрылғының қызмет ету мерзімі
қысқаруы ықтимал.
Нұсқау
Ескерту жапсырмасына қақтан тазарту
картриджін алғаш пайдаланған күнді жазып
қойыңыз. Суға төзімді қаламмен жазыңыз.
Нұсқау
Бакты суға толтырып, құрылғыны іске қосқаннан
кейін, қақтан тазарту картриджінің қаққа қарсы
əрекеті іске қосылады. Судағы қақ қақтан тазарту
картриджіндегі түйіршіктермен сіңіріледі.
Қосымша қақтан тазарту талап етілмейді.
Нұсқау
Қақтан тазарту картриджіндегі түйіршіктер
сумен жанасқаннан кейін түсі өзгеруі мүмкін, бұл
судың құрамында минералдардың болуына
байланысты. Мұндай түс өзгеру зиянсыз болып
табылады жəне құрылғыға, тазалау жұмысына
немесе қақтан тазарту картриджінің жұмысына
кері əсерін тигізбейді.
Қақтан тазарту картриджін салу
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Құрылғыны зақымдау қаупі
Бұрын пайдаланылған қақты жинақтау патронын
орнату құрылғыны зақымдауы мүмкін.
Патрондарды ауыстырып алмау үшін, абайлап
жұмыс істеңіз.
---
Қақтан тазарту картриджін алып тастап, қайта
салғаннан кейін бірінші рет бумен тазалап
жатқанда, бу ағыны əлсіз немесе дұрыс емес болуы
мүмкін жəне жекелеген су тамшылары шығып
кетуі мүмкін. Қақтан тазарту картриджі суға
толуы үшін, құрылғы біраз уақыт жұмыс істеп
тұруы керек. Шамамен 20 секундтан кейін шыққан
будың көлем максималды деңгейге жеткенге дейін
шығатын бу біртіндеп артып отырады.
Нұсқау
Қақтан тазарту картриджін шығарып алу жəне
орнату алдында су резервуарын шығарып алыңыз.
1. Буды қосу/өшіру тетігін аяқпен басыңыз. Бу
бірнеше секундтан кейін тоқтайды.
2. Қуат ашасын розеткадан суырыңыз.
Сурет K
3. Су резервуарын алыңыз да, қақпағын ашыңыз.
4. Қақтан тазарту картриджін шығарып алыңыз.
5. Ескерту жапсырмасына жаңа қақтан тазарту
картриджін алғаш пайдаланған күнді жазып
қойыңыз.
Нұсқау
Суға төзімді қаламмен жазыңыз.
6. Жаңа қақтан тазарту картриджін салып, орнына
мықтап басыңыз.
Сурет N
7. Желілік ашаны розеткаға салыңыз.
8. Буды қосу/өшіру тетігін басып, шамамен 20
секунд күтіңіз. Қақтан тазарту картриджінен ауа
шығып кетуі керек.
Аксессуарларға күтім жасау
(Аксессуарлар – жеткізу ауқымына байланысты)
Нұсқау
Шүберектерді фенмен кептіруге болмайды.
Нұсқау
Маталарды жуу үшін, жуу затбелгісіндегі
нұсқауларды орындаңыз. Майлықтар ласты жақсы
сіңіре алуы үшін, жұмсақ шайғышты
пайдаланбаңыз.
1. Еден тазалайтын шүберекті кір жуғыш машинаға
салып, максимум 60°C-пен жуыңыз.
Ақауды жою нұсқаулығы
Ақауларды түзету жолдары əдетте өте оңай болады,
ол үшін мына əрекеттерді орындасаңыз болғаны.
Қандай да бір сұрақ туындаса немесе мұнда
айтылмаған ақауларға тап болсаңыз, Клиенттерге
арналған ресми қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
ЕСКЕРТУ
Электр тогының соғуы жəне күйіп қалу қаупі
бар
Электр желісіне жалғанып тұрған құрылғыдағы
немесе əлі суып үлгермеген құрылғыдағы
ақауларды түзету өте қауіпті болады.
Қуат ашасын суырып алыңыз.
Құрылғының суығанын күтіңіз.
Помпадан қатты дауыс шығады жəне бу
шықпайды.
Су резервуарында су жоқ.
 Су резервуарын толтырыңыз.
Резервуарда су жеткілікті болса да, бу
шықпайды/бу аз
Қақтан тазарту картриджі салынбаған немесе дұрыс
салынбаған.
 Қақтан тазарту картриджін салыңыз жəне/
немесе қақтан тазарту картриджінің құрылғыға
мықтап орныққанын тексеріңіз жəне қажет болса,
қайтадан басыңыз.
Жаңа қақтан тазарту картриджі салынды.
 Буды қосу/өшіру тетігін басып, помпа дыбысын
тексеріп, жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз.
Бу толық көлемде шамамен 20 секундтан кейін
шығады.
Су резервуары орнында емес.
Қазақша
115

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

Kst 1 upright