Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Kärcher WB 7 Plus 3-in-1 wash brush Originalbetriebsanleitung Seite 120

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
2. Оңтайлы көбік түзілуіне қол жеткізу үшін қысымы
басқарылатын жоғары қысымды пистолеттер
үшін ең жоғары қысым деңгейін орнатыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Зақымдау тəуекелі!
Тазартқыш көбік ыстық беттерде, сондай-ақ ұзақ
əсер еткенде беттерді зақымдауы мүмкін.
Тазартқыш көбікті ыстық беттерге қолданбаңыз
жəне əсер етудің максималды уақытын
қадағалаңыз.
Тазартқыш көбіктің кебуіне жол бермеңіз.
3. Жоғары қысымды пистолетті қосыңыз жəне
тазартқыш көбікті төменнен жоғары қарай
тазартылатын беттерге жағыңыз.
Нұсқау
Егер көбіктің шығуы төмен болса немесе жуғыш
құралға арналған ыдыста аз көбік қалса, суретте
көрсетілгендей көбік саптамасын аздап еңкейтіңіз
немесе жуғыш құралды қосыңыз.
Нұсқау
Жуғыш құрал құрғақ бетке жақсы əсер етеді.
Сурет G
Жуғыш шөткемен тазалау
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Бояудың зақымдалуы
Лас жуғыш шөткенің əсерінен беткі қабаттың
зақымдануы.
Жуғыш шөткені пайдаланар алдында оның лас
еместігіне жəне қоқыстың жоқтығына көз
жеткізіңіз.
1. «Жуғыш шөтке» тазалау функциясын
орнатыңыз, Тазалау функциясын орнатыңыз-
тарауды қараңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Зақымдау тəуекелі!
Қатты кірдің əсерінен беттердің зақымдануы.
Жуғыш шөткені əр қолданар алдында жалпақ
ағынмен тазаланатын беттерден қатты кірді
кетіріңіз, Алдын ала тазалау-тарауды қараңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Зақымдау тəуекелі!
Шамадан тыс күш салу салдарынан зақымдану
қаупі.
Жуғыш шөткені щетканың корпусына жанасу
салдарынан зақымдануды болдырмас үшін жуғыш
шөткені беттің бойында аз күшпен бағыттаңыз.
Сонымен қатар, жиектер қорғанысы сезімтал
беттермен жанасудан қорғайды.
2. Жоғары қысымды пистолетті қосыңыз жəне
беттерді төменнен жоғары қарай тазарту үшін
жуғыш шөткені қолданыңыз.
Сурет H
Кейінгі тазалау
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Беттің зақымдануы
Жоғары қысымды саптама арасындағы
қашықтықтың жеткіліксіз болуына байланысты
сезімтал немесе боялған беттердің зақымдануы.
Сезімтал немесе боялған беттер үшін ағындар
арасында кемінде 30 см қашықтықты сақтаңыз.
Бір жерде тоқтап қалмай, жуғыш шөткені
əрдайым қозғалтып тұрыңыз.
Алдымен, тазалау функцияларын көрінбейтін
жерде тексеріңіз.
120
Кейінгі тазалау:
1. «Жалпақ ағын» тазалау функциясын орнатыңыз,
Тазалау функциясын орнатыңыз-тарауды
қараңыз.
2. Жоғары қысымды пистолетті іске қосып, қалған
кір мен тазартқыш көбікті төменнен жоғары қарай
шайыңыз.
Сурет F
Пайдаланғаннан кейін
Жуғыш құралға арналған ыдысты жəне
көбік саптамасын шаю
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Зақымдау тəуекелі!
Көбік саптамасының кеуіп кеткен жуғыш құралмен
бітеліп қалу салдарынан зақымдану қаупі.
Жуғыш құралды əр қолданғаннан кейін жуғыш
құралға арналған ыдысты жəне көбік саптамасын
шайыңыз.
1. Толтыру саңылауынан жоғары қарай ақырын
тартып, оны басқа жаққа бұру арқылы жуғыш
құралға арналған ыдыстың қақпағын босатыңыз.
Сурет I
2. Пайдаланылмаған жуғыш құралды жуғыш
құралға арналған ыдыстан қайтадан жуғыш
құрал бөтелкесіне құйыңыз.
3. Жуғыш құралға арналған ыдыстың шамамен
жартысына таза су құйыңыз, оны артқа еңкейтіп,
төгіңіз.
4. Жуғыш құралға арналған ыдысты таза сумен
толтырыңыз.
5. Тазалау функциясының реттеу сақинасын
«тазартқыш көбік» күйіне бұраңыз.
6. Жоғары қысымды пистолетті шамамен
15 секундқа қосыңыз.
Көбік саптамасы шайылады.
7. Жуғыш құралға арналған ыдысты босатыңыз.
8. Жуғыш құралға арналған ыдыстың қақпағын
артқа бұрып, оны толтыру саңылауына басыңыз.
Жуғыш шөткені тазалау
Əр қолданғаннан кейін жуғыш шөткені мұқият
тазалап, құрғатыңыз.
1. Жоғары қысымды пистолеттен жуғыш шөткені
алыңыз, Пайдалануға енгізу-тарауды қараңыз.
2. Жуғыш шөткені таза сумен, əсіресе
қылшықтарды жақсылап шайыңыз.
Сурет J
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Зақымдау тəуекелі!
Жуғыш шөткені қылшықтарын төмен қаратып
қойған кезде қайтымсыз деформация қаупі бар.
Жуғыш шөткені қылшықтарын төмен қаратып
қоймаңыз.
3. Жуғыш шөткені қатты шайқаңыз жəне оның
қылшықтарын жоғары қаратып қойыңыз.
Сурет K
4. Жуғыш шөткені толығымен құрғатыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Зақымдау тəуекелі!
Жуғыш шөткені қылшықтарын төмен қаратып
қойған кезде қайтымсыз деформация қаупі бар.
Жуғыш шөткені қылшықтарын төмен қаратып
қоймаңыз.
Қазақша
Сақтау

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis