Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Жалпы Нұсқаулар; Керек-Жарақ Жəне Қосалқы Бөлшектер; Құрылғының Сипаттамасы - Kärcher WB 7 Plus 3-in-1 wash brush Originalbetriebsanleitung

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Сақтау ................................................................. 120
Күтім жəне техникалық қызмет көрсету ........... 121
Ақаулар кезіндегі көмек ..................................... 121
Кепілдік ............................................................... 122
Жалпы нұсқаулар
Құрылғыны бірінші рет қолданар
алдында, осы нұсқаулықты, сондай-
ақ құрылғымен қолданылатын
Kärcher жоғары қысымды тазартқышына арналған
пайдалану нұсқаулығы мен қауіпсіздік нұсқауларын
оқып шығыңыз. Оған сəйкес əрекет етіңіз.
Кітапшалардың барлығын кейінірек пайдалану үшін
немесе кейінгі иелері үшін сақтап қойыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
АБАЙЛАҢЫЗ
● Егер құрылғының жанында басқа адамдар немесе
жануарлар болса, оны пайдаланбаңыз.
● Тазалау жұмыстары аяқталғаннан кейін, жоғары
қысымды тазартқышты өшіріп, құрылғыны
тексеру немесе қызмет көрсету алдында
құрылғыны жоғары қысымды пистолеттен
ажыратыңыз.
● Кері соққыдан жарақат алу қаупі. Сенімді
тұрғаныңызға көз жеткізіп, жоғары қысымды
пистолетті мықтап ұстаңыз.
● Судың рұқсат етілген максималды
температурасы – 60°C.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Зақымдау тəуекелі!
Жоғары қысымды саптама арасындағы тым аз
қашықтыққа байланысты зақымдану қаупі.
Жоғары қысымды пистолетті тек жоғары
қысымды саптама беттерден жеткілікті
қашықтықта болғанға дейін қолданыңыз.
Боялған жұмыс беттері мен жоғары қысымды
саптаманың арасында кем дегенде 30 см
қашықтықты сақтаңыз.
Нұсқау
● Сондай-ақ, қауіпсіздік нұсқаулары мен
қолданылатын жоғары қысымды тазартқышты
пайдалану нұсқаулығын, сондай-ақ жергілікті
заңдарды, ережелер мен қаулыларды сақтау
қажет.
Осы пайдалану
нұсқаулығындағы суреттер мен
сипаттамалар
Осы пайдалану нұсқаулығындағы суреттер мен
сипаттамалар cіздің құралыңыздың жеткізу
жиынтығы мен функцияларынан өзгеше болуы
мүмкін.
Нұсқау
Техникалық өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Қоршаған ортаны қорғау
Орауыш материалдарын утилизациялауға
болады. Орауыштарды қоршаған ортаға
қауіпсіз түрде утилизациялаңыз.
Қызметтік мерзімі біткен құрылғыда қайта
өңдеуге тапсыру қажет, материалдарды өңдеу
үшін пайдалы бағалы заттар болады.
Сондықтан қызметтік мерзімі біткен
құрылғыларды тиісті жинау жүйелері арқылы
жойыңыз.
118
Жуғыш құралдармен жұмыстарды кəрізге
бұрылатын герметикалық жұмыс алаңдарында
ғана жүргізуге рұқсат беріледі. Жуғыш құралдарды
су қоймаларына немесе жерге төкпеңіз.
Құрамдағы заттар бойынша нұсқаулар (REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы
мəліметтерді мына мекенжай бойынша табуға
болады: www.kaercher.de/REACH
Мақсатына сəйкес қолдану
Жуғыш шөтке WB 7 Plus тазалаудың үш функциясын
біріктіреді жəне бояу, шыны немесе пластик (бақша
жиһазы, автомобильдер, мотоциклдер, қысқы
бақтар, гараж қақпалары, роликті жалюзи, перделер
жəне т.б.) сияқты беттерді тазартуға өте ыңғайлы.
Жуғыш шөткені K 2 жəне K 7 класындағы барлық
Kärcher Home & Garden жоғары қысымды
тазартқыштарымен бірге қолдануға болады.
Жуғыш шөткені суды төгу мүмкіндігі бар болса, кір
жуатын бөлмелер немесе гараждар сияқты жабық
бөлмелерде пайдалануға болады.
Жуу щеткасын үй шаруашылығында ғана
қолданыңыз.
Керек-жарақ жəне қосалқы
Тек түпнұсқалы керек-жарақ немесе қосалқы
бөлшектерді пайдаланыңыз, себебі ол құралдың
қауіпсіз жəне апатсыз жұмыс істеуіне кепілдік
болады.
Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.
Жеткізілім жинағы
Құрылғыны қаптамадан шығарған кезде қаптаманың
ішіндегісінің жиынтықтылығын жəне
зақымданулардың бар-жоғын тексеру үшін
пайдалану нұсқаулығын пайдаланыңыз. Бөлшектер
жетіспеген немесе тасымалдау кезінде зақымдар
тиген жағдайда, дилеріңізге хабарласыңыз.
Құрылғының сипаттамасы
Суреттерді суреттері бар беттен қараңыз
Сурет A
Жуғыш шөтке
1
Тазалау функциялары үшін реттеу сақинасы
2
Байонет қосылымы
3
Салмалы сомын
4
Жуғыш құралға арналған ыдыстың қақпағы
5
Қысқыш
6
Жоғары қысымды штуцер
7
Көбік саптамасы
8
Қылшықтар
9
Жиектер қорғанысы
10
Жуғыш затқа арналған ыдыс
11
Пайдалануға енгізу
1. Жоғары қысымды тазартқышты өшіріңіз.
2. Жуғыш шөткені жоғары қысымды пистолетке
бекітіңіз.
Қазақша
бөлшектер

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis