Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

CMi C-B-RM-46 Originalbetriebsanleitung Seite 164

Benzin-rasenmäher
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
KAZ
Асфиксия қаупі!
Жабық үй-жайларда қолдан-
баңыз.
Жарылыс қаупі бар!
Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған
кезде жанармай құймаңыз.
Іске қосар алдында жанармай
мен мотор майын құйыңыз.
Құрылғының дыбыс деңгейі
CE белгісі
Жеке қорғаныс құралдары
Есту мүшелер қорғайтын құрал-
дар пайдаланыңыз
Арнайы аяқ-киім
Қорғаныш көзілдірігін тағыңыз.
Қорғаныш қолғап пайдаланыңыз
Оқыту
• Пайдалану бойынша нұсқаулықты
мұқият оқып шығыңыз. Жұмыс органда-
рымен жəне машинаны дұрыс пайда-
лану ережелерімен жете танысып
шығыңыз.
• Балалардың немесе пайдалану бой-
ынша нұсқаулықпен таныспаған басқа
тұлғалардың көгалшапқышпен жұмыс
істеуіне ешқашан жол бермеңіз. Пайда-
ланушының минималды жасын жер-
гілікті нормативтер белгілей алады.
• Егер жақын жерде адамдар, əсіресе
балалар немесе жануарлар болса,
ешқашан шөп ормаңыз.
• Оператор немесе пайдаланушы басқа
тұлғалармен орын алған жазатайым
оқиғалар, сондай-ақ олардың жеке
меншігінің зақымдалуы үшін жауапты
екенін есте сақтаңыз.
Дайындық іс-шаралары
• Жұмыс кезінде əрдайым мықты аяқ
киім мен ұзын шалбар киіңіз. Жалаң аяқ
немесе жеңіл сандал киіп жұмыс істе-
164
меңіз. Кең киім немесе салбыраған
бауы немесе белбеулері бар киім
кимеңіз.
• Машина пайдаланылатын төңіректі
тексеріңіз жəне машинамен ілінуі жəне
серпілуі мүмкін бұйымдардың бар-
лығын алып тастаңыз.
• Жоғары температураларда бензин
өздігінен тұтануы мүмкін!
– Бензинді өз мақсатына көзделген
сыйымды ыдыстарда ғана сақтаңыз.
– Жанармайды тек ашық аспан
астында құйыңыз жəне құю кезінде
шылым шекпеңіз.
– Бензинді қозғалтқышты іске қосар
алдында құйған жөн. Қозғалтқыш
жұмыс істеп тұрғанда немесе көгал-
шапқыш қызып тұрған кезде бактың
қақпағын ашуға немесе бензинді
қосымша құюға болмайды.
– Егер бензин қотарылып жатса, ешбір
жағдайда қозғалтқышты іске қосуға
талпынбаңыз. Оның орнына, бензин-
мен ластанған жерден машинаны
алып кеткен жөн. Бензиннің қал-
дықтары буланып кеткенге дейін
оталдырудың кез келген талпыны-
сынан бас тартқан жөн.
– Зақымдалған бензин багы мен бак-
тың қақпағын қауіпсіздік мақсатында
алмастырған жөн.
• Ақаулығы бар бəсеңдеткіштерді алма-
стырған жөн.
• Пайдалану алдында əрдайым кескіш
пышақтарды, бекіту болттарын жəне
бүкіл кескіш түйінді көзбен шолып тек-
серу қажет – олар зақымдалмаған жəне
тозбаған болуы тиіс. Кескіш пышақтар
мен бекіту болттарының тозуы немесе
зақымдалуы кезінде үйлесімсіздіктің
алдын алу үшін пышақтардың немесе
болттардың бүкіл жиынтығын алмасты-
рған жөн. Ескірген немесе зақымдалған
ескерту тақталарын алмастырған жөн.
• Назар аударыңыз! Бірнеше кескіш
пышағы бар машиналарда бір
пышақтың қозғалысы қалған барлық
пышақтардың айналуына əкеп соқты-
рады.
Басқару
• Іштен жанатын қозғалтқыш қауіпті тұн-
шықтырғыш газдың жиналуы мүмкін
жабық үй-жайларда жұмыс істемеуі
тиіс.
• Тек күндізгі жарықта немесе жақсы
жасанды жарықта жұмыс істеңіз.

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

234860

Inhaltsverzeichnis