Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Vitek VT-1654 W Betriebsanweisung Seite 46

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 15
ҚазаҚша
3. Дайындауды іске қосу үшін «Баста/Жылдам баста» (16) басқышына басу керек, қалған жұмыс уақыты
дисплейде (7) бейнеленетін болады.
Ескерту: Дайындау кезінде дыбыстық дабылдар берілетін болса, пештің есігін ашып, өнімді аудару керек.
Содан кейін пештің есігін жауып Баста/Жылдам баста» (16) басқышына басу керек. Егер де сіз пештің есігін
ашып, өнімді аудармасаңыз, дайындау процесі автоматты түрде жалғаса береді.
Дайындаудың үйлестірілген режимі
«Комби» режимі қысқа толқынды дайындау мен гриль режимін үйлестіреді.
«Cо-1» мынаны білдіреді: 30% уақыт қысқа толқынды дайындауға кетеді + 70% уақыт гриль жұмысына кетеді.
Омлетті, піскен картопты және құс етін дайындау.
«Cо-2» мынаны білдіреді: 55% уақыт қысқа толқынды дайындауға кетеді + 45% уақыт гриль жұмысына кетеді.
Балық, картоп дайындау.
1. «Комби» (17) басқышына басу керек, дисплейде (7) бірінші режимдегі «
«Cо-2» режимін таңдау үшін, тағы да «Комби» (17) басқышына басу керек.
2. (9) басқыштарының көмегімен 5 секундтан бастап 99 минут 50 секундқа дейінгі диапазонда дайындау
ұзақтығын белгілеу керек.
3. Дайындауды іске қосу үшін «Баста/Жылдам баста» (16) басқышына басу керек, қалған жұмыс уақыты
дисплейде (7) бейнеленетін болады.
Өнімдерді 3 кезеңмен дайындау
Сіз құрылғыны үш кезеңмен үздіксіз жұмыс істеуге бағдарлай аласыз. Әрбір кезең үшін «Қысқа толқындар»,
«Комби» немесе «Гриль» режимдерін таңдай аласыз, сонымен қатар қажетті қуаты мен жұмыстың ұзақтығын
баптай аласыз.
Мысалы: Қуаты 100% кезінде 5 минут аралығында «Қысқа толқындар» режимінде өнімді дайындау, кейін 10
минут аралығында 80% қуаты кезінде, ал үшінші кезеңде – гриль режимінде 5 минут аралығында дайындау.
– «Қысқа толқындар» (14) басқышына басу керек. (7) дисплейдегі «1s» белгісі дайындаудың бірінші кезеңінде
бағдарлаудың жүзеге асырылатындығын көрсетеді.
– Қысқа толқындардың қуатын 100% орнату керек, дайындалу ұзақтығы 5 минут, «Қысқа толқындар «Режимі»
атты Бөлімдегі нұсқаулықты сақтау керек.
– «Қысқа толқындар» (14) басқышына басу керек, дисплейде «2s» белгісі пайда болады.
– Қысқа толқындардың қуатын 80% орнату керек және дайындалу ұзақтығы 10 минут, «Қысқа толқындар
«Режимі» атты Бөлімдегі нұсқаулықты сақтау керек.
– «Гриль» (19) басқышына басу керек, дисплейде (7) мына «3s» белгісі пайда болады.
– 5 минутқа тең келетін гриль режимінде дайындаудың ұзақтығын белгілеу керек, «Гриль «Режимі» атты
Бөлімдегі нұсқаулықты сақтау керек.
– «Баста/Жылдам баста» (16) басқышына басу керек, дайындаудың бірінші кезеңі басталады, дисплейде
«1s» белгісі бейнеленетін болады және бірінші кезеңдегі қалған жұмыс уақыты бейнеленетін болады.
– Дайындаудың бірінші/екінші кезеңдері аяқталғанда, дыбыстық дабыл берілетін болады және дайындаудың
келесі кезеңі іске қосылатын болады, дисплейде тиісті белгі мен осы кезеңдегі дайындаудың қалған уақыты
бейнеленетін болады.
Ескерту: Бұл қызмет «Қысқа толқындар», «Комби» мен «Гриль» режимдері үшін ғана қол жетімді
болады. Автоматты бағдарламалар үш кезең бойынша дайындауға қосылмайды.
Автоматты бағдарламалар
Автоматты бағдарламаларды таңдау үшін (10, 11 мен 12) басқыштарын пайдалану керек. (10) «Мәзір»
басқышымен белгіленетін бағдарлама үшін өнімнің көлемін немесе салмағын белгілеу керек.
1. Тиісті мәзірдегі: (10) «Мәзір», (11) «Балалар мәзірі» немесе (12) «Қосымша қызметтер» басқыштарына
басу керек.
2. Бағдарламаны таңдау үшін тиісті мәзірдегі: (10) «Мәзір», (11) «Балалар мәзірі» немесе (12) «Қосымша
қызметтер» басқыштарына қайтадан басу керек.
3. (10) «Мәзір» басқышымен белгіленетін бағдарлама үшін өнімнің көлемін немесе салмағын белгілеу керек.
Ол үшін қайтадан (9) «1 Мин./Салмақ» басқышына басу керек.
Ескерту: - Салмақты/көлемді таңдау балалар мәзірі мен Қосымша қызметтер бағдарламасы үшін қол
жетімді болмайды.
4. Бағдарламаны қосу үшін «Баста/Жылдам баста» (16) басқышына басу керек, дайындаудың қалған уақыты
дисплейде (7) бейнеленетін болады.
VT1654_china.indd 46
46
Cо-1» белгі пайда болады.
15.11.2013 11:11:46

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis