Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Vitek VT-1654 W Betriebsanweisung Seite 41

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 15
Балалардың қауіпсіздігін ескеріп, қараусыз, қаптама ретінде пайдаланылатын полиэтилен қапшықтарын
пеште қалдырмау керек.
Назар аударыңыз! Балаларға қаптама пленкасымен немесе полиэтилен қапшықтарымен ойнауға рұқсат
бермеу керек. Тұншығып қалу қаупі бар!
Жұмыс істеп тұрған құрылғының жанында балалар немесе мүмкіндіктері шектеулі адамдар болса, онда аса
мұқият болу керек.
Жұмыс кезінде балаларға аспапқа және оның желілік сымына жанасуына рұқсат етпеу керек.
Бұл құрылғы 8 жастан кіші балаларға пайдалану үшін арналмаған.
Бұл аспап дене, жүйке, психикалық бұзылыстары бар немесе жеткілікті деңгейдегі білімі мен тәжірибесі жоқ
адамдар (8 жастан асқан балаларды қосқанда) үшін пайдалануға арналмаған. Аспапты мұндай адамдар
пайдаланған жағдайда олардың қауіпсіздігі үшін жауапты адамдардың бақылауы болуы керек немесе
аспапты дұрыс пайдаланбау кезінде пайда болуы мүмкін қауіптер мен құрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы
оларға тиісті және түсінікті нұсқаулықтар берілуі керек.
Балалардың аспапты ойыншық ретінде қолдануына жол бермей оларды бақылау керек.
Қысқа толқынды пештің корпусындағы желдеткіш саңылауларын жабудың керегі жоқ.
Аспапты шкаф ішіне орналастырмау керек.
Желілік сымды және желілік сымның айырын суға немесе кез келген өзге де сұйықтықтарға батырмау керек.
Желілік сымды және желілік сымның айырын жиһаздың үшкір жиектеріне және қызып тұрған беттің үстінде
қалдырмау керек.
Электр розеткасынан желілік сымның айырын ажырату кезінде желілік сымның өзін емес, желілік сымның
айырынан ұстау керек.
Желілік сымның айырын ылғал қолдармен ұстамау керек, бұл электр тогынан жаралану қаупіне апаруы
мүмкін.
Желілік сымы немесе желілік сымның айыры зақымданған болса, пеш іркіліспен жұмыс істеп тұрса немесе
пеш құлаған соң қысқа толқынды пешті пайдалануға болмайды.
Электр тогынан жаралану қаупін болдырмас үшін пешті өзіңіз дербес бөлшектеуге немесе жөндеуге
болмайды, ақаулар табылған жағдайда тек қана арнайы мамандандырылған (өкілетті) қызмет көрсету
орталығына апару керек.
Аспапты ғимараттан тыс жерлерде пайдаланбау керек.
Құрылғыны тек зауыттық қаптамада тасымалдау керек.
Құрылғыны мүмкіндіктері шектеулі адамдар мен балалар үшін қол жетімді емес жерлерге сақтау керек.
ҚҰРЫЛҒЫ ТЕК ТҰРМЫСТА ПАЙДАЛАНУ ҮШІН АРНАЛҒАН
ПЕШТІ ЖЕРГЕ ТҰЙЫҚТАУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚТАР
Қысқа толқынды пеш жерге берік түрде тұйықталуы керек. Егер де белгілі бір іштей тұйықталу жағдайы орын
алса, жерге тұйықталу электр тогынан соққы алу қаупін болдырмайды, өйткені токтың қайтуы жерге тұйықталған
сым арқылы өтеді. Қысқа толқынды пеште жерге тұйықталған сымы бар желілі сым мен жерге тұйықталумен
байланысатын желілі айыр қолданылады.
Айыр жерге тұйықталумен байланысы бар желілік розеткаға қосылады.
Ескерту:
Жерге тұйықтаумен байланысы жоқ, электр розеткасына қосылған жерге тұйықталумен байланысы бар
желілі айырды пайдалану электр тогынан соққы алу қаупіне апаруы мүмкін.
Егер де сізде қысқа толқынды пеш берік түрде жерге тұйықталмағандығы туралы күдіктер болса немесе пешті
жерге тұйықтау бойынша нұсқаулықтар түсінікті болмаса, онда арнайы маманданған электр маманымен
кеңесу керек.
Желілік сымның матасып қалуын болдырмас үшін қысқа толқынды пеш қысқа желілік сыммен жабдықталған.
Ұзартқышты пайдалану қажет болса, желілік сымға ғана емес, сонымен қатар электр розеткасына жерге
тұйықталған 3-сымды ұзартқышты ғана пайдалану керек.
Ұзартқыштың желілік сымындағы таңбалау мен қысқа толқынды пештің желілік сымындағы сымның
кесігіндегі таңбалау сәйкес келуі керек.
Ұзартқыштың желілік сымы үстелдің жиегі бойынша төмен салбырап тұрмауы керек, өйткені оған балалар
жабысып тартуы мүмкін.
АЖЖ-ПЕШІНДЕ ӨНІМДЕРДІ ДАЙЫНДАУДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
ЕСКЕРТУ: Саңылаусыз немесе вакуумдық қаптамада өнімдерді қыздыру немесе дайындау алдында оны
ашуды ұмытпау керек. Әйтпесе, қаптаманы жарып жіберетін оның ішінде қысым пайда болуы мүмкін.
VT1654_china.indd 41
41
ҚазаҚша
15.11.2013 11:11:46

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis