ҚазаҚша
4. Шыны тұғырықты (5) мұқият орнату керек, ондағы шығыңқы жерін таяныштың ойығымен (3) сәйкестендіру
керек. Шыны тұғырықты төменгі бөлігін жоғарыға бағыттап орналастырмау керек.
Ескертулер:
•
Пеш жұмыс істеп тұрған уақытта шыны тұғырықтың (5) айналуына кедергі келтірмеу керек.
•
Өнімдерді дайындау үшін әрқашан да шыны тұғырықты (5), дөңгелек сақинаны (4) және шыны тұғырықтың
таянышын (3) пайдалану керек.
•
Өнімдерді дайындау үшін өнімдер мен ыдысты тек қана шыны тұғырыққа (5) қою керек.
•
Пеш жұмыс істеп тұрған уақытта шыны тұғырық (5) сағат тілі бойынша немесе сағат тіліне қарсы
айналуы мүмкін.
•
Шыны тұғырықта (5) нақыстар немесе жарықтар пайда болғанда жылдам арада оны ауыстыру керек.
ПЕШТІ ОРНАТУ
– Қысқа толқынды пешті іске қосу алдында мынаған көз жеткізу керек: оның жұмысшы қысымы мен
тұтынылатын қуаты электр желісінің шамаларына сәйкес келуі керек.
– Берік түрде жерге тұйықталған электр розеткасына қысқа толқынды пешті қосу керек.
– Пештің салмағы мен онда дайындалатын өнімдердің салмаған ұстап тұруға қабілетті қатты тегіс жерге қысқа
толқынды пешті орналастыру керек.
– Температурасы жоғары және ылғалдығы жоғары орындарға және сонымен қатар жылдам жанатын
заттардың жанына пешті орнатпау керек.
– Пешті балалардың қолдары жетпейтін жерлерге орналастыру керек.
– Қабырғадан пештің артқы жағы мен қабырға жағына дейінгі аралық 20 см кем болмайтын қашықтыққа, ал
пештің үстіндегі бос кеңістік 30 см кем болмайтындай қашықтыққа пешті орнату керек.
– Қысқа толқынды пештің түбінен таяныштық аяқтарын алып тастамау керек.
– Қысқа толқынды пештің корпусындағы жетлдеткіш саңылауларын жаппау керек.
– Теле және радио дабылдарды қабылдау кезінде ақаулардың пайда болмауы үшін қысқа толқынды пешті
теледидар мен радио қабылдағыштардан алыс орналастыру керек.
ЕСКЕРТУ:
Пештің иесінің кінәсі бойынша қысқа толқынды пеш істен шыққан жағдайда ол ақысыз кепілдемелік
қызмет пен жөндеу құқығынан айырылатын болады.
ПЕШТІ ПАЙДАЛАНУ
Ағымдағы уақытты белгілеу
1. Желілік сымның айырын электр розеткасына қосу керек, дисплейде (7) «1:00» белгісі пайда болады. Сіз
«0:00» ден «23:59» дейін аралықтағы уақытты белгілей аласыз.
2. «Сағат» (13) басқышына басу керек, уақытты бейнелеу форматының белгісі жанатын болады: 12 сағат
(«hr12») немесе 24 сағат («hr24»).
3. «Сағат» (13) басқышына қайтадан басу арқылы уақытты бейнелеудің қажетті форматын таңдау керек.
4. (9) басқышымен ағымдағы уақытты белгілей аласыз:
•
«10 Сек.» - 1 минут қадаммен уақытты минутпен белгілеу,
•
«1 Мин.» - 10 минут қадаммен уақытты минутпен белгілеу,
•
«10 Мин.» - уақытты сағатпен белгілеу
5. Баптауларды сақтау үшін «Сағат» (13) басқышына басу керек.
Ескертулер:
- Егер де сағат белгіленбесе, ағымдағы уақыт бейнеленбейді.
- Егер де сіз баптауларды сақтамасаңыз, онда баптау басқышын соңғы рет басқаннан кейін 20 секундтан
соң алдыңғы белгіленген уақытқа қайта оралатын болады.
- Егер де уақытта баптау кезінде сіз «Үзіліс/Кейінге қалдыру» (15) басқышына бассаңыз, құрылғы алдыңғы
баптауларға қайта оралатын болады.
- Дайындау кезінде ағымдағы уақытты қарау үшін «Сағат» (13) басқышына басу керек.
АЖЖ-ПЕШТЕ ӨНІМДЕРДІ ДАЙЫНДАУ
Дайындауды бастау алдында, дайындаудың қажетті режимін, қысқа толқын қуатының деңгейін, дайындалу
ұзақтығын орнату керек немесе автоматты түрде дайындау бағдарламасын таңдап алу керек.
Жалпы мәліметтер
– Желілік сымның айырын электр розеткасына қосу керек және дисплейде (7) ағымдағы уақытты белгілеу керек.
VT1654_china.indd 44
44
15.11.2013 11:11:46