Herunterladen Diese Seite drucken

Stihl RME 339 Gebrauchsanleitung Seite 499

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
2.3 Түрлі елдерге арналған нұсқалар
STIHL компаниясы қолданылатын еліне
байланысты құрылғыны ашалар мен
ажыратқыштардың көптеген түрлерімен
жабдықтайды.
Суреттерде Еуропа үшін жасалғандары
көрсетілген, құрылғыны басқа ашамен
қосу дəл осылай жүзеге асырылады.
3. Құрылғылардың сипаты
1 Бас тұтқаның жоғарғы бөлігі
2 Бас тұтқаның төменгі бөлігі
(RME 339)
3 Консоль (RME 339 C)
4 Корпус
5 Қозғалтқыш капоты
6 Артқы дөңгелек
7 Алдыңғы дөңгелек
8 Шөп жинағыш
9 Жоғарғы тасымалдау тұтқасы
10 Төменгі тасымалдау тұтқасы
11 Лақтырманың қақпағы
12 Айналмалы тұтқа (RME 339)
13 Тежегіш иінтіректің бас тұтқасы
(RME 339 C)
14 Қозғалтқышты тоқтату тұтқасы
15 Биіктікті реттеуге арналған тұтқа
16 Шоғырсым ұзындығын шектегіш
17 Желілік қосылым
18 Іске қосу түймесі
19 Машина нөмірі жазылған төлқұжат
20 Шөпжинағышты толтыру
индикаторы (шөп жинағыш)
0478 121 9919 C - KK
4. Қауіпсіздік шаралары
4.1 Жалпы ережелер
Аспаппен жұмыс істегенде
қауіпсіздік техникасын қатаң
ұстаныңыз.
Алғаш рет қолданар алдында
пайдалану жөніндегі осы
нұсқаулықты толығымен
оқуыңыз керек. Пайдалану
жөніндегі нұсқаулықты тағы да қолдану
мақсатында сақтап қойыңыз.
1
Қауіпсіздік мақсатында мына қауіпсіздік
шараларын ұстанған жөн жəне де
нұсқаулықта ескерілмеген басқа да
ережелерді ұстану керек. Құрылғыны
үнемі ақылмен жəне жауапкершілікпен
пайдаланыңыз жəне де пайдаланушы
басқа тұлғаларға зақым тигізгені үшін
жəне мүлікті бүлдіргені үшін жауапты
екенін ұмытпаңыз.
Басқару элементтерімен жəне
құрылғыны пайдалану ережелерімен
танысып шығыңыз.
Құрылғыны тек пайдалану жөніндегі
нұсқаулықты оқыған жəне құрылғыны
пайдалана алатын тұлғаларға ғана
пайдалануға болады. Алғаш рет
қолданысқа енгізер алдында
пайдаланушы тəжірибелі маманға
жүгінуі керек. Сатушы немесе басқа
маман пайдаланушыға құрылғыны
қауіпсіз жолмен пайдалану ережелерін
түсіндіруі тиіс.
Нұсқау берген кезде пайдаланушыға
құрылғымен жұмыс істеген кезде
барынша абай болып, зейін қоя отырып
жұмыс істеу керек екенін түсіндірген
жөн.
Осы құрылғыны мұқият пайдаланған
кезде де əрдайым қалдық тəуекелдер
пайда болуы мүмкін.
Тұншығудан өлім қаупі бар!
Орауыш материалмен
ойнағаннан балаларға тұншығу
қаупі төнуі мүмкін. Орауыш
материалды балалардан алшақ
ұстаңыз.
Құрылғыны барлық құралдарымен тек
осы үлгімен таныс жəне онымен жұмыс
істей алатын тұлғаларға ғана беруге
рұқсат етіледі. Пайдалану жөніндегі
нұсқаулық құрылғының ажырамас бөлігі
болып табылады жəне жаңа
пайдаланушыға құрылғымен бірге
берілуге тиіс.
Құрылғымен жұмыс істеу жəне
пайдалану үшін пайдаланушының
физикалық, сезіну жəне ойлау қабілетін
қамтамасыз ету. Егер пайдаланушы
физикалық, сезіну немесе ойлау
жағынан шектеулі болса, ол
құрылғымен тек қадағалауда немесе
жауапты тұлғаның нұсқаулары
бойынша ғана жұмыс істей алады.
Пайдаланушының кəмелетке
толғанына немесе ұлттық ережелерге
сəйкес кəсібі бойынша қадағалауда
оқытылғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғымен тек физикалық жəне
психологиялық жағдайы жақсы
болғанда ғана жұмыс істеу керек.
Денсаулығыңыз нашар болған
жағдайда ұсақтағышпен жұмыс істеуге
рұқсат алу үшін дəрігерге жолығыңыз.
Қимылыңызды нашарлататын
дəрілердің немесе алкоголь
ішімдіктерінің əсері барда құрылғымен
жұмыс істеуге тыйым салынады.
Құрылғы тұрмыстық мақсаттарға
арналған.
497

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

Rme 339 c