Herunterladen Diese Seite drucken

Kärcher K 4 Bedienungsanleitung Seite 137

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für K 4:

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Мазмұны
Жалпы нұсқаулар............................................... 137
Қорғаныс құрал-жабдықтары ............................ 137
Құрылғыдағы белгілер....................................... 137
Бұйымды мақсатына сəйкес қолдану ............... 137
Қоршаған ортаны қорғау ................................... 137
Керек-жарақ жəне қосалқы бөлшектер ............ 137
Жеткізілім жинағы .............................................. 137
Құрылғының сипаттамасы................................. 137
Орнату ................................................................ 138
Пайдалануға енгізу ............................................ 138
Пайдалану .......................................................... 139
Тасымалдау........................................................ 140
Сақтау ................................................................. 140
Күтім жəне техникалық қызмет көрсету ........... 140
Ақаулар кезіндегі көмек ..................................... 140
Кепілдік ............................................................... 141
ЕО стандарттарына сəйкестігі туралы
декларация......................................................... 141
Техникалық мағлұматтар .................................. 142
Жалпы нұсқаулар
Құрылғыны алғаш рет қолданбас
бұрын, осы пайдалану жөніндегі
түпнұсқа нұсқаулық пен берілген
қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларды оқып шығыңыз.
Оларға сай əрекет етіңіз.
Екі кітапшаны да əрі қарай пайдалану немесе келесі
иесі үшін сақтап қойыңыз.
Қорғаныс құрал-жабдықтары
АБАЙЛАҢЫЗ
Жетіспейтін немесе өзгертілген қорғаныс
құрал-жабдықтары!
Қорғаныс құрылғысы сіздің қауіпсіздігіңізге
арналған.
Қауіпсіздік құрылғыларын айналып өтпеңіз, алып
тастамаңыз немесе өшірмеңіз.
Ажыратқыш
Ажыратқыш құрылғының кездейсоқ қосылуына
кедергі болады.
Жоғары тегеурінді пистолеттің фиксаторы
Фиксатор жоғары тегеурінді пистолеттің тетігін
бұғаттайды жəне құрылғының кездейсоқ іске
қосылуына кедергі болады.
Автоматты түрде өшу функциясы
Жоғары тегеурінді пистолеттің тетігі жіберілген кезде
сорғының пневматикалық ажыратқышы өшеді жəне
жоғары тегеурінді ағыс тоқтайды. Тетікті басқан
кезде сорғы қайтадан қосылады.
Қозғалтқыштың қорғаныс ажыратқышы
Тоқты артық тұтынған кезде қозғалтқыштың
қорғаныс ажыратқышы құрылғыны өшіреді.
Құрылғыдағы белгілер
Жоғары тегеурінді ағысты адамдарға,
жануарларға, жұмыс істеп тұрған
электрлік құрылғыға жəне құрылғының
өзіне бағыттауға тыйым салынады.
Құрылғыны аяздан қорғаңыз.
Құрылғыны қоғамдық ауыз су жеткізу
желісіне тікелей қосуға тыйым салынады.
Бұйымды мақсатына сəйкес
Жууға арналған аппаратты тек үй шаруашылығына
арналған қысымда ғана пайдалаңыз.
Қысыммен жуу аппараты машиналарды,
тасымалдау құралдарын, құрылымдарды,
құралдарды, қасбеттерді, террасаларды, бай-бақша
жабдықтарын қысымды ағынның көмегімен
тазалауға арналған.
Қоршаған ортаны қорғау
Орауыш материалдарын утилизациялауға
болады. Орауыштарды қоршаған ортаға
қауіпсіз түрде утилизациялаңыз.
Электрлік жəне электрондық бұйымдардың
құрамында қате қолдану немесе
утилизациялау нəтижесінде адам
денсаулығына жəне қоршаған ортаға қауіп
төндіруі ықтимал, құнды қайта өңделмелі
материалдар жəне батареялар, аккумуляторлар
немесе май сияқты бөлшектер жиі кездеседі.
Алайда, аталмыш бөлшектер бұйымды тиісінше
пайдалану үшін қажет болады. Осы таңбамен
белгіленген құрылғыларды үй қоқыстарымен бірге
тастауға болмайды.
Тазарту кезінде құрамында майы бар ақпасулар
туындайтын жұмыстарды (мысалы,
қозғалтқыштарын, түптерін жуу) майлы айырғышы
бар жуу алаңдарында ғана жүргізуге рұқсат беріледі.
Жуғыш құралдармен жұмыстарды кəрізге
бұрылатын герметикалық жұмыс алаңдарында
ғана жүргізуге рұқсат беріледі. Жуғыш құралдарды
су қоймаларына немесе жерге төкпеңіз.
Құрамдағы заттар бойынша нұсқаулар (REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы
мəліметтерді мына мекенжай бойынша табуға
болады: www.kaercher.de/REACH
Керек-жарақ жəне қосалқы
Тек түпнұсқалы керек-жарақ немесе қосалқы
бөлшектерді пайдаланыңыз, себебі ол құралдың
қауіпсіз жəне апатсыз жұмыс істеуіне кепілдік
болады.
Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.
Жеткізілім жинағы
Бұйымның жеткізілім жинағы орауыштың үстінде
көрсетілген. Бұйымды орауыштан шығарғанда
жинақтың толықтығын тексеріп шығыңыз. Керек-
жарақтар жетіспеген немесе тасымалдау кезінде
зақымдар тиген жағдайда, дилеріңізге
хабарласыңыз.
Құрылғының сипаттамасы
Суреттерді суреттері бар беттен қараңыз
Сурет A
Сурет B
Қиын кетірілетін дақтар үшін фрезалары бар
1
шүмек
Қазақша
қолдану
бөлшектер
137

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

K 4 premium