Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Нұсқау
Ол орнына түскеннен кейін, қабылдау науасын
телескопиялық тұтқадан шығару мүмкін емес.
Қолдану
ҚАУІП
Өткір пышақтың кесіп кетуі жəне құрылғының
кездейсоқ қосылуы салдарынан жарақат алу
қаупі!
Пышақтар кесіп кету салдарынан ауыр
жарақаттарға əкелуі мүмкін.
Пышақтарды ұстамаңыз.
Құрылғымен немесе құрылғыда кез-келген жұмыс
жасау кезінде көзілдірік пен қорғайтын қолғап
киіңіз.
Құрылғының байқаусызда қосылуын болдырмаңыз.
Құрылғы шамадан тыс жүктелу салдарынан
өздігінен өшсе, ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін дереу
босатыңыз. Құрылғыны қайта қоспас бұрын, ол
қайтадан жұмысқа дайын болғанша күтіңіз.
ЕСКЕРТУ
Жан жаққа бөлшектердің лақтырылуы
салдарынан жарақат алу қаупі бар!
Пышақтар бос бөлшектерді жан жаққа лақтыруы
мүмкін.
Жұмыс басталғанға дейін жұмыс аймағын сым,
тастар, шыны тəрізді тасталуы мүмкін
заттардың жоқтығына тексеріңіз.
Құрылғымен кез-келген жұмыс жасау кезінде
көзілдірік, қорғайтын қолғап жəне есту мүшелерінің
қорғанысын киіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Пышақ арқылы немесе пышақтардың
зақымдану қаупі бар!
Пышақтар заттарды зақымдауы мүмкін.
Қатты заттар пышақтарды зақымдауы мүмкін.
Жұмысты бастамас бұрын жұмыс аймағында
баусымдар, шлангтар, құбырлар, кабельдер,
металл өзектер, сымды торлар сияқты
заттардың бар-жоғын тексеріп, жеткілікті
қашықтықта ұстаңыз.
Шөпті шөп кескішпен кесу
1. Шөп кескішті орнатыңыз, Шөп немесе бұта
кескішті орнатыңыз тарауын қараңыз.
2. Пышақ қорғанысын алыңыз.
3. Қауіпсіздік кілтін енгізіңіз.
Сурет E
4. Құрылғыны қосыңыз:
Сурет I
a ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін қалпына келтіру
түймешігін басып ұстап тұрыңыз.
b ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін басыңыз.
Құрылғы іске қосылады.
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін қалпына келтіру
түймешігін енді босатуға болады.
Құрылғыны тоқтату үшін ҚОСУ/ӨШІРУ
түймесін босатыңыз.
5. Пышақты еденге параллель бағыттаңыз.
Сурет J
Телескопиялық тұтқасы бар шөп
кескішпен шөп кесіңіз
1. Шөп кескішті құрылғыға орнатыңыз, Шөп немесе
бұта кескішті орнатыңыз тарауын қараңыз.
Нұсқау
Қауіпсіздік мақсатында бұта кескішті
телескопиялық тұтқамен пайдалануға болмайды.
Егер бұта кескіш орнатылған болса, құрылғыны
қабылдау науасына итеру мүмкін емес. Бұта
кескішке ешқандай өзгерістер енгізбеңіз!
2. Құрылғыны қабылдау науасына кіретін жерге
дейін итеріңіз.
Сурет K
Нұсқау
Құрылғыны алу үшін оны қабылдау науасынан
шығарыңыз.
Сурет L
3. Мысалы, шығыңқы жерлерде шөп кесу үшін
құрылғыны солға немесе оңға бұраңыз:
Сурет M
a Құлпын ашу ысырмасын көрсеткі бағытында
тартып ұстап тұрыңыз.
b Құрылғыны қабылдау науасымен 90° солға
немесе оңға бұрыңыз.
c Құлпын ашу ысырмасын жіберіңіз.
Қабылдау науасы орнына түседі.
4. Қажет болса, телескопиялық тұтқаның
ұзындығын реттеңіз:
Сурет N
a Салмалы сомынды босатыңыз.
b Телескопиялық тұтқаны біріктіріңіз немесе
ажыратыңыз.
c Салмалы сомынды қатайтыңыз.
5. Пышақ қорғанысын алыңыз.
6. Телескопиялық тұтқадағы ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі
арқылы құрылғыны қосыңыз:
Сурет O
a Телескопиялық тұтқадағы ҚОСУ/ӨШІРУ
түймесін қалпына келтіру түймешігін басып
тұрыңыз.
b Телескопиялық тұтқадағы ҚОСУ/ӨШІРУ
түймесін басыңыз.
Құрылғы іске қосылады.
ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін қалпына келтіру
түймешігін енді босатуға болады.
Құрылғыны тоқтату үшін ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін
босатыңыз.
Нұсқау
Құрылғы телескопиялық тұтқаға орнатылған
болса, құрылғыдағы ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі
ешқандай функцияны атқармайды.
ҚАУІП
Құрылғыны телескопиялық тұтқамен көтеру
кезінде жарақат алу қаупі бар!
Телескопиялық тұтқамен көтерген кезде
құрылғыны қауіпсіз бағыттау мүмкін емес,
бақылаудан шығып, кесіп кетуге немесе
көгерулерге əкелуі мүмкін.
Құрылғыны телескопиялық тұтқамен көтермеңіз.
Құрылғыны тек дөңгелектерін жерге қойып
бағыттаңыз.
7. Құрылғыны телескопиялық тұтқамен
бағыттаңыз.
Сурет P
Сурет Q
Бұта кескішпен бұталарды/тал-шіліктерді/
1. Бұта кескішті орнатыңыз, Шөп немесе бұта
кескішті орнатыңыз тарауын қараңыз.
2. Құрылғыны қосыңыз:
Сурет I
Қазақша
тоғайларды кесу
261

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis