Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Қауіпсіздік Нұсқаулары - Kärcher GSH 2 Plus Bedienungsanleitung

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Мазмұны
Қауіпсіздік нұсқаулары....................................... 255
Мақсатына сəйкес қолдану ............................... 259
Қоршаған ортаны қорғау ................................... 259
Жеткізілім жинағы .............................................. 259
Қорғаныс құрал-жабдықтары ............................ 259
Құрылғыдағы белгілер....................................... 260
Құрылғының сипаттамасы................................. 260
Орнату ................................................................ 260
Қолдану .............................................................. 261
Тасымалдау........................................................ 262
Сақтау ................................................................. 262
Ақаулар кезіндегі көмек ..................................... 263
Кепілдік ............................................................... 264
Техникалық мағлұматтар .................................. 264
декларация......................................................... 264

Қауіпсіздік нұсқаулары

Құрылғыны алғаш қолданар алдында,
бастапқы пайдалану нұсқаулары мен
қауіпсіздік нұсқауларын, сондай-ақ
аккумулятор жинағымен жəне зарядтау
құрылғысымен бірге келген бастапқы пайдалану
нұсқаулары мен қауіпсіздік нұсқауларын оқып
шығыңыз.
Нұсқаулыққа сəйкес əрекет етіңіз.
Əрі қарай пайдалану немесе келесі иесіне беру
үшін, барлық нұсқаулықтарды сақтап қойыңыз.
Пайдалану нұсқаулықтарындағы ақпаратқа
қосымша, құрылғы пайдаланылатын елдің
қауіпсіздік техникасы мен жазатайым оқиғалардың
алдын алудың жалпы заңнамалық ережелерін
сақтау керек.
Қауіп деңгейлері
ҚАУІП
● Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып
соғатын тікелей қауіп бойынша нұсқау.
ЕСКЕРТУ
● Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып
соғуы мүмкін қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
АБАЙЛАҢЫЗ
● Жеңіл жарақаттануға апарып соғуы ықтимал
қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
● Материалдық зиянға апарып соғуы ықтимал
қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
Электр құралдарының қауіпсіздігі туралы
жалпы нұсқаулар
ЕСКЕРТУ
● Осы электр құралымен бірге келген барлық
қауіпсіздік ескертулерін, нұсқауларды,
иллюстрацияларды жəне техникалық
сипаттамаларды оқыңыз.
Төмендегі барлық нұсқауларды орындамау
электр тоғының соғуына, өртке жəне/немесе
ауыр жарақатқа əкелуі мүмкін. Кейінірек
пайдалану үшін барлық ескертулер мен
нұсқауларды сақтаңыз.
Ескертулердегі «электр құралы» термині желіде
жұмыс істейтін электр құралын (сыммен) немесе
батареямен жұмыс істейтін электр құралын
(сымсыз) білдіреді.
1
Жұмыс аймағының қауіпсіздігі
a Жұмыс аймағын таза жəне жақсы
жарықтандырылған күйде ұстаңыз.
Жиналмаған немесе қараңғы жерлер
жазатайым оқиғаларды тудырады.
b Электр құралдарын жарылғыш ортада,
мысалы, жанғыш сұйықтықтар, газдар
немесе шаң болған кезде қолданбаңыз.
Электр құралдары шаңды немесе
түтіндерді тұтатуы мүмкін ұшқындар
жасайды.
c Электр құралымен жұмыс істеу кезінде
балалар мен бөгде адамдарды алыс
ұстаңыз. Алаңдату əрекеттері сіздің
бақылауды жоғалтуыңызға əкелуі мүмкін.
2
Электр қауіпсіздігі
a Электр құралының ашалары розеткаға
сəйкес келуі керек. Ашаларды ешбір
жағдайда өзгертпеңіз. Адаптер ашаларын
жерге тұйықталған (жерге қосылған) электр
құралдарымен қолданбаңыз.
Өзгертілмеген ашалар мен сəйкес
розеткалар электр тоғының соғу қаупін
азайтады.
b Құбырлар, радиаторлар, пештер жəне
тоңазытқыштар сияқты жерге тұйықталған
немесе жерге қосылған беттермен дененің
жанасуын болдырмаңыз. Егер денеңіз
жерге тұйықталған немесе жерге қосылған
бетпен жанасса, электр тоғының соғу қаупі
артады.
c Электр құралдарын жаңбырға немесе
ылғалға ұшыратпаңыз. Электр құралына
судың түсуі электр тоғының соғу қаупін
арттырады.
d Сымды теріс пайдаланбаңыз. Электр
құралын тасымалдау, тарту немесе электр
желісінен ажырату үшін ешқашан сымды
пайдаланбаңыз. Сымды жылу көздерінен,
майдан, өткір жиектерден немесе
қозғалатын бөліктерден алыс ұстаңыз.
Зақымдалған немесе шатасып қалған
сымдар электр тоғының соғу қаупін
арттырады.
e Ашық ауада электр құралымен жұмыс
істегенде, сыртта пайдалануға жарамды
ұзартқыш сымды пайдаланыңыз. Сыртта
пайдалануға жарамды сымды пайдалану
электр тоғының соғу қаупін азайтады.
f Егер электр құралының ылғалды жерде
жұмыс істеуі сөзсіз болса, қорғаныс өшіру
құрылғысымен (RCD) қорғалған қуат көзін
пайдаланыңыз. RCD қолдану электр
тоғының соғу қаупін азайтады.
3
Жеке қауіпсіздік
a Электр құралымен жұмыс істегенде сақ
болыңыз, əрекеттеріңізді қадағалаңыз
жəне ақылға қонымды қимылдаңыз. Егер
сіз шаршап тұрсаңыз немесе есірткі,
алкоголь немесе дəрі-дəрмектер əсерінде
болсаңыз, электр құралын
пайдаланбаңыз. Электр құралымен жұмыс
жасау кезінде бір сəтке назардан тыс қалу
ауыр жарақатқа əкелуі мүмкін.
Қазақша
255

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis