Herunterladen Diese Seite drucken

Аккумулятор Жинағы/Зарядтау Құрылғысы; Бұйымды Мақсатына Сəйкес Қолдану; Қоршаған Ортаны Қорғау; Керек-Жарақ Жəне Қосалқы Бөлшектер - Kärcher WRE 18-55 Originalbetriebsanleitung

Akku-unkrautentferner
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für WRE 18-55:

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
● Пайдалану кезінде құрылғының қайтарымын
ескеріңіз. Қосулы тұрған құрылғы
бақыланбайтын түрде əрі-бері қозғала алады.
Құрылғыны мықтап ұстаңыз жəне нық сенімді
қалыпқа қойыңыз.
● Құрылғыны қуатқа жалғанған құрылғылардың
қасына орнатуға тыйым салынады.
● Аккумулятор жинағына қоса берілген қауіпсіздік
техникасы бойынша нұсқауларды орындаңыз
жəне соған сəйкес əрекет етіңіз.
Аккумулятор жинағы/Зарядтау
құрылғысы
Аккумулятормен жəне зарядтау құрылғыларымен
жұмыс істеу кезінде пайдалану жөніндегі
нұсқалықты жəне қауіпсіздік техникасы бойынша
нұсқаулықты оқыңыз жəне оларды орындаңыз.
Бұйымды мақсатына сəйкес
қолдану
ЕСКЕРТУ
Лақтырып тасталған бөлшектер арқылы
жарақат алу қаупі бар
Қорғауыш қақпағы бар арамшөп тазартқыштарды
пайдаланыңыз.
Құрылғы мүктер мен арамшөптерді буындардан
жəне əртүрлі беттерден, соның ішінде композиттік
тастардың, кір жуғыш бетон тақталардың,
керамикалық тақталардың бетінен жоюға арналған.
Бұйымды үй шаруашылығында ғана қолданыңыз.
Телескопиялық тұтқаны жəне бұрылатын тазалау
механизмін түрлі дене өлшемдеріне бейімдеуге
болады.
Болжалды қате пайдаланушылық
Мақсаты бойынша пайдаланбауға рұқсат
берілмейді.
Оператор дұрыс пайдаланбаудан туындаған зақым
үшін жауап береді.
Қоршаған ортаны қорғау
Орауыш материалдарын утилизациялауға
болады. Орауыштарды қоршаған ортаға
қауіпсіз түрде утилизациялаңыз.
Электрлік жəне электрондық бұйымдардың
құрамында қате қолдану немесе
утилизациялау нəтижесінде адам
денсаулығына жəне қоршаған ортаға қауіп
төндіруі ықтимал, құнды қайта өңделмелі
материалдар жəне батареялар, аккумуляторлар
немесе май сияқты бөлшектер жиі кездеседі.
Алайда, аталмыш бөлшектер бұйымды тиісінше
пайдалану үшін қажет болады. Осы таңбамен
белгіленген бұйымдарды үй қоқыстарымен бірге
тастауға болмайды.
Құрамдағы заттар бойынша нұсқаулар (REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы
мəліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.kaercher.com/REACH
Керек-жарақ жəне қосалқы
бөлшектер
Тек түпнұсқалы керек-жарақ немесе қосалқы
бөлшектерді пайдаланыңыз, себебі ол құралдың
қауіпсіз жəне апатсыз жұмыс істеуіне кепілдік
болады.
118
Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.
Жеткізілім жинағы
Бұйымның жеткізілім жинағы орауыштың үстінде
көрсетілген. Бұйымды орауыштан шығарғанда
жинақтың толықтығын тексеріп шығыңыз. Керек-
жарақтар жетіспеген немесе тасымалдау кезінде
зақымдар тиген жағдайда, дилеріңізге
хабарласыңыз.
Қорғаныс құрал-жабдықтары
Қорғауыш қақпағы бар щеткалар
Сурет B
Қорғауыш қақпағы пайдаланушының немесе
айналасындағы адамдардың лақтырып тастаған
бөлшектермен жарақаттануына жол бермейді.
Құрылғыдағы белгілер
Ұшатын объектілер туралы ескерту.
Басқа адамдарды жұмыс орнынан
алыс ұстау қажет.
Құрылғымен жұмыс істер кезінде
тиісті құлақ қорғанысы мен қорғауыш
көзілдіріктер киіңіз.
Құрылғыны жаңбырдан жəне судың
шашырауынан қорғаңыз.
Бойы 177 см-ге дейінгі
пайдаланушылар үшін.
Бойы 178 см-ден асатын
пайдаланушылар үшін.
Нысандар, мысалы банк астында
пайдалану үшін.
Қылшық лентасының қақпағын ашуға
арналған айналу бағыты.
Қылшық лентасының қақпағын жабуға
арналған айналу бағыты.
Құрылғының сипаттамасы
Сурет Графикалық беттерді қараңыз
Сурет A
Айналмалы нейлон щеткасы
1
Айналмалы тазартқыш бастиек
2
Тазартқыш бастиекті босататын батырма
3
Телескопиялық тұтқа
4
Қазақша

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

Wre 18-55 battery set