Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Пайдалану - Kärcher SP 17.000 Flat Level Sensor Bedienungsanleitung

Inhaltsverzeichnis

Werbung

● SP 22.000 Dirt Level датчигі: тіреу аяғына
кіріктірілген
Сорғы қосылымы алынбалы жүйемен
жабдықталған (жылдам қосылым).
G 1 ½ сорғының байланыстырушы элементі бар
жалғау бөлігі құрылғыны жеткізу жиынтығына
бөлшектелген түрде кіреді.
Нұсқау
G 1 ½ сорғының байланыстырушы элементіне
диаметрі 1", 1 ¼" жəне 1 ½" шлангтарды қосуға
болады.
Қажетті өлшемдегі түйіршіктері бар заттарды
қайта айдау үшін жеткілікті үлкен диаметрдегі
шлангіні таңдап, сорғының келте құбырын
саңылаулар бойынша қысқарту керек. Сондай-ақ,
түйіршіктері кішкентай заттар үшін үлкен
диаметрдегі шлангі ұсынылады: бұл арқылы үлкен
ағынның көлеміне қол жеткізуге болады.
Шлангты сорғыға қосыңыз:
1
G 1 ½ сорғының байланыстырушы элементін
жалғау бөлігіне бұраңыз.
Сурет B
2
Шланг қысқышын шлангқа сырғытыңыз.
3
Шлангты G 1 ½ сорғының байланыстырушы
элементіне сырғытып, шланг қысқышымен
бекітіңіз.
4
Жалғау бөлігін жылдам қосылым ішіне итеріңіз.
Сурет C
Сорғыны орнату/батыру:
1
Деңгей датчигін жоғарғы жағындағы
бағыттағышқа салыңыз.
Сурет D
2
Тіреу аяқтарын ашыңыз немесе жабыңыз.
(SP 17.000 Flat Level датчигі)
Сурет E
Нұсқау
Тіреу аяқтарын ашу міндетті түрде қажет емес,
тіреу аяқтарының ашылуына байланысты үлкен
айдап шығару күшіне қол жеткізіледі. Тіреу
аяқтарын жабу сұйықтықты 1 мм-ге дейінгі
сұйықтықтың қалдық деңгейімен жалпақ соруға
мүмкіндік береді.
3
Алдын ала тазалау сүзгісін монтаждаңыз немесе
бөлшектеңіз. (SP 17.000 Flat Level датчигі)
Сурет E
Нұсқау
Алдын ала тазалау сүзгісін монтаждау міндетті
түрде қажет емес, бірақ өнімділікті арттыруға
мүмкіндік береді (тек SP 17.000 Flat Level датчигі
үшін). Алдын ала тазалау сүзгісі қайта айдалатын
сұйықтықты алдын ала сүзгілеуге арналған, ол
сорғыны қатты ластанудан қорғайды. Сүзгіні
пайдаланғанда 5 мм дейінгі бөлшектері бар
заттарды қайта айдауға болады. Алдын ала
тазалау сүзгісін бөлшектеу сұйықтықтың 1 мм
қалдық сұйықтық деңгейіне дейін жалпақ сорылуын
қамтамасыз етеді (тек SP 17.000 Flat Level
датчигі үшін).
4
Сорғыны айдалатын сұйықтықта қатты бетке
мықтап орнатыңыз немесе оны тасымалдау
тұтқасына бекітілген арқанмен батырыңыз.
Нұсқау
Сору аймағы кірмен бітеліп қалмауы керек. Егер
жер лай болса, сорғыны кірпішке немесе ұқсас
нəрсеге салыңыз. Сорғының тураланғанына көз
жеткізіңіз. Сорғыны кабельден немесе шлангтан
ұстап тасымаңыз.
146
ҚАУІП
Ток соғудан өмірге қауіп бар!
Кернеу өткізгіш бөлшектерге тиген кезде, электр
тогының соғуынан өмірге қауіп төнеді.
Жұмыс кезінде тасымалдау тұтқасына бекітілген
кабельге немесе сорылатын сұйықтықпен
байланыста болатын кез-келген затқа (мысалы,
сорылатын сұйықтыққа шығатын құбырлар,
тұтқалар) тигізбеңіз жəне сорылатын
сұйықтыққа қол тигізбеңіз.
Автоматты желдету құрылғысы
1. Сұйықтық деңгейі төмен болған кезде сорғыға
сорылған немесе сорғыдағы кез келген ауа
автоматты желдету құрылғысы арқылы сыртқа
шығады. Ауадан басқа сұйықтық ағып кетуі
мүмкін.
Егер сорғы сұйықтық деңгейі төмен болғанда
толтыруда қиындыққа тап болса, толтыру
процесіне көмектесу үшін қуат сымын қайта-
қайта ажыратып, қосыңыз.
Сурет F
Нұсқау
Автоматты режимде деңгей датчигі айдау
процесін автоматты түрде басқарады. Деңгей
датчигі көтеріліп келе жатқан айдалатын
сұйықтықпен байланысқаннан кейін сорғы
қосылады.
Деңгей датчигі төмендеп келе жатқан айдалатын
сұйықтықпен байланысын жоғалтқаннан кейін
жəне 15 с кідіріс уақыты аяқталғаннан кейін сорғы
өшеді.
Сурет G
Қосылуы:
Сорғының өздігінен соруы үшін қажетті сұйықтықтың
минималды деңгейі (= минималды қосылу
нүктелері):
● SP 17.000 Flat Level датчигі: 7 мм (алдын ала
тазалау сүзгісін пайдаланғанда 57 мм)
● SP 22.000 Dirt Level датчигі: 50 мм
Деңгей датчигі қосылуының максималды реттеу
биіктігі:
● SP 17.000 Flat Level датчигі: 190 мм (алдын ала
тазалау сүзгісін пайдаланғанда 240 мм)
● SP 22.000 Dirt Level датчигі: 237 мм
Қалдың сұйықтықтың минималды деңгейі/
максималды сору тереңдігі:
● SP 17.000 Flat Level датчигі: 1 мм (алдын ала
тазалау сүзгісінсіз, тіреу аяқтары жабылған)
● SP 22.000 Dirt Level датчигі: 35 мм
Нұсқау
Алдын ала тазалау сүзгісін пайдалану ұсынылады.
Нұсқау
Сорғының тураланғанына көз жеткізіңіз. Əйтпесе,
деңгей датчигі сұйықтықпен байланысын
жоғалтпауы жəне сорғы құрғақ жұмыс істеуі
мүмкін.
1. Деңгей датчигін қажетті қосу деңгейіне дейін
сырғытыңыз (айдалатын сұйықтықпен
байланыс).
Нұсқау
Деңгей датчигі неғұрлым жоғары орнатылған
болса, қосу жəне өшіру нүктесі соғұрлым жоғары
Қазақша
Пайдалану
Автоматты режим

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Sp 22.000 dirt level sensor

Inhaltsverzeichnis