Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GCM 10 J Professional Originalbetriebsanleitung Seite 220

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GCM 10 J Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 9
OBJ_BUCH-1156-002.book Page 220 Friday, December 12, 2014 10:18 AM
220 | Қaзақша
Қатты немесе икемді орнату
 Тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету үшін электр
құралын пайдаланудан алдын тегіс бекем жұмыс
аймағына (мысалы верстак) орнату керек.
Жұмыс аймағында орнату (D1–D2 суреттерін
қараңыз)
– Электр құралын сәйкес бұрандалармен жұмыс
аймағында бекітіңіз. Ол үшін 13 ойықтары көмектеседі.
немесе
– Электр құралының аяқтарын стандартты бұрандалы
қысқышпен жұмыс аймағында бекітіңіз.
Bosch жұмыс үстелінде орнату
Bosch фирмасының GTA жұмыс үстелдері электр
құралдарын биіктігі реттелетін аяқтары арқылы кез келген
табанда бекітеді. Жұмыс үстеліндегі дайындама
тіреуіштері ұзын дайындамаларды тіреуге арналған.
 Жұмыс үстелі жинағындағы барлық ескертулер
мен нұсқаулықтарды оқыңыз. Ескертпелер мен
нұсқаулықтарды сақтамау тоқтың соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі
мүмкін.
 Электр құралын орнатудан алдын жұмыс үстелін
дұрыс құрыңыз. Бұзылу қауіпін болдырмау үшін
мінсіз құру маңызды болып қалады.
– Электр құралын тасымалдау күйінде жұмыс үстеліне
орнатыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
 Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Әрдайым шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама
сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін.
– Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан тартып
қойыңыз.
– Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
– Тығыздану себебін айқындап оны жойыңыз.
Жеке шаңсору (C суретін қараңыз)
Жоңқаларды ұстау үшін жинақтағы шаң қабын 21
пайдаланыңыз.
1 609 92A 0XH | (12.12.14)
– Шаң қабындағы 21 қапсырманы қысып шаң қабын
жоңқа шығатын жер үстінен 25 қаптаңыз. Қапсырма
жоңқа шығатын жердің қапсырмасын ұстауы керек.
Шаң қабы аралау кезінде әрекет жасап тұрған апсап
бөліктерін тимеуі тиіс.
Шаң қабын уақтылы босатыңыз.
 Шаң қабын әрбір пайдаланудан соң тексеріп
тазалаңыз.
 Өрт қауіпін алдын алу үшін алюминийді аралауда
шаң қабын алып қойыңыз.
Сыртқы сорғыш
Шаңсору үшін жоңқа шығатын жерге 25 шаңсорғыш
шлангін (Ø 36 мм) қосу мүмкін.
– Шаңсорғыш шлангін жоңқа шығатын жерге 25
қосыңыз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Жұмыс құралын ауыстыру (E1–E3 суреттерін
қараңыз)
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап
киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі бар.
Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр
құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары болған
аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы пайдалану нұсқаулығында берілген деректерге
сәй және EN 847-1 бойынша тексерілген болып тиісті
ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы электр құралының өндірушісі ұсынған және сіз
өңдейтін материалға сәй аралау дискілерін
пайдаланыңыз.
Аралау дискісін шешу
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Тұтқышты 1 басып, тербелуден сақтайтын қаптаманы 4
тірелгенше артқа қайырыңыз.
Тербелуден сақтайтын қаптаманы осы күйде ұстаңыз.
– Бұранданы 32 жинақтағы крест тәрізді бұрауышпен 28
тербелуден сақтау қаптамасының бекіткіші тірелгенше
қайыратындай болғанша босатыңыз.
– Алы қырлы бұранданы 34 жинақтағы алты қырлы
торцтық кілтпен 28 бұрап шпиндель бекіткішін 33
тірелгеніше бірдей басыңыз.
– Шпиндель бұғаттауын 33 басып ұстап бұранданы 34
сағат тілімен бұрап шығарыңыз (сол жақтық бұранда!).
– Қысқыш фланецты 35 шешіңіз.
– Аралау дискісін 36 шешіңіз.
Аралау дискісін орнату
Керек болса барлық орнатылатын бөліктерді тазалаңыз.
– Жаңа ара дискісін аспап шпинделіне орнатыңыз 37.
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis