Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Metabo W 22-180 MVT Originalbetriebsanleitung Seite 141

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für W 22-180 MVT:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
6.2
Қорғаныш қалпақты орнату
Қолданысқа енгізу алдында:
қорғаныш қалпақты
орнатыңыз.
Қауіпсіздік тұрғысынан тек тиісті алмалы-
салмалы құралға арналған қорғаныш
қалпақты пайдаланыңыз! Қате қорғаныш қалпақ
бақылау мүмкіндігінен айырылуға және ауыр
жарақат алуға әкелуі мүмкін. Сондай-ақ «Керек-
жарақтар» атты 11.-бөлімді қараңыз!
2-беттегі F суретін қараңыз.
- Ысырманы (16) ашыңыз. Қорғаныш қалпақты
(13) көрсетілген күйде орнатыңыз.
- Қорғаныш қалпақты оның жабық бөлігі
пайдаланушыға қарап тұратындай етіп
бұраңыз.
- Ысырманы жауып қойыңыз.
- Қажет болса, ысырманың қысу күшін
бұранданы (17) тарту арқылы (ысырма ашық
болғанда) арттыруға болады.
6.3
Айналмалы негізгі тұтқыш
Бекітулі негізгі тұтқышпен (11) ғана жұмыс
істеңіз!
2-беттегі C суретін қараңыз.
- Түймені (10) басыңыз.
- Енді негізгі тұтқышты (11) екі жаққа да 90°-қа
бұрауға және бекітуге болады.
- Берік орнатылғанын тексеріңіз: негізгі тұтқыш
(11) бекітіліп тұруы және айналмауы тиіс.
6.4
Электр желісіне қосылым
Желілік розеткалар инерциялық балқығыш
сақтандырғыштармен немесе желілік қорғаныш
автоматтармен қорғалуы тиіс.
Түр тақтайшасында «WE...» белгісі бар
аспаптар:
(іске қосу тогын автоматты түрде шектегіші
(бірқалыпты іске қосу) кіріктірілген) Желілік
розеткаларды, сондай-ақ жылдам іске
қосылатын балқығыш сақтандырғыштармен
немесе желілік қорғаныш автоматтармен
қорғауға болады.
7. Ажарлағыш дөңгелекті
орнату
Қайта жабдықтау бойынша барлық
жұмыстардың алдында: желілік ашаны
розеткадан суырыңыз. Аспап қосылып тұруы
және шпиндель қозғалмай тұруы тиіс.
Кескіш дөңгелектермен жұмыс істеу үшін
қауіпсіздік тұрғысынан кескіш дөңгелекке
арналған қорғаныш қалпақты («Керек-
жарақтар» атты 11.-бөлімді қараңыз)
пайдаланыңыз.
Қорғаныш қалпақтан кем
дегенде 3,4 мм шамасына
шығып тұратын алмалы-
салмалы құралдарды
пайдаланыңыз.
7.1
Шпиндельді бекіту
Шпиндель бекіткішінің түймесін (5)
шпиндель тоқтап тұрғанда ғана басыңыз.
- Шпиндель бекіткішінің түймесін (5) басып,
шпиндельді (3) бекіткіш түймесі шерту
дыбысымен тірелгенше қолмен бұраңыз.
7.2
Ажарлағыш дөңгелекті орналастыру
2-беттегі D суретін қараңыз.
W 2..., WE 2... белгісі бар аспаптар:
- Тіреуіш фланецті (2) шпиндельге орнатыңыз.
Фланец шпиндельде айналмаған жағдайда
дұрыс орнатылған деп есептеледі.
- Ажарлағыш дөңгелекті D суретінде
көрсетілгендей тіреуіш фланецке (2)
орналастырыңыз.
Ажарлағыш дөңгелек тіреуіш фланецпен
біркелкі жанасуы тиіс.
W...A 2... белгісі бар аспаптар:
Автобалансирдің тіреуіш фланеці (4)
шпиндельге берік бекітілген. Бұл басқа
бұрыштық ажарлағыштарға қарағанда қосымша
алмалы-салмалы тіреуіш фланец қажет емес
екендігін білдіреді.
Автобалансир тіреуіш фланецінің (4),
ажарлағыш дөңгелектің және Quick қыспа
гайкасының (1) немесе қыспа гайканың (14)
беттері таза болуы тиіс. Қажет болса, оларды
тазалап шығыңыз.
- Ажарлағыш дөңгелекті автобалансирдің
тіреуіш фланеціне (4) орналастырыңыз.
Ажарлағыш дөңгелек автобалансирдің тіреуіш
фланецімен біркелкі жанасуы тиіс.
7.3
Quick қыспа гайкасын бекіту/босату
(жабдықталуға байланысты)
Quick қыспа гайкасын (1) бекіту:
Егер қысу диапазонындағы алмалы-
салмалы құралдың қалыңдығы 8 мм
шамасынан артық болса, Quick қыспа гайкасын
пайдалануға тыйым салынады! Бұл жағдайда
қыспа гайканы (14) екі саңылаулы кілтпен (15)
бірге пайдаланыңыз.
Тек ақаусыз және зақымдалмаған Quick
қыспа гайкасын пайдаланыңыз: көрсеткі
сыртқы сақинадағы ойыққа қарап тұруы тиіс (2-
беттегі суретті қараңыз).
- Шпиндельді бекітіңіз (7.1 бөлімін қараңыз).
- Quick қыспа гайкасын (1) шпиндельге (3)
орнатыңыз. 2-беттегі суретті қараңыз.
- Quick қыспа гайкасын сағат тілінің бағытымен
қолмен бұрап тартыңыз.
- Ажарлағыш дөңгелекті сағат тілінің
бағытымен күштеп бұрау арқылы Quick қыспа
гайкасын тартыңыз.
W...B... белгісі бар аспаптарда соңғы 180°-та
асқын қарсылық сезілуі тиіс.
Quick қыспа гайкасын (1) босату:
- Шпиндельді бекітіңіз (7.1 бөлімін қараңыз).
ҚАЗАҚША kk
141

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis