Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Metabo W 22-180 MVT Originalbetriebsanleitung Seite 136

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für W 22-180 MVT:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
kk
ҚАЗАҚША
Пайдалану нұсқаулығының түпнұсқасы
1. Сәйкестік бойынша
мәлімдеме
Жеке жауапкершілігімізбен жариялаймыз: түрі
мен сериялық нөмірі бойынша
сәйкестендірілетін осы бұрыштық ажарлағыш
*1) директивалардың *2) және стандарттардың
барлық тиісті қаулыларына *3). техникалық
құжаттамаларға сәйкес келеді *4) - 3-бетті
қараңыз.
2. Мақсатына сай пайдалану
Аспаптар түпнұсқа Metabo керек-жарағымен
бірге су пайдаланбай ажарлауға, егеуқұм
қағазымен ажарлауға, сым қылшақтармен
жұмыс істеуге және металл, бетон, тас пен
ұқсас материалдарды абразивті кесуге
арналған.
Мақсатынан тыс пайдаланудан болған
зақымдар үшін пайдаланушыға ғана жауапты
болады.
Жалпыға анық қауіпсіздік техникасының
ережелерін және белгіленген қауіпсіздік
нұсқауларын орындау керек.
3. Қауіпсіздік техникасы
бойынша жалпы нұсқаулар
Жеке басыңызды және электрлік
құралыңызды қорғау үшін осы белгі
қойылған мәтіндік үзінділерді
ұстаныңыз!
ЕСКЕРТУ – Жарақат алу қаупін азайту
үшін пайдалану бойынша нұсқаулықты
оқып шығыңыз.
ЕСКЕРТУ – Аталмыш электрлік
құралмен бірге берілген барлық
қауіпсіздік бойынша нұсқаулар, жалпы
нұсқаулар, суреттер мен техникалық
деректерді оқып шығыңыз.
нұсқауларды орындамау ток соғу, өрт және/
немесе ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін.
Қауіпсіздік техникасы бойынша барлық
нұсқауларды және жалпы нұсқауларды
болашақта пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
Электрлік құралыңызды тек қана осы
құжаттармен бірге табыстаңыз.
4. Қауіпсіздік техникасы
бойынша арнайы нұсқаулар
4.1
Ажарлау, егеуқұм қағазымен ажарлау,
сым қылшақтармен жұмыс істеу
немесе абразивті кесу кезіндегі
қауіпсіздік техникасы бойынша жалпы
нұсқаулар:
а) Аталмыш электрлік құралды ажарлағыш,
егеуқұм қағазы ажарлағышы, сым қылшақ,
саңылау кескіш немесе абразивті кескіш
136
Төмендегі
құрылғы ретінде пайдалану керек.
Құрылғымен бірге алған барлық қауіпсіздік
техникасының нұсқауларын, нұсқамаларды,
суреттер мен деректерді оқып шығыңыз.
Төмендегі нұсқаулардың барлығы
орындалмаған жағдайда, ток соғу, өрт және/
немесе ауыр жарақат алу қаупі туындауы
мүмкін.
ә) Аталмыш электрлік құрал жылтырату
үшін жарамайды. Электрлік құрал үшін
жарамайтын жұмыстарды өткізу қауіпті
жағдайлар мен жарақаттануға апарып соғуы
мүмкін.
б) Электрлік құралды оның конструкциясы
жарамды болмайтын және өндіруші
қарастырмаған функцияны атқару үшін
пайдаланбаңыз. Мұндай түрлендіру бақылау
мүмкіндігінен айырылуға және ауыр жарақат
алуға әкелуі мүмкін.
в) Өндіруші осы электрлік құрал үшін
арнайы әзірлеген және ұсынған алмалы-
салмалы құралдан басқасын
пайдаланбаңыз. Керек-жарақты электрлік
құралыңызға бекіту мүмкін болғанда ғана,
қауіпсіз қолданысқа кепіл беріледі.
г) Алмалы-салмалы құралдың рұқсат етілген
айналу жиілігі кем дегенде электрлік
құралда берілген ең жоғары айналу
жиілігімен бірдей болуы тиіс. Рұқсат
етілгеннен жылдам айналатын алмалы-
салмалы құрал сынуы және шашылып кетуі
мүмкін.
ғ) Алмалы-салмалы құралдың сыртқы
диаметрі мен қалыңдығы электрлік
құралыңыздың өлшем деректеріне сәйкес
келуі тиіс. Қате өлшенген алмалы-салмалы
құралды жеткілікті түрде жабу немесе бақылау
мүмкін болмайды.
д) Алмалы-салмалы құралды бекітуге
арналған өлшем электрлік құрал бекіткішінің
өлшемдеріне сәйкес келуі тиіс. Электрлік
құралға дәл бекітілмеген алмалы-салмалы
құралдар ауытқымалы түрде айналады, қатты
дірілдейді және бақылау мүмкіндігінен
айырылуға апарып соғуы мүмкін.
е) Зақымдалған алмалы-салмалы
құралдарды пайдаланбаңыз. Әр пайдалану
алдында ажарлағыш дөңгелектер сияқты
алмалы-салмалы құралдарда
жарықшақтардың және сызаттардың бар-
жоғын, тіреуіш ажарлағыш табақшаларда
сызаттар, тозу немесе қатты ескірудің бар-
жоғын және сым қылшақтарда босаған
немесе сынған сымдардың бар-жоғын
тексеріп шығыңыз. Электрлік құрал немесе
алмалы-салмалы құрал құлап түскен
жағдайда, оның зақымдалған-
зақымдалмағанын тексеріңіз немесе
зақымдалмаған алмалы-салмалы құралды
пайдаланыңыз. Алмалы-салмалы құралды
тексеріп орнатқаннан кейін айналадағы
барлық адамдарды айналмалы алмалы-

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis