Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Жұмысқа Дайындық - Hilti Nuron AG 6D-22-125 Original Bedienungsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für Nuron AG 6D-22-125:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
6
Жұмысқа дайындық
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі абайсыздан қосылу себебінен!
▶ Аккумуляторды орнату алдында оған қатысты өнімнің өшірілгеніне көз жеткізіңіз.
▶ Аспап реттеулерін орындау немесе қосалқы бөлшектерді алмастыру алдында аккумуляторды
шығарыңыз.
Осы құжаттамадағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орындаңыз.
6.1
Аккумуляторды зарядтау
1. Зарядтау алдында зарядтағыш құрылғының пайдалану бойынша нұсқаулығын оқып шығыңыз.
2. Аккумулятордағы және зарядтағыш құрылғыдағы контактілердің таза әрі құрғақ екендігіне көз
жеткізіңіз.
3. Аккумуляторды рұқсат етілген зарядтағыш құрылғы ішінде зарядтаңыз. → Бет 268
6.2
Аккумуляторды орнату
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі қысқа тұйықталудан немесе аккумулятордың құлауынан!
▶ Аккумуляторды орнату алдында аккумулятор контактілерінде және өнімдегі контактілерде бөгде
заттардың жоқтығына көз жеткізіңіз.
▶ Аккумулятордың әркез дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
1. Аккумуляторды алғаш рет іске қоспас бұрын зарядтаңыз.
2. Аккумуляторды өнімге шерту дыбысымен тірелгенше кіргізіңіз.
3. Аккумулятордың аспапқа берік бекітілгенін тексеріңіз.
6.3
Аккумуляторды шығару
1. Аккумулятордың құлыптан босату түймесін басыңыз.
2. Аккумуляторды өнімнен шығарыңыз.
6.4
Hilti құлаудан қорғанысын орнату (қосымша)
Биік жерде жұмыс істеу бойынша ұлттық директиваларды өніммен жұмыс істеген кезде міндетті
түрде ұстаныңыз.
Құлаудан қорғаныстың пайдалану бойынша нұсқаулығын қараңыз.
1. Құлаудан қорғаныстың екі ысырмасын да ұшқыннан қорғайтын пластинаға дәлдікті сақтап
орнатыңыз.
2. Құлаудан қорғанысты екі тиісті бұрандасымен бірге ұшқыннан қорғайтын пластинадағы арнайы
саңылаулар арқылы бекітіңіз.
3. Аккумуляторды орнатыңыз. → Бет 274
6.5
Биіктен құлаудан қорғаныс
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі құралдың және/немесе керек-жарақтың құлауынан!
▶ Тек өнім үшін ұсынылған Hilti құрал ұстағыш арқанын қолданыңыз.
▶ Құрал ұстағыш арқанның бекіту нүктесінде әр пайдалану алдында зақымдардың бар-жоғын тексеріп
шығыңыз.
Hilti құрал ұстағыш арқанының пайдалану бойынша нұсқаулықтарына назар аударыңыз.
Бұл өнім үшін биіктен құлаудан қорғаныс ретінде тек Hilti құлаудан сақтандырғышы мен Hilti компаниясы
ұсынған #2261970 құрал ұстағыш арқанының қисындасуын қолданыңыз.
274
Қазақ
7
2233921
*2233921*

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis