Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Hilti Nuron AG 6D-22-125 Original Bedienungsanleitung Seite 271

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für Nuron AG 6D-22-125:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
▶ Қолданылмайтын электр құралдарын балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Аспаппен таныс
емес немесе осы нұсқауларды оқып шықпаған адамдарға аспапты пайдалануға рұқсат
бермеңіз. Электр құралдары тәжірибесі жоқ пайдаланушылардың қолында қауіпті болады.
▶ Электр құралдары мен керек-жарақтарға ұқыпты қараңыз. Айналмалы бөліктердің мүлтіксіз
қызмет ететінін, олардың жүрісінің жеңілдігін, барлық бөліктердің тұтастығын және электр
құралының жұмысына теріс әсер етуі мүмкін зақымдардың жоқтығын тексеріңіз. Аспаптың
зақымдалған бөліктерін оны қолдану алдында жөндеуге өткізіңіз. Электр құралына техникалық
қызмет көрсету ережелерін сақтамау көп сәтсіз жағдайлардың себебі болып табылады.
▶ Кескіш аспаптардың үшкір және таза болуын қадағалау керек. Жұмыс күйінде сақталатын
кескіш аспаптардың сыналануы сиректеу болады, оларды басқару жеңілдеу.
▶ Электр құралын, саймандарды, көмекші құрылғыларды және т.б.
пайдаланыңыз.
Бұл кезде жұмыс жағдайларын және орындалатын жұмыстың сипатын
ескеріңіз. Электр құралдарын басқа мақсаттарда қолдану қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін.
▶ Тұтқыштар мен тұтқыш беттерін таза, құрғақ, май іздерінсіз ұстаңыз. Сырғанақ тұтқыштар мен
олардың беттері белгілі бір жағдайларда электр құралының қауіпсіз қолданылуы мен басқарылуына
жол бермейді.
Аккумуляторлық аспапты пайдалану және оған қарау
▶ Аккумуляторды тек өндіруші ұсынған зарядтағыш құрылғылардың көмегімен зарядтаңыз.
Зарядтағыш құрылғыны тиісті емес аккумулятор түрлерін зарядтау үшін қолданғанда өрт туындауы
мүмкін.
▶ Аспаппен жұмыс істеу үшін тек тиісті аккумуляторларды қолданыңыз. Басқа аккумуляторларды
пайдалану жарақаттарға әкелуі және өрт тудыруы мүмкін.
▶ Пайдаланылмайтын аккумуляторларды контакттардың тұйықталуының себебі болуы мүмкін
скрепкалардан, тиындардан, кілттерден, инелерден, винттерден және басқа металл
заттардан ары сақтаңыз. Аккумулятор контакттарының тұйықталуы күйіктерге немесе тұтануға
әкелуі мүмкін.
▶ Аккумулятормен тиісті емес түрде жұмыс істегенде одан электролит ағып шығуы мүмкін. Оған
тиюді болдырмаңыз. Кездейсоқ тигенде сумен шайыңыз. Электролит көзге тигенде дәрігер
көмегіне жүгініңіз. Аккумулятордан ағып шыққан электролит тері тітіркенуін немесе күйіктерді
тудыруы мүмкін.
▶ Зақымдалған не пішіні өзгертілген аккумуляторларды қолданбаңыз. Зақымдалған не пішіні
өзгертілген аккумуляторларды болжауға болмайды және олар өрт, жарылыс не жарақаттану қаупін
тудырады.
▶ Аккумуляторды өрт не жоғары температуралы аймақтардан алшақ ұстаңыз. Өрт немесе 130
°C (265 °F) жоғары температуралар жарылыс тудыруы мүмкін.
▶ Зарядтау үшін барлық нұсқауларды орындаңыз және аккумулятор не аккумуляторлық
құралды ешқашан пайдалану бойынша нұсқаулықта берілген температура ауқымдарынан
тыс зарядтамаңыз. Қате зарядтау немесе рұқсатты температура ауқымдарынан тыс зарядтау
аккумуляторды бұзуы және өрт қаупін арттыруы мүмкін.
Қызмет
▶ Электр құралын жөндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті
қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз. Бұл электр құралын қауіпсіз күйде сақтауды қамтамасыз
етеді.
▶ Зақымдалған аккумуляторларға ешқашан қызмет көрсетпеңіз. Аккумулятордың толық күтімін
тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету орталықтары орындауы тиіс.
2.2
Барлық жұмыстарға арналған қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
Ажарлау, егеуқұм қағазымен ажарлау, сым қылшақтармен жұмыс істеу және дөрекі кесу
бойынша қауіпсіздік техникасының жалпы нұсқаулары:
▶ Бұл электр құралды ажарлағыш, егеуқұм қағазымен ажарлағыш, сым қылшақ, саңылау
кескіш және абразивті кесу машинасы ретінде пайдалануға рұқсат етіледі. Аспаппен бірге
алынған барлық қауіпсіздік техникасы туралы нұсқауларды, нұсқауларды, схемаларды және
деректерді орындаңыз. Төменде берілен нұсқауларды орындамау электр тогының соғуына, өртке
және/немесе ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін.
▶ Бұл электр құралды жылтырату үшін қолдануға болмайды. Электр құралды басқа мақсатта
қолдану қауіпті жағдайлардың пайда болуына әкелуі мүмкін және жарақаттанудың себебі болуы
мүмкін.
▶ Электр құралды, ол құрал өндірушісі арнайы жобаламаған және белгілемеген жолмен жұмыс
істейтіндей өзгертпеңіз. Мұндай өзгеріс бақылау мүмкіндігінен айырылуға және ауыр жарақат
алуға әкелуі мүмкін.
*2233921*
2233921
нұсқауларға сай
Қазақ
263

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis