Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Hilti Nuron AG 6D-22-125 Original Bedienungsanleitung Seite 284

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für Nuron AG 6D-22-125:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Кесу мен ажарлау сапасы төмендесе, алмасты дискілерді алмастыру керек. Өзге жағдайларда
алмас сегменті биіктігінің 2 мм-ден аз болуы ауыстыруға себеп болады.
Басқа диск түрлерін кесу сапасы төмендеген кезде немесе бұрыштық ажарлағыш бөліктері
(дискіден басқа) жұмыс кезінде жұмыс материалына тиген жағдайда алмастыру керек.
Абразивті дискілерді тозу мерзімі өткеннен соң алмастыру қажет болады.
6.9.1
Алмалы-салмалы аспапты орнату
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі. Аспап қозғалтқышы тоқтап қалғанда алмалы-салмалы аспап ажыратылып қалуы
мүмкін.
▶ Алмалы-салмалы аспапты не қыспа гайканы бекітпес бұрын алмалы-салмалы аспап толығымен
тоқтағанша күтіңіз.
▶ Алмалы-салмалы аспап пен қыспа фланецтің бөліктері аспап моторы тоқтап қалған кезде
шпиндельден ажыратылмайтындай етіп оларды қыспа гайкамен бұрап бекітіңіз.
1. Қыспа фланец пен қыспа гайканы тазалаңыз.
2. Қыспа фланецтегі дөңгелек қималы сақинаның бар екендігін және зақымдалмағанын тексеріңіз.
▶ Жетіспейтін немесе зақымдалған қималы сақинаны алмастырыңыз.
3. Қыспа фланецті шпиндельге берік және айналмайтындай етіп орнатыңыз.
4. Алмалы-салмалы аспапты орнатыңыз.
5. Шпиндель мойнындағы қыспа гайканы айналдырыңыз.
6. Шпиндельді бұғаттау түймесін басып тұрыңыз.
7. Қыспа гайканы қыспа гайка кілтінің көмегімен тартыңыз.
6.9.2
Алмалы-салмалы аспапты бөлшектеу
ЕСКЕРТУ
Сыну және бұзылу қаупі бар. Шпиндель айналып тұрғанда шпиндельді бұғаттау түймесі басылып
тұрса, алмалы-салмалы аспап босап қалуы мүмкін.
▶ Шпиндельді бұғаттау түймесін тек шпиндель өшірулі күйінде болғанда басыңыз.
1. Шпиндельді бұғаттау түймесін басып тұрыңыз.
2. Гайка кілтін орналастырып және оны сағат бағытына қарсы айналдырып, қыспа гайканы босатыңыз.
3. Шпиндельді бұғаттау түймесін жіберіп, алмалы-салмалы аспапты алып тастаңыз.
6.9.3
Kwik lock гайкасын монтаждау
ЕСКЕРТУ
Бұзылу қаупі. Тым қатты тозудан Kwik lock жылдам қыспа гайкасы бұзылуы мүмкін.
▶ Жұмыс барысында Kwik lock жылдам қыспа гайкасының бетке тимейтінін қадағалаңыз.
▶ Зақымдалған Kwik lock жылдам қыспа гайкасын қолдануға болмайды.
Қыспа гайканың орнына қосымша Kwik lock жылдам қысқыш гайкасын пайдалануға болады.
Осы жолмен алмалы-салмалы аспапты қосымша құралдарды қолданбай ауыстыруға болады.
1. Қыспа фланец пен қыспа гайканы тазалаңыз.
2. Қыспа фланецтегі дөңгелек қималы сақинаның бар екендігін және зақымдалмағанын тексеріңіз.
▶ Жетіспейтін немесе зақымдалған қималы сақинаны алмастырыңыз.
3. Қыспа фланецті шпиндельге берік және айналмайтындай етіп орнатыңыз.
4. Алмалы-салмалы аспапты орнатыңыз.
5. Kwik lock жылдам қысқыш гайкасын алмалы-салмалы аспапқа салынғанша бұрап бекітіңіз.
▶ Kwik lock жазбасы бұрап бекітілген күйде көрінеді.
6. Шпиндельді бұғаттау түймесін басып тұрыңыз.
7. Алмалы-салмалы аспапты Kwik lock жылдам қысқыш гайкасы тартылғанша сағат тілінің бағытымен
қолмен мықтап бұрап орнатыңыз.
8. Шпиндельді бұғаттау түймесін жіберіңіз.
276
Қазақ
10
11
2233921
*2233921*

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis