Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Жұмысқа Дайындық - Hilti DGH 150 Handbuch

Betonschleifgeräte
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
5
Жұмысқа дайындық
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі бар! Өнімнің кездейсоқ іске қосылуы.
▶ Аспап реттеулерін орындау немесе қосалқы бөлшектерді алмастыру алдында желілік ашаны тартып
шығарыңыз.
Осы құжаттамадағы және өнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орындаңыз.
5.1
Алмалы-салмалы аспапты орнату
1. Құрал бекіткішін тазалаңыз.
2. Бекіткіш фланецті шпиндельге жалғап, бекіткіш фланецті тіркеңіз.
3. Алмалы-салмалы аспапты бекіткіш фланецтің ортаға келтіретін буртына жалғаңыз.
4. Жылдам қысқыш бұранданы жетек шпинделіне бұрап кіргізіңіз де, мықтап тартыңыз.
5.2
Алмалы-салмалы аспапты бөлшектеу
1. Қысқыш гайканы босатыңыз.
2. Алмалы-салмалы аспапты шығарып алыңыз.
5.3
Бүйірлік тұтқышты орнату
1. Бүйірлік тұтқышты босату үшін қысқыш иінтіректі ашыңыз.
2. Бүйірлік тұтқышты қажетті күйге орнатыңыз.
3. Қысқыш иінтіректі жабыңыз.
5.4
Қорғауыш қаптаманы орнату
1. Ажарлағыш білдекті өшіріңіз. → Бет 270
2. Құрылғыны тегістеу дискісіне қойыңыз.
3. Биіктігін арнайы тетік арқылы реттеңіз.
Ламель мен беткі жағының арасындағы қашықтық 1 мм қорғаныстың оңтайлы биіктігі болып
табылады.
4. Қабырға бойында жұмыс істегенде, қорғауыш қаптаманың сегменттік саңылауын қалаулы күйге
бұраңыз.
5. Сегменттік саңылауды қабырға бойында жұмыс істеп болған соң жабыңыз.
5.5
Берілісті таңдау
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу және зақым келтіру қаупі бар! Тым жоғары айналу жиілігінде ажарлағыш қондырманың
сегменттері босап қалуы мүмкін.
▶ Ұсақ ажарлау үшін тек 1-ші мен 2-ші берілістерді қолданыңыз.
1. Беріліс ауыстырып-қосқышы арқылы қолданылатын алмалы-салмалы аспапқа және астыңғы беттің
қаттылығына байланысты берілісті таңдаңыз.
Берілісті аспап электр желісіне қосылып тұрғанда ғана таңдауға болады.
2. 1-ші берілісті цемент сылақтағы бояулар сияқты жұмсақ минералды беттерді ажарлау үшін
қолданыңыз. Бұл шаң соруды жақсартады және материал қабаттарын алғанда орнату жүрісі
оңай болады.
3. 5-ші берілісті бетон, сылақ немесе тас сияқты қатты минералдық беттерді ажарлау үшін қолданыңыз.
Мұндай жылдамдықта ең жоғары өнімділік қамтамасыз етіледі.
*2240961*
2240961
Қазақ
269

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis