Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Kärcher FC 5 Originalbetriebsanleitung Seite 188

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für FC 5:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Бұйымды сақтау
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Иіс пайда болуына жол бермеу үшін, құрылғыны
сақтаған кезде таза су мен кір су багы толығымен
босатылуы керек.
Сурет
 Бұйымды тасымалдау тұтқасынан ұстап сақтау
орнына апарыңыз.
Сурет
 Тік күйде тұрғанын қамтамасыз ету үшін,
бұйымды тазалау станциясына қойыңыз.
 Бұйымды құрғақ бөлмеде сақтаңыз.
Күту мен техникалық тексеру
жұмыстары
Бұйымды шаю процедурасы арқылы
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Жұмысты аяқтаған соң, бұйымды әрдайым
тазалау станциясымен және таза сумен шайып
жуыңыз. Бұл процедура бұйымның оңтайлы
тазалануын қамтамасыз етеді және бұйымда кір
мен бактериялардың жиналуына немесе қолайсыз
иістің пайда болуына жол бермейді.
Сурет
 Бұйымды өшіру үшін, бұйым қосқышын (қосу/
өшіру) басыңыз.
Сурет
 Бұйымды тазалау станциясына қойыңыз.
 Соратын арналардан және соратын
бастиектердің оймакілтектерінен тазалау
құралының қалдықтарын толық кетіру
мақсатында шаю үшін таза суға арналған бакқа
салқын немесе жылы құбыр суының азғантай
мөлшерімен толтырыңыз.
Сурет
 Таза су багын бұйым ішіне салып қойыңыз.
Сурет
 Кір су багын шығарып босатыңыз.
"Кір су багын босату" тарауын қараңыз.
 Өлшеуіш ыдысты 200 мл сумен толтырыңыз.
 Суды тазалау станциясына құйыңыз.
 Қажет болса, шаю процедурасы үшін тиісті
KÄRCHER тазалағыш заттарын қосуға болады.
 Бұйымды қосу үшін бұйым қосқышын (Қосу/
Өшіру) басыңыз.
 Бұйымды су тазалау станциясынан толығымен
сорылғанша 30-60 секунд ішінде жұмыс
істетіңіз.
Сонымен шаю процедурасы аяқталады.
Нұсқау
Бұйым қаншама ұзақ қосылған болса, тазалағыш
білікшелерде соншама аз қалдық ылғал қалады.
 Бұйымды өшіру үшін, бұйым қосқышын (қосу/
өшіру) басыңыз.
 Егер таза су багында су қалған болса, таза су
багын шығарып босатыңыз.
Сурет
 Кір су багын босатыңыз.
"Кір су багын босату" тарауын қараңыз.
 Егер тазалау станциясында су қалған болса,
суды төгіп тастаңыз.
188
тазалау
Сурет
 Электр ашасын электр розеткасынан шығарып
алыңыз.
Сурет
 Желілік кабельді кабель ілгегіне орап қойыңыз.
 Желілік кабельді кабель қысқышымен бекітіңіз.
Білікшелерді тазалау
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Бұйымды білікшелерді шығару үшін еденге қоймас
бұрын, таза су мен кір су бактарын босату керек.
Осылайша бактан еден төсеміне
сұйықтықтардың төгілуіне жол берілмейді.
Нұсқау
Кірлену қатты болған жағдайда, тазалағыш
білікшелерді бөлек тазалауға болады.
Сурет
 Бұйымды өшіру үшін, бұйым қосқышын (қосу/
өшіру) басыңыз.
 Егер таза су багында су қалған болса, таза су
багын шығарып босатыңыз.
Сурет
 Электр ашасын электр розеткасынан шығарып
алыңыз.
 Таза су багын босатыңыз.
Сурет
 Кір су багын босатыңыз.
Сурет
 Тазалағыш білікшелерді тұтқасынан шығарып
тастаңыз.
 Тазалағыш білікшелерді ағынды су астында
тазалаңыз.
немесе
 Тазалағыш білікшелерді кір жуу машинасында
ең көбі 60°C температурасында жуыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Кір жуу машинасында тазалаған кезде,
кондиционерді қолданбаңыз. Сөйтіп
микроталшықтар зақымдалмайды және
тазалағыш білікшелер өзінің жоғары тазалау
өнімділігін сақтап тұрады.
Тазалағыш білікшелерді кептіргіште кептіруге
болмайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Кір жуғыш машинаға зақым келтірмес үшін
біліктерді киім-кешек торына салып, кір жуғыш
машинаға қосымша киім-кешек салуды ұсынамыз.
 Тазалаған соң, білікшелерді таза ауада
кептіріңіз.
Сурет
 Тазалағыш білікшелерді тірелгенше білікше
бекіткішіне бұрап бекітіңіз.
 Білікшелердің ішкі жағы мен бұйымдағы білікше
ұстағышының түстері сәйкес екендігіне назар
аударыңыз (мысалы, көк пен көк).
 Салып қойған соң, тазалағыш білікшелер берік
орнатылып тұрғанын тексеріңіз.
– 9
KK

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Fc 5 premium

Inhaltsverzeichnis