Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Тығынды Реттеу; Тұрып Қалған Құралды Реттеу; Тұрып Қалған Құралды Босату; Кабельді Шығарып Алу - RIDGID PowerClear Bedienungsanleitung

Rohrreiniger; abflussreinigungsmaschine
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 53
PowerClear™ ағын құбырын тазалау құрылғысы
Ағын құбырына салынған кабельдің көлеміне назар
аударыңыз. Кабельді үлкендеу ағын желісіне немесе ұқсас
өтпеге салу кабельдің бұралуына немесе түйінделуіне
әкеліп соғуы мүмкін және ағын құбырынан алынуына
жол бермеуі мүмкін. Ақаулықтарды болдырмау үшін
өтпеге салынатын кабель мөлшерін барынша азайтыңыз.
Барабандағы кабель мөлшерін ашық алдыңғы корпус
арқылы бақылауға болады (10-сурет).
Барабанды
"АЛҒА"
айналдыру
10-сурет – Барабандағы кабельді қадағалау
Тығынды реттеу
Егер кабель шеті бұрылуын тоқтатса, ол бұдан әрі ағын
құбырын тазартпайды. Егер кабель шеті тығында тұрып
қалған болса және қуат ағын құбыры тазалағышына
берілсе, кабель ағын құбырының сыртында орала (бұл
бағыттауыш құбыршектің бұрала не шиыршықтала
бастағаны сияқты сезілуі мүмкін) не жинала бастайды.
Қолыңызды бағыттағыш құбыршекке қойған кезде осы
оралу сезілуі мүмкін және кабельді басқара аласыз.
Кабельдің оралғанын сезген кезде немесе егер кабель
шеті бұрылуын тоқтатса, дереу АЛҒА ЖЫЛЖЫТУ арнасын
босатыңыз және кабель шетін тығыннан босату үшін
ШЫҒАРЫП АЛУ арнасының тетігін басыңыз. Егер кабель
шеті тығында тұрып қалса, кабельдің айналуына жол
бермеңіз. Кабель шеті бұрылуын тоқтатқанда, барабан
айналуын жалғастырса, кабель бұралуы, байлануы не
үзілуі мүмкін.
Кабель шеті тығыннан босап, кабель шеті қайта айналған
кезде айналатын кабель шетін ақырын тығынға қайта салуға
болады. Бұралатын кабель шетінің тығынды толық бұзуы
үшін оның ішінде "қалуына" мүмкіндік беріңіз. Кабель шетін
тығындау арқылы күштеп өткізуге тырыспаңыз. Кабель шетін
толығымен тығыннан (тығындардан) өткенше және ағын
құбыры аққанша жүргізіңіз.
Тығынды реттеген кезде кабель шеті тығындағы қалдықтарымен
және кесінділерімен бітелуі мүмкін. Бұл әрі қарайғы ілгерілеудің
алдын алады. Кабельді ағын құбырынан шығарып алу және
қоқысты кетіру қажет. "Кабельді шығарып алу" ішіндегі бөлімді
қараңыз.
Егер кабель шеті тығынға ілініп қала берсе, басқа RIDGID ағын
құбыры тазалағышын пайдалану қажет болуы мүмкін.
376
Барабан толық
Ішінара
Барабан бос
толық
Тұрып қалған құралды реттеу
Егер кабель шеті бұрылуын тоқтатса және кабельді тығыннан
кері тарту мүмкін болмаса, аяқ қосқышты босатыңыз, AUT-
OFEED бөлігі мен бағыттауыш құбыршекті қатты ұстаңыз
және беру тетігін босатыңыз. Қолыңызды бағыттауыш
құбыршектен алмаңыз, әйтпесе кабель байлануы, бұралуы
не үзілуі мүмкін. Қозғалтқыш тоқтап, кабель мен барабан
кабельде сақталған энергия қуаты босатылғанша төмен
қарай жылжиды. Қолыңызды AUTOFEED бөлігінен және
бағыттауыш құбыршектен қысым түскенше алмаңыз. АЛҒА/
ӨШІРУ/КЕРІ қосқышын ӨШІРУ күйіне қойыңыз.
Тұрып қалған құралды босату
Егер кабель тығында тұрып қалса, АЛҒА/ӨШІРУ/КЕРІ
қосқышын КЕРІ күйінде ұстаңыз. Екі AUTOFEED тетігін
босатып, аяқ қосқышты тығыннан босағанша бірнеше секунд
басыңыз. Кабель шетін тығыннан босату үшін құрылғыны
КЕРІ күйінде қажеттіден артық уақыт пайдаланбаңыз,
әйтпесе кабель зақымдалуы мүмкін. АЛҒА/ӨШІРУ/КЕРІ
қосқышын АЛҒА күйіне қойып, ағын құбырын тазалауды
жалғастырыңыз.
11-сурет – Кабельді шығарып алу
Кабельді шығарып алу
1. Ағын құбыры ашық болған кезде, егер мүмкін болса,
желіден қоқысты шаю және шығарып алынған
кабельді тазалау үшін су ағынын ағын құбырымен
жіберіңіз. Мұны жүйедегі шұраны қосу арқылы не
басқа әдіспен орындауға болады. Су деңгейіне мән
беріңіз, себебі ағын құбыры қайта қосылуы мүмкін.

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis