Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Қауіпсіздік Жүйесі; Жалпы Мәліметтер - Bosch MUM59 serie Gebrauchsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für MUM59 serie:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
kk
Қауіпсіздік жүйесі 
Қауіпсіздік жүйесі
Кенет іске қосылудан қорғаныс
«Жұмыс күйлері» кестесін қараңыз.
Бұйымды тек қана 1 және 3 күйлерінде 
қосуға болады:
  ■ ыдыс (11) орнатылғанда және 
тірелгенше бұралған кезде.
Қайта іске қосылудан қорғаныс
Ток қуаты үзілген кезде бұйым қосулы 
күйінде қалады, алайда қозғалтқыш 
жұмыс істемей қалады. Қайта іске қосу 
үшін айналмалы ажыратқышты 0/off 
күйіне бұрап қосыңыз.
Артық жүктемеден қорғаныс
Егер жұмыс барысында қозғалтқыш 
өздігінен тоқтап қалса, артық жүктемеден 
қорғаныс іске қосылады. Бұл жағдайдың 
ықтимал себебі ­ азық­түлік өнімдерінің 
үлкен мөлшерлерін өңдеу.
Қауіпсіздік жүйелерінің іске
қосылғанында әрекеттер туралы
«Ақаулықтар орын алған жағдайдағы
көмек» мақаласын қараңыз.
Бұйым күтуді қажет етпейді.
Жалпы мәліметтер
Беттік жағынан жайып ашыңыз.
A суреті:
Негізгі бұйым
1 Босату түймесі
2 Айналмалы тұтқа
Тұтқаның жоғары қарай жылжуына 
қолдау көрсетуге арналған 
«Easy Armlift» функциясы («Жұмыс 
күйлері» мақаласын қараңыз).
218 
3 Айналмалы ажыратқыш 
Өшірілгеннен кейін (0/off күйі) бұйым 
құралды алмастыру үшін автоматты 
түрде оңтайлы күйде жұмыс істейді. 
0/off = тоқтату 
M = жоғарырақ айналу жылдамдығына 
арналған жедел ауыстыру, 
ажыратқышты қалаулы араластыру 
ұзақтығы үшін ұстап тұрыңыз. 
1-7 қадамы, жұмыс жылдамдығы: 
1 = төмен айналу жылдамдығы – баяу, 
7 = жоғары айналу жылдамдығы –  
жылдам.
4 Жұмыс индикаторы
Жұмыс барысында жанады 
(айналмалы ажыратқыш M немесе 
1-7 күйінде). Бұйым жұмысында 
қателер орын алғанда, электрондық 
сақтандырғыш ажыратылғанда 
және бұйым бүлінген жағдайда 
жыпылықтайды, «Ақаулықтар орын 
алған жағдайдағы көмек» мақаласын 
қараңыз.
5 Жетектің қорғаныс қақпағы
Жетектің қорғаныс қақпағын алып 
тастау үшін, артқы жағын басып, 
қақпақты алып тастаңыз.
6 Жетек:
– асүйлік майдалағыш және 
– шырын сыққыш (арнайы жабдық*). 
Бұйымды қолданбаған кезде жетектің 
қорғаныс қақпағын орнатыңыз.
7 Құралға арналған жетек
(бұлғауыш, қаққыш, илегіш) және
еттартқыш (арнайы жабдық*)
8 Араластырғыш жетегінің қорғаныс
қақпағы
9 Араластырғышқа арналған жетек
(арнайы жабдық*)
Қолданылмаған кезде араластырғыш 
жетегінің қорғаныс қақпағын 
орнатыңыз.
10 Кабельді орау автоматикасы
Көмекші құралы бар ыдыс
11 Тот баспайтын болаттан
араластырғыш ыдыс
12 Қақпақ

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis