Herunterladen Diese Seite drucken

Panasonic TY-CE103PS10 Installationsanleitung Seite 85

Halterung fur deckenbefestigung des plasmadisplay
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für TY-CE103PS10:

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 12
Қолдану ережелері
1) Дисплейдің орнын таңдаған кезде абай болыңыз, себебі күн сəулесі тікелей түсетін жерге немесе
жылытқышқа жақын қойылса, оның түсі оңып кетуі немесе пішіні бұзылуы мүмкін.
2) Дисплейді тазалау жəне сүрту үшін жұмсақ құрық (мақта немесе жүннен тоқылған) матаны
пайдаланыңыз. Егер құрылғы аса бұлғалып кетсе, əуелі оны бейтарап жуу құралымен кетіріп,
құрғақ шүберекпен тазалап сүртіңіз Бензол, сұйылтқыш немесе жиһаз балауызын пайдаланбаңыз,
себебі ол жабынның аршылып түсіп қалуына себеп болуы мүмкін. (Егер химиялық сүрту шүберегін
пайдалансаңыз, ұсынылған сақтық шараларын орындаңыз.)
3) Бұйымға жабысқақ таспа немесе стикерлер жабыстырмаңыз. Бұл төбеге орнату кронштейнінің
бетін кірлетуі мүмкін.
4) Орнатқан кезде абай болыңыз, себебі плазмалық дисплей соғылуы онда "панель сызаттары" пайда
болуы мүмкін.
Орнатқан кезде есте сақтайтын жайттар
● Орнату жəне шешіп алуы жұмыстарын тек қана білікті техник маман орындауы тиіс.
Егер құрылғы дұрыс емес орнатылса немесе орнынан дұрыс емес алынса, дисплей құлап, дене
жарақатына себеп болуы мүмкін.
● Бұл жабдық көру мақсаттарында плазмалық дисплейді төбе құрылысына ілуге арналған төбе
құрылғысы болып табылады. Төбеге орнату құрылғысын жеткілікті түрде мықты төбе құрылыстарынан
басқа орындарға орнатуға болмайды.
● Плазмалық дисплейдің дұрыс жəне ақаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін дисплейді келесі
көрсетілген орындарға орнатпаңыз.
• Су шашқыштардың немесе өрт/түтін детекторларының жаны
• Діріл немесе соққы тию қаупі төнетін жерлер
• Жоғары кернеулі сымдардың немесе динамикалық қуат көздерінің жаны
• Магнит өрістері, жылу, су буы немесе күйе шығатын жерлердің жаны
• Жылыту жабдығынан үрленген ауа тиетін жерлер
• Ауа кондиционерінен немесе басқа құрылғыдан шығатын конденсат тамшылары түзілетін
жерлер
● Төбе құрылғысын орнату барысында төбе түріне сəйкес келетін бекіту əдісін қолданыңыз.
● Төбеге орнату құрылғысын төбе құрылысына орнату барысында құрылыс материалына сəйкес
келетін құрылымдық құрамдасты жəне орнату əдісін пайдаланыңыз.
● Дисплей төңірегінде температура 40 °C градустан аспауы үшін жетерліше желдетуді қаматмасыз
етіңіз. Егер дисплей ішіндегі ауа айналымы аз болса, дисплейдің іші қызып кетуі жəне өрт алуы
мүмкін.
● Құрастырған жəне орнатқан кезде плазмалық дисплей мен едендің сызылмауы немесе сырылмауы
үшін, еденге жұмсақ сейсеп немесе мата төсеп қойыңыз.
● Бөлшектерді бұрандамен бекіткен кезде, бұрандалардың бос немесе тым қатты тартылмауын
қадағалаңыз.
● Құрастыру жəне орнату кезінде, не болмаса жұмыс барысында қозғалып жүргенде, айналаңызда
қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жеткілікті шаралар қолданыңыз.
● Орауышында берілгендерден басқа компоненттерді пайдаланбаңыз.
● Плазмалық дисплейді төбе шамдарының (прожекторлық жарықтандырғыштардың, галоген
шамдардың, т.б.) астына орнатпаңыз. Əйтпесе, қатты қызудан корпус майысуы немесе зақымдалуы
мүмкін.
КƏСІБИ МАМАНДАР ОРНАТУЫ ҚАЖЕТ.
PANASONIC, ДҰРЫС ОРНАТПАУ НЕМЕСЕ ДҰРЫС ПАЙДАЛАНУ САЛДАРЫНАН БОЛҒАН КЕЗ КЕЛГЕН
МҮЛІККЕ КЕЛГЕН ЗИЯН ЖƏНЕ/НЕМЕСЕ АУЫР ЖАРАҚАТТАР, СОНЫҢ ІШІНДЕ ӨЛІМ ҮШІН ЖАУАП
БЕРМЕЙДІ.
95

Werbung

loading