Herunterladen Diese Seite drucken

Panasonic TY-CE103PS10 Installationsanleitung Seite 84

Halterung fur deckenbefestigung des plasmadisplay
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für TY-CE103PS10:

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 12
Орнатуға қатысты сақтық шаралары
АБАЙЛАҢЫЗ
Орнатылатын жер ұзақ уақыт пайдалануға шыдау үшін жеткілікті түрде орнықты болуына көз
жеткізіңіз.
• Егер оның беріктігі ұзақ уақыт пайдаланудан жеткіліксіз болса, дисплей түсіп кетіп, адамның
жарақаттануына себеп болуы мүмкін.
Кронштейнді орнату жəне шешіп алуы жұмыстарын тек қана білікті техник маман орындауы
керек.
• Егер төбеге орнату кронштейні дұрыс орнатылмаса, плазмалық дисплей құлап, зақымдалуы жəне
дене жарақатына əкелуі мүмкін.
Орнатудың беріктілігіне қатысты барлық қауіпсіздік шараларын сақтаңыз.
• Егер орнату беріктігі жеткілікті болмаса, дисплей түсіп кетіп, жарақаттануға себеп болуы мүмкін.
Жүк көтере алмайтын жерлерге орнатпаңыз.
• Егер орнатылатын бет жеткілікті түрде мықты болмаса, дисплей құлап, дене жарақатына əкелуі
мүмкін.
Төбеге орнату кронштейнін бөлшектеуші немесе өзгертуші болмаңыз.
• Əйтпесе, құрылғы түсіп кетіп, зақымдалуы жəне дене жарақатына себеп болуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ
Ылғал, шаң, түтін, бу немесе қызу əсеріне ұшырайтын жерлерге орнатпаңыз.
• Бұл себептер плазмалық дисплейге кері əсерін тигізіп, өрт шығуына немесе ток соғуына əкеп соқтыруы
мүмкін.
Каталогта көрсетілгеннен басқа дисплейлерді пайдаланбаңыз.
• Əйтпесе, құрылғы түсіп кетіп, зақымдалуы жəне дене жарақатына себеп болуы мүмкін.
Плазмалық дисплейді тігінен орнатуға болмайды.
• Əйтпесе, бұйым құлап кетіп, дене жарақатына əкелуі мүмкін.
Плазмалық дисплей мен тіректі орнату немесе орнынан шешу үшін түсіру құрылғысын
(машинаны) пайдаланып, бұл жұмысты кемінде төрт кісі орындап жатқанына көз жеткізіңіз.
• Əйтпесе, бұйым құлап кетіп, дене жарақатына əкелуі мүмкін.
Жел кіретін тесіктерді жауып тастамаңыз. Төбеге ілетін кронштейнді пайдаланған кезде
плазмалық дисплейдің айналасындағы жерлерді жауып қоймаңыз.
• Олай етпеген жағдайда ішінде қызу пайда болып, өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.
Дисплейдің үстіңгі жағынан, сол жəне оң жандарынан кемінде 30 см, астыңғы жағынан кемінде
15 см жəне артқы панель мен қабырғаның арасында кемінде 20 см ашық жер қалдырыңыз.
• Қалдырмаған жағдайда өрт шығуы мүмкін.
Плазмалық дисплейге немесе оның төбеге орнату кронштейніне ештеңе ілмеңіз; дисплейге
немесе кронштейнге ештеңе асып қоймаңыз.
• Əйтпесе, бұйым құлап кетіп, дене жарақатына əкелуі мүмкін.
Пайдаланудан шыққан бұйымды алып тастаңыз.
• Əйтпесе, бұйым құлап кетіп, дене жарақатына əкелуі мүмкін.
94

Werbung

loading