4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
■ Шабыс ауданын қадағалаңыз және
бөгеттерге назар аударыңыз. Егер жұмыс
барысында пышақ бөгде затқа тисе, пышақ
немесе оның бөліктері жоғары
жылдамдықпен лақтырылуы мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және материалдық
нұқсан келтірілуі мүмкін.
► Тастар, таяқтар, сымдар,
ойыншықтар немесе басқа заттар
сияқты бөгде заттарды жұмыс
аймағынан шығарыңыз. Шығару
мүмкін болмайтын жасырын
заттарды белгілеп қойыңыз.
■ Берілістерді қосқыш қамытша жіберілген
кезде, пышақ қысқа уақыт ішінде айналып
тұрады. Адамдар ауыр жарақат алуы
мүмкін.
► Пышақтың айналуы тоқтағанша
күтіңіз.
► Шөп жинағышты пышақ
айналмағанда ғана ажыратыңыз.
■ Егер айналып тұрған пышақ қатты затқа
соғылса, ұшқын пайда болуы мүмкін.
Ұшқыннан жеңіл тұтанатын ортада өрт
туындауы мүмкін. Адамдар ауыр жарақат
алуы немесе қайтыс болуы мүмкін,
сонымен қатар мүліктік зиян келуі мүмкін.
► Жеңіл тұтанатын ортада жұмыс
істемеңіз.
■ Айналмалы пышаққа тиген қатты заттар
көгалшапқышқа зақымдауы мүмкін.
► Айналмалы пышақты қатты зат соғып
кетсе, қозғалтқышты тоқтатып, көгал
шапқышта зақымдардың бар-жоғын
тексеріңіз.
► Көгал шапқыш зақымдалған жағдайда:
STIHL мамандандырылған дилеріне
жүгініңіз.
■ Егер көгалшапқыш көлбеу жерге қойылса,
абайсызда орнынан жылжып кетуі мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және материалдық
нұқсан келтірілуі мүмкін.
► Көгалшапқыштың тұтқасын тегіс және
өздігінен жылжып кетпейтін жерде ғана
босатыңыз.
■ Егер бас тұтқаға қандай да бір заттар
бекітілетін болса, көгалшапқыш қосымша
салмақтың әсерінен аударылуы мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және материалдық
нұқсан келтірілуі мүмкін.
► Бас тұтқаға ешқандай заттарды
бекітпеңіз.
Қауіп
■ Егер жұмыс ток өтіп тұрған кабельдердің
жанында жүргізілсе, пышақ ток өткізгіш
кабельдерге тиіп, оларды зақымдауы
0478-111-9860-A
мүмкін. Пайдаланушы ауыр жарақат алуы
немесе қаза болуы мүмкін.
► Ток өтіп тұрған кабельдердің жанында
жұмыс істемеңіз.
■ Егер жұмыс күн күркіреуі кезінде жүргізіліп
жатса, пайдаланушыға найзағай түсуі
мүмкін. Пайдаланушы ауыр жарақат алуы
немесе қаза болуы мүмкін.
► Күн күркіреген кезде: жұмыс істемеңіз.
■ Жаңбыр кезінде жұмыс істегенде,
пайдаланушы тайып құлауы мүмкін.
Пайдаланушы ауыр жарақат алуы немесе
қаза болуы мүмкін.
► Жаңбыр жауғанда: жұмыс істемеңіз.
4.9
Тасымалдау
Сақтандыру
■ Көгалшапқыш тасымалдау кезінде
аударылуы немесе жылжып кетуі мүмкін.
Адамдар жарақат алуы және мүлікке зиян
келтірілуі мүмкін.
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► Пышақтың айналуы тоқтағанша
күтіңіз.
► Оталдыру білтесі сымының
штекерін шығарыңыз.
► Көгалшапқышты төңкерілмейтіндей және
қозғалмайтындай етіп кергіш
таспалармен, белдіктермен немесе
тормен сәйкес келетін жүк тиеу бетіне
бекітіңіз.
■ Қозғалтқыш жұмыс істеген болса, дыбысты
басқыш пен қозғалтқыш ыстық болуы
мүмкін. Тасымалдау кезінде пайдаланушы
денесін күйдіріп алуы мүмкін.
► Көгалшапқышты итеріп жылжытыңыз.
■ Көгалшапқыштың салмағы ауыр.
Көгалшапқышты жалғыз тасымалдаған
жағдайда пайдаланушы бір жерін
жарақаттап алуы мүмкін.
► Қорғаныш қолғап киіңіз.
► Көгалшапқышты екі адам көтеруі тиіс.
■ Тасымалдау кезінде бензин төгілуі және
қоршаған ортаны ластап, материалдық
шығын келтіруі мүмкін.
► Көгалшапқышты итеріп жылжытыңыз.
► Құрылғыны бензині жоқ күйде
тасымалдаңыз.
қазақ
281