Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Тазалау Жəне Техникалық Қызмет Көрсету - Lux Tools B-Rm-51Hma Originalbetriebsanleitung

Benzin-rasenmäher
Inhaltsverzeichnis
Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
KAZ
Аспаптың жарамды күйде екеніне көз жет-
кізіңіз:
– Көзге көрінетін ақаулардың жоқ екенін
тексеріңіз.
– Аспаптың барлық бөлшектерінің нық
бекітілуін тексеріңіз.
Қозғалтқышты іске қосу
► 3-бет., 2-тармақ
ҚАУIП! Өрт қаупі! Отын аққан
жағдайда жануы мүмкін.
Іске қосар алдында, ағып кеткен
отынды жақсылап сүртіңіз.
Құрылғыны отын толтыру орнынан
кемінде тоғыз метр қашықтықта іске
қосыңыз.
Нұсқау: Іске қосу қиындық туғызған
жағдайда келесі кестені қараңыз:
► Ақаулықтарды іздеу жəне жою –
178-бет.
Нұсқау: Стартерді тартып шыға-
рыңыз да, баяу артқа кіргізіңіз.
– Отын кранын ашу (12).
– Іске қосу иінтірегін (1) тірелгенше
басып тұрыңыз.
– Сымарқанды стартерді (9) тірелгенше
ақырын ғана тартыңыз да, оталғанға
тəн шуыл естілгенге дейін тез əрі
күшпен тірелгенше тартыңыз.
– Қозғалтқыш іске қосылғанша тағы да
тез жəне күшпен арқан стартерін тар-
тыңыз.
– Қозғалтқыштың қызуына 10-15 секунд
беріңіз.
Қозғалтқышты сөндіру
► 3-бет., 2-тармақ
ЕСКЕРТУ! Жарақат алу қаупі
бар! Тіпті қысқа уақыт пайдалан-
баған кезде де құрылғыны өшіру
керек.
– Іске қосу иінтірегін (1) жіберіңіз.
– Отын кранын жабу (12).
Шабу
ҚАУIП! Жарақаттану қаупі! Жұмы-
сты бастамас бұрын, жақын жерде
аспаппен жанасқан жағдайда тай-
қып тиюі мүмкін бұйымдардың
жоқтығына көз жеткізіңіз.
176
– Қозғалыс жетегіне арналған ілінісу
иінтірегін (10) шегіне жеткенше баяу
басып тұрып ұстау керек.
– Аспапты бірқалыпты төмен жалдам-
дықпен (қадам жылдамдығы) түзу
сызықты траекториядан ауытқымауға
талпынып жүргізіңіз.
Маңызды нұсқаулар
• Əрдайым еңіс жерге перпендикуляр
қалыпта жұмыс істеңіз.
• Сулы көгалды орудан сақтаныңыз.
• Біркелкі ору үшін, қозғалыс траектория-
сының жолағын «айқастыра» жүріп
оруды жүзеге асырыңыз.
• Шөбі ұзын көгалды алдымен орудың
максималды биіктігінде орып алыңыз
да, сонан соң шөпті өзіңізге қажетті
биіктікте, көгалда əрі-бері жүру арқылы
орыңыз.
Жабындау бойынша ақпарат
Нұсқау: Жабындау – кесілген
шөпті табиғи тыңайтқыш ретінде
пайдалану. Жабындау кезінде шөп
бір жұмыс процесінде кесіледі,
ұсақталады жəне көгал бойынша
үлестіріледі.
► Жабындайтын сынаны монтаждау –
175-бет.
– Сулы шөпті жабындауға болмайды.
– Жабындайтын сынаны, лақтыру арна-
сын жəне пышақты жүйелі түрде таза-
лап тұрыңыз.
Тазалау жəне техникалық
қызмет көрсету
ҚАУIП! Жарақаттану қаупі!
Осында көрсетілген техникалық
қызмет көрсету жұмыстарын ғана
өз бетінше жүргізіңіз.
Сапасыз жасалған жұмыстар
аспаптың бұзылуына жəне
жарақаттануға əкеледі.
ҚАУIП! Жарақаттану қаупі! Техни-
калық қызмет көрсету жəне тазалау
бойынша кез келген жұмыстарды
жүргізер алдында құрылғыны қуат
көзінен ажыратыңыз жəне кенет
іске қосылудан қорғаңыз.
Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis