Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Қоршаған Ортаны Қорғау - Metabo W 750-100 Originalbetriebsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für W 750-100:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Электрлік құралдағы кірді барлық алдыңғы мен
артқы желдету саңылаулары арқылы жүйелі
түрде, жиі және мұқият сорып немесе құрғақ
ауамен үрлеп тазартыңыз. Бұл әрекеттің
алдында электрлік құралды қуат көзінен
ажыратып, қорғаныш көзілдірік пен жарамды
респираторды киіп алыңыз. Үрлеп тазарту
кезінде жеткілікті ауа тартқыш желдету
қамтамасыз етілуі тиіс.
10. Ақаулықтарды жою
(жабдықталуға байланысты)
Аспап жұмыс істемей тұр. Қайта іске
қосылудан қорғаныс іске қосылды.
Аспаптың қосулы күйінде желілік аша
розеткаға салынған немесе электр қуатымен
жабдықтау үзілгеннен кейін қалпына келген
жағдайда, аспап іске қосылмайды. Аспапты
өшіріп қайта қосыңыз.
Тек WEV 850-115, WEV 850-125, WEQ 1400-125:
Жүктеме астындағы айналу жиілігі
төмендейді. Аспапқа түскен жүктеме тым
жоғары! Аспапты суығанша бос жүріс
күйінде жұмыс істетіңіз.
11. Керек-жарақтар
Тек қана түпнұсқа Metabo керек-жарақтарын
қолданыңыз.
4-бетті қараңыз.
Тек қана осы пайдалану бойынша нұсқаулықта
келтірілген талаптар мен сипаттарға сай келетін
керек-жарақтарды пайдаланыңыз.
Әрдайым тек өндірістік тапсырмаға
жарамды алмалы-салмалы құралды және
белгіленген қорғаныш қалпақты пайдаланыңыз.
4-бетті қараңыз. (Суреттер мысал ретінде
берілген).
Өндірістік тапсырма:
1 = үстіңгі бетімен ажарлау
2 = абразивті кесу
3 = саңылау бұрғылау
4 = сым қылшақтармен жұмыс істеу
5 = егеуқұм қағазымен ажарлау
Алмалы-салмалы құралдар:
1.1 = сиыра ажарлағыш дөңгелек
1.2 = ажарлағыш бастиек (керамикалық)
1.3 = «кірпіш қалау/бетон» алмасты ажарлағыш
бастиегі
2.1 = «металл» кескіш дөңгелегі
2.2 = «кірпіш қалау/бетон» кескіш дөңгелегі
2.3 = «кірпіш қалау/бетон» алмасты кескіш
дөңгелегі
2.4 = екі мақсатты кескіш дөңгелектер (құрама
ажарлағыш және абразивті кескіш
дөңгелектер)
3.1 = алмасты бұрғылау коронкалары
4.1 = домалақ қылшақ
4.2 = табақшалы қылшақ
5.1 = ламельді тіреуіш ажарлағыш табақшалар
5.2 = қажақсыдырғыларға арналған тіреуіш
ажарлағыш табақшалар
белгіленген қорғаныш қалпақ:
A түрі = кескіш дөңгелекке арналған қорғаныш
қалпақ / қорғаныш қалпақ, соның ішінде
абразивті кескіш дөңгелекке арналған
қорғаныш қалпақтың қысқышы
B түрі = ажарлауға арналған қорғаныш қалпақ
C түрі = ажарлауға және абразивті кесуге
арналған қорғаныш қалпақ (қисындасу)
D түрі = ажарлағыш бастиекке арналған
қорғаныш қалпақ
E түрі = беттерді ажарлауға арналған ауа
тартатын қорғаныш қалпақ
F түрі = абразивті кесуге арналған ауа тартатын
қорғаныш қалпақ
Қосымша керек-жарақтар:
(www.metabo.com веб-сайтын да қараңыз)
A Екі саңылаулы гайка (12)
B M-Quick қыспа гайкасы (1)
C Қыспа гайка (кілтсіз) (14)
D Сорғыш қаптама қысқышы
Керек-жарақтардың толық тізімін
www.metabo.com сайтында немесе керек-
жарақтар каталогінен қараңыз.
12. Жөндеу
Электрлік құралда жөндеу жұмыстарын тек
қана электрші маман өткізуі тиіс!
Бұзылған желілік кабельді тек Metabo қызмет
көрсету орталығында сатып алуға болатын
арнайы, түпнұсқа Metabo желілік кабелімен
ауыстыруға рұқсат етіледі.
Metabo филиалына жөндеуді қажет ететін
Metabo электрлік құралдарымен бірге барыңыз.
Мекенжайлары www.metabo.com сайтында
берілген.
Қосалқы бөлшектердің тізімдерін
www.metabo.com сайтында жүктеп алуға
болады.
13. Қоршаған ортаны қорғау
Ажарлаудан пайда болатын шаңның құрамында
зиянды заттектер болуы мүмкін: тұрмыстық
қоқыспен бірге емес, арнайы қоқысты жинауға
арналған жерге тиісінше кәдеге жаратыңыз.
Пайдаланылған аспаптарды, орауыштарды
және керек-жарақтарды қоршаған орта үшін
қауіпсіз түрде кәдеге жарату және қайта өңдеу
бойынша ұлттық ережелерді ұстаныңыз.
Тек қана ЕО елдерінде: электрлік құралды
тұрмыстық қоқысқа тастамаңыз!
Электрлік және электрондық ескі
құрылғылар және ұлттық заңға түрлендіру
жөніндегі 2012/19/EU еуропалық директивасына
сәйкес, пайдаланылған электрлік құралдар
бөлек жиналып, қоршаған орта үшін қауіпсіз
қайта өңдеуге жіберілуі тиіс.
ҚАЗАҚША kk
135

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis