Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GST 10,8 V-LI Originalbetriebsanleitung Seite 138

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 6
OBJ_BUCH-1994-001.book Page 138 Tuesday, October 1, 2013 2:18 PM
138 | Қaзақша
тарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
 Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Шаңсорғышты қосу (C–E суреттерін қараңыз)
Аспирациялық келте құбырларды 20 тіреу тақтасының 9
тесігіне орнатыңыз.
Шаңсорғыш шлангін 21 (жабдық) аспирациялық келте
құбырына 20 қосыңыз. Шаңсорғыш шлангін 21
шлангсорғышқа қосыңыз (жабдықтар). Осы нұсқаулық
соңында түрлі шаңсорғыштарға қосу тәсілдері берілген.
Оптималды шаңсоруды мүмкіндігінше жарылудан
сақтайтын пластинаны 22 орнатыңыз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Аспирациялық келте құбырды 16 тию қорғанысына 19
қойыңыз.
Жарылудан сақтайтын пластина
(E суретін қараңыз)
Жарылудан сақтайтын пластина 22 ағаш аралауда беттің
жарылып кетуінен сақтауы мүмкін. Жарылудан сақтайтын
пластинаны тек арнайы аралау дискі түрлерінде және 0°
кесік бұрышында пайдалану керек.
Жарылудан сақтайтын пластинаны 22 алдынан тіреу
тақтасына жылжытыңыз 9.
Жарылудан сақтайтын пластина 22 пластмассалық сырғақ
12 орнатылған болса да салынуы мүмкін.
Сырғақ (F суретін қараңыз)
Сеізмді беттерді өңдеуде пластмассалық сырғақты
пайдаланыңыз 12.
Пластмассалық сырғақты 12 орнату үшін тіреу тақтасының
9 алғы қырын пластмассалық сырғақтың 23 дөңесінің
астына орнатыңыз. Сосын электр құралын пластмассалық
сырғаққа 12 тірелгенше салыңыз.
Пластмассалық сырғақты 12 пайдалануда жарылудан
сақтайтын пластина 22 тіреу тақтасына емес 9 сырғаққа
салынады.
Пайдалану
Пайдалану түрлері
 Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар.
1 619 P11 351 | (1.10.13)
Тербелуді реттеу
Тербелу аралау жылдамдығын, аралау өнімділігін және
аралау суретін өңделетін материалға лайықтауға
мүмкіндік береді.
Реттеуші тұтқышпен 8 пайдалану кезіндегі тербелісті
реттеуге болады.
Тербелу өшік (басқыш 0): тербелусіз
Тербелу басқыш I:
жай тербелу
Тербелу басқыш II:
қатты тербелу
Әрбір пайдаланудағы оптималды тербелу басқышын
тәжірібемен білу мүмкін. Онда төмендегі ұсыныстарға
назар аударыңыз:
– Аралау шеті нәзік немесе таза болуы қажет болса, жай
тербелу басқышын реттеңіз немесе тербелуді өшіріңіз.
– Жіңішке заттарды (қаңылтыр) өңдеуде тербелуді
өшіріңіз.
– Қатты заттарды (болат) жай тербелумен өңдеңіз.
– Жұмсақ материалдарды және ағашты талшығымен
аралауда максималды тербелуді пайдалану керек.
Бағыт бұрышын реттеу (J суретін қараңыз)
Тірек тақтасын 9 қисық аралауда 45° шейін оңға немесе
солға қисайту мүмкін.
Аспирациялық келте құбырды 20 шешіңіз.
0° қисаю бұрышында шетмойын тиісті тесікте орналасқан.
24 бұрандасын 29 ішкі алты қырлы кілтпен тіреу тақтасын
9 аккумулятор 1 бағытында жылжыту мүмкін болғаныша
босатыңыз. Шетмойын бағыттауыш ойыққа сырғануы
қажет.
Қисаю бұрышын реттеу үшін тіреу тақтасын 9 шкала 25
бойынша керекті орынға қисайтыңыз. Бұрыш өлшеуіш
көмегімен әр бұрышты 45° дейін реттеу мүмкін.
Бұрандалы шегені 24 қайта бұрап қойыңыз.
Аспирациялық келте құбыр 20 мен жарылудан сақтайтын
пластинаны 22 қисық аралауда орнату мүмкін емес.
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды шешу (K суретін қараңыз)
Аккумуляторды шығару үшін 1 аккумуляторды босату
түймесін 2 басыңыз және аккумуляторды электр құралдан
шығарыңыз. Бұл кезде күшті қолданбаңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралын қосу үшін қосқыш/өшіргішті 7 алға
басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті 7 „0"
күйіне жылжытыңыз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Жүріс санын басқару
Жүрістер санын таңдайтын реттеуші 4 арқылы қажетті
жүрістер санын пайдалану кезінде да реттеу мүмкін.
Қажетті жүрістер саны дайындама және жұмыс
жағдайларына байланысты болуы мүмкін.
Ара полотносын дайындамаға қоюда және пластмасса,
алюминийді аралау кезінде жүрістер санын азайтқан
дұрыс.
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis