Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Қауіпсіздік Шаралары - Redmond RMC-M4510 Bedienungsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für RMC-M4510:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 28
Осы бұйымды пайдаланудың алдында оны пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқият
оқыңыз және анықтамалық ретінде сақтап қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдалансаңыз,
оның қызмет ету мерзімі көпке ұзарады.
Бұл нұсқаулықтағы қауіпсіздік шаралары мен нұсқаулар құралды қолдану кезінде
туындауы мүмкін барлық жағдайларды қамтымайды. Бұл құрылғымен жұмыс кезінде
қолданушы ақылға сүйеніп, абай әрі мұқият болуы тиіс.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
• Қауіпсіздік техникасы талаптары мен бұйымды пайдалану ережелерін ұстан-
баудан туындаған зақымдар үшін өндіруші жауапкершілікке тартылмайды.
• Аспап тек тұрмыстық пайдалануға арналған. Құрылғының өндірістік
немесе кез келген басқа пайдаланылуы бұйымды дұрыс пайдалану
ережелерінің бұзылысы болып табылады.
• Құрылғыны электр желіге қосудың алдында оның кернеуі аспап қорек-
тенуінің номиналды кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз (бұйымның
техникалық сипаттамасын немесе зауыттық кестешесін қараңыз).
• Аспаптың тұтынылатын қуатына арналған ұзартқышты пайдаланыңыз —
параметрлердің сәйкес келмеуі қысқа тұйықталуға немесе кабельдің
тұтануына әкеліп соқтыруы мүмкін.
• Аспапты тек жерлендірілген розеткаға қосыңыз — бұл тоқ соғуға қарсы
қорғаныстың міндетті талабы. Ұзартқышты пайдаланылғанда ол да
жерлендірілгеніне көз жеткізіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспап жұмыс істеп тұрғанда оның кор-
пусы, табағы мен металдық бөлшектері қызады! Абай болыңыз!
Асханалық қолғапты пайдаланыңыз. Ыстық буға күйіп қалмау
үшін қақпақты ашқанда құрылғының үстінде еңкеймеңіз.
• Аспапты пайдаланған соң, сонымен қатар оны тазалау немесе жылжы-
ту кезінде розеткадан ажыратыңыз. Электр бауды сымынан ұстамай,
ашасынан құрғақ қолмен ұстап шығарыңыз.
• Электр қоректену бауын есіктен немесе жылу көздерінің қасында жүр-
All manuals and user guides at all-guides.com
гізбеңіз. Электр бауы бұралмауын және бүгілмеуін, өткір заттарға, жиһаз-
дың бұрыштары мен шеттеріне тимеуін байқаңыз.
Есте сақтаңыз: электр қоректену кабелін кездейсоқ зақымда-
саңыз, кепілдік шарттарына сәйкес келмейтін ақауларға, со-
нымен қатар электр тоғының соғуына әкеліп соқтыруы мүм-
кін. Зақымданған электр бауы сервис-орталықта жылдам
ауыстыруды талап етеді.
• Аспапты жұмсақ бетке орнатпаңыз, оны жұмыс кезінде жаппаңыз — бұл
құрылғының қызуына және бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
• Аспапты ашық ауада пайдалануға тыйым салынады — құрылғы корпусы-
ның ішіне ылғал немесе бөтен заттар тисе, қатты зақымдар болуы мүмкін.
• Аспапты тазалаудың алдында ол электр желіден ажыратылғанына және
толық суығанына көз жеткізіңіз. Аспапты тазалау бойынша нұсқаулықтар-
ды қатаң ұстаныңыз ("Аспап күтімі" қараңыз).
Аспап корпусын суға батыруға немесе су ағынына түсіруге
ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
• 8 және одан үлкен жастағы балаларға, сонымен қатар физикалық, сенсорлық
немесе ой шектеулері бар немесе тәжірибе не білім жетіспеушіліктері бар
тұлғаларға құралды тек қараумен және/немесе егер олар құралды қауіпсіз
пайдалануға қатысты нұсқау алып, оны пайдаланумен байланысты қауіпті
сезсе ғана қолдануға болады. Балаларға құралмен ойнауға болмайды. Құрал
мен оның электр желісі сымын 8 жастан кіші балалар үшін қол жетімсіз
жерде ұстаңыз. Құрылғыны тазалау мен оған қызмет көрсету ересектердің
қарауысыз балалармен іске асырылмауы қажет.
• Аспапты өздігіңізбен жөндеуге немесе құрылымына өзгеріс енгізуге тыйым
салынады. Қызмет көрсету және жөндеу бойынша барлық жұмыстарды ав-
торландырылған сервис-орталық жасауы керек. Біліксіз жасалған жұмыс ас-
паптың бұзылуына, жарақат пен мүлік зақымдануына әкеліп соқтыруы мүмкін.
RMC-M4510
KAZ
81

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis