Herunterladen Diese Seite drucken

Керек-Жарақ Жəне Қосалқы Бөлшектер; Қорғаныс Құрал-Жабдықтары; Құрылғының Сипаттамасы - Kärcher SC 2 Upright EasyFix Bedienungsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für SC 2 Upright EasyFix:

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Мақсатына сəйкес қолдану
Құрылғыны үйдің жоғарғы температурасына,
қысымына жəне ылғалдылығына төзімді
болатындай қатты едендерді (тас едендер,
плиткалы жəне ПВХ едендері, сондай-ақ паркет
жəне ламинат сияқты тығыздалған ағаш едендер)
тазарту үшін үйде ғана пайдаланыңыз. Өңделмеген
тығынды едендер сияқты суға сезімтал жабындарды
тазаламаңыз (ылғал еніп, еденге зақым келтіруі
мүмкін).
Тазартқыш құралдар қажет емес.
Қоршаған ортаны қорғау
Орауыш материалдарын утилизациялауға
болады. Орауыштарды қоршаған ортаға
қауіпсіз түрде утилизациялаңыз.
Электрлік жəне электрондық бұйымдардың
құрамында қате қолдану немесе
утилизациялау нəтижесінде адам
денсаулығына жəне қоршаған ортаға қауіп
төндіруі ықтимал, құнды қайта өңделмелі
материалдар жəне батареялар, аккумуляторлар
немесе май сияқты бөлшектер жиі кездеседі.
Алайда, аталмыш бөлшектер бұйымды тиісінше
пайдалану үшін қажет болады. Осы таңбамен
белгіленген бұйымдарды үй қоқыстарымен бірге
тастауға болмайды.
Құрамдағы заттар бойынша нұсқаулар (REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы
мəліметтер төмендегі мекенжай бойынша
қолжетімді: www.kaercher.com/REACH
Керек-жарақ жəне қосалқы
бөлшектер
Тек түпнұсқалы керек-жарақ немесе қосалқы
бөлшектерді пайдаланыңыз, себебі ол құралдың
қауіпсіз жəне апатсыз жұмыс істеуіне кепілдік
болады.
Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.
Жеткізілім жинағы
Бұйымның жеткізілім жинағы орауыштың үстінде
көрсетілген. Бұйымды орауыштан шығарғанда
жинақтың толықтығын тексеріп шығыңыз. Керек-
жарақтар жетіспеген немесе тасымалдау кезінде
зақымдар тиген жағдайда, дилеріңізге
хабарласыңыз.
Қорғаныс құрал-жабдықтары
АБАЙЛАҢЫЗ
Жоқ немесе өзгертілген қорғаныс құрал-
жабдықтары
Қорғаныс құрылғысы сіздің қауіпсіздігіңізге
арналған.
Қорғаныс құрылғысын ешқашан өзгертпеңіз
немесе ажыратпаңыз.
148
Құрылғыдағы белгілер
(Құрылғы түріне байланысты)
Күю қаупі бар, жұмыс кезінде
құрылғының беті қызады
Будан күю қаупі бар
Пайдалану нұсқаулығын оқып
шығыңыз
Қауіпсіздік клапаны
Ақаулық нəтижесінде өте жоғары қысым
туындайтын болса, сақтандырғыш клапаны артық
қысымды қоршаған ортаға шығарады.
Созылмалы сақтандырғыш
Созылмалы сақтандырғыш құрылғының қызып
кетуінің алдын алады. Құрылғы қызып кеткен кезде
созылмалы сақтандырғыш оны желіден ажыратады.
Құрылғыны қайтадан іске қоспас бұрын, KÄRCHER
өкілетті тұтынушыларға қолдау қызметіне жүгініңіз.
Құрылғының сипаттамасы
Осы нұсқаулықта құрылғының максималды
жабдықталуы сипатталған. Үлгісіне байланысты
жеткізілім жиынтығында айырмашылықтар бар
(қаптаманы қараңыз).
Суреттерді графикалық беттен қараңыз.
Сурет A
Бу деңгейіне арналған дисплей көрсеткіштері
1
Бу деңгейін баптау түймесі
2
SC 2 Upright бақылау шамы: Будың 1-деңгейі –
3
ағаш
Кезекпен қызыл жыпылықтайды – ток кернеуі
бар жəне құрылғы қызады
Үздіксіз жасыл түс жанады – құрылғы
пайдалануға дайын
Қызыл тез жыпылықтайды – қақтан тазарту
картриджін ауыстыру керек екенін білдіреді.
Жаңа қақтан тазарту картриджін орнатыңыз,
бөлімін қараңыз Қақтан тазарту картриджін
ауыстыру.
SC 2 Upright бақылау шамы: Будың 2-деңгейі –
4
тақтай/тас
Кезекпен қызыл жыпылықтайды – ток кернеуі
бар жəне құрылғы қызады
Үздіксіз жасыл түс жанады – құрылғы
пайдалануға дайын
Қызыл тез жыпылықтайды – қақтан тазарту
картриджін ауыстыру керек екенін білдіреді.
Жаңа қақтан тазарту картриджін орнатыңыз,
бөлімін қараңыз Қақтан тазарту картриджін
ауыстыру.
KST 2 Upright бақылау шамы
5
Тұтқа
6
Қабырғадан сырғанаудан қорғайтын тұтқа
7
Бу тетігі
8
Кабель бекітетін кабель ілгегі
9
Қақтан тазарту картриджі
10
Қазақша

Quicklinks ausblenden:

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

Kst 2 upright easyfix