Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Теледидарға Қосылу; Bluetooth® Микрофонын Пайдалану; Seesnake® Тексеру Жабдығымен Пайдалану - RIDGID micro CA-330 Betriebsanleitung

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 67
микро CA‑330 тексеру камерасы
Компьютерге Wi‑Fi арқылы
CA‑330 параметрлер мәзірінде WiFi таратуы
ҚОСУЛЫ екенін тексеріңіз. Компьютеріңіздің
көмегімен "CA‑330" Wi‑Fi желісін іздеуге және
оған қосылуға болады. CA‑330 құрылғысы
қорғалмаған Wi‑Fi желісін таратады және
ешқандай құпиясөз қажет болмайды. Wi‑Fi
желісіне қосылу жолы туралы мәліметтер
үшін компьютер нұсқаулығын қараңыз.
Компьютеріңіздің "CA‑330" Wi‑Fi желісіне қосулы
екенін тексеріңіз.
Енді CA‑330 құрылғысында мәзір түймесін
басып, қашықтағы файлға кіру үшін "Файлдарға
Wi‑Fi арқылы кіру" режимін таңдаңыз. Егер
SD картасы орнатылса, CA‑330 құрылғысында
шарлау үшін SD картасын не ішкі жадты таңдау
сұралады. CA‑330 құрылғысы оның "Файлдарға
Wi‑Fi арқылы кіру" режимінде екені көрсететін
экранды шығарады.
Компьютерден әдепкі веб‑браузерді
ашып, браузердің мекенжай жолағына
"http://192.168.2.103/dir/" деп теріңіз. Браузеріңіз
CA‑330 файлдарының каталогтық тізімін береді.
Бұл жерден CA‑330 ішкі жадындағы немесе SD
картасындағы кескіндерге және бейнелерге
кіруге болады. Файлдарды жүктеу және
басқарудың арнайы жолын интернет браузері
құжаттамасынан алыңыз.
Мобильді құрылғыға Wi‑Fi арқылы
қосылу
CA‑330 құрылғысы iOS® не Android® операциялық
жүйелерін іске қосатын планшет не смартфон
сияқты мобильді құрылғыдан файлға кіруді және
қашықтағы 2‑ші экран көрінісін мүмкін етеді.
RIDGIDview бағдарламасын www.RIDGID.com/
CA‑330 мекенжайынан жүктеу сілтемесін табуға
болады.
CA‑330 параметрлер мәзірінде WiFi таратуы
ҚОСУЛЫ екенін тексеріңіз. Мобильді құрылғының
көмегімен "CA‑330" Wi‑Fi желісін іздеуге және
оған қосылуға болады. CA‑330 құрылғысы
қорғалмаған Wi‑Fi желісін таратады және
ешқандай құпиясөз қажет болмайды. Wi‑Fi
желісіне қосылу жолы туралы мәліметтер үшін
мобильді құрылғы нұсқаулығын қараңыз.
Мобильді құрылғының "CA‑330" Wi‑Fi желісіне
қосулы екенін тексеріңіз.
Мобильді құрылғыда RIDGIDview бағдарламасын
ашыңыз. Бағдарламаның мүмкіндіктері мен оны
пайдалануды сипаттайтын оның анықтама файлы
болады.
CA‑330 тексеру камерасын тиісінше пайдаланудан
назарыңызды бөлетін жеке монитормен сымсыз
режимде пайдалануға жол бермеңіз. Көңілді
бөлу жарақат қаупін арттырады.
480
Теледидарға қосылу
Қашықтан көру үшін не бірге берілетін RCA
кабелі арқылы жазу үшін микро CA‑330 тексеру
камерасын теледидарға не басқа мониторға
қосуға болады.
Оң жақ порт қақпағын ашыңыз (3-сурет). RCA
кабелін теледидар шығысы ұясына енгізіңіз.
Кабельдің екінші ұшын теледидардағы не
монитордағы бейне кірісі ұясына енгізіңіз.
Бейне пішімі (NTSC не PAL) шығысы сәйкесінше
орнатылғанына көз жеткізу үшін тексеріңіз.
Теледидар не монитор көруді мүмкін ету үшін
тиісті кіріске орнатуды қажет етуі мүмкін. Мәзір
көмегімен сәйкес теледидар шығысы пішімін
таңдаңыз.
Bluetooth® микрофонын
пайдалану
Bluetooth үйлесімді микрофонын алғаш қосқан
кезде оны CA‑330 құрылғысына "жұптастыру"
қажет. Микрофонды қосып, оның "жұптастыру"
режимін бастауыңызға болады. Арнайы
нұсқаулар алу үшін микрофонның құжаттамасын
қараңыз.
CA‑330 Bluetooth параметрлер мәзірінде ІЗДЕУ
таңдаңыз. Bluetooth микрофоныңыз одан кейін
экранға шығуы керек. Микрофонды таңдап,
CA‑330 құрылғысында ТАҢДАУ
басыңыз. Сәтті қосылғаннан кейін құрылғы
жанындағы символдың
өзгергенін көресіз. Енді Bluetooth микрофонының
дыбысы CA‑330 құрылғысында бейне жазған
кезде пайдаланылады.
SeeSnake® тексеру жабдығымен
пайдалану
Микро CA‑330 тексеру камерасын, сондай‑ақ,
түрлі SeeSnake тексеру жабдығымен пайдалануға
болады және ол microReel, microDrain™ және
nanoReel тексеру жүйелерімен пайдалануға
арнайы жасалған. Осы жабдық түрлерімен
пайдаланылған кезде ол осы нұсқаулықта
сипатталатын барлық функцияларын сақтайды.
Микро CA‑330 тексеру камерасын, сондай‑ақ,
тек көру және жазу үшін басқа SeeSnake тексеру
жабдығымен пайдалануға болады.
SeeSnake тексеру жабдығымен пайдалану үшін
кескін жасаушы бастиегі мен кез келген кабель
ұзартқыштары алынып тасталуы керек. microReel,
microDrain™, nanoReel және ұқсас жабдық үшін
тиісті жалғау және пайдалану бойынша ақпарат
алу үшін пайдалану нұсқаулығын қараңыз. Басқа
SeeSnake тексеру жабдығы (әдетте дөңгелек
және монитор) бойынша микро CA‑330 тексеру
камерасын SeeSnake тексеру жабдығындағы
түймесін
түрінен
етіп

Werbung

Inhaltsverzeichnis

Fehlerbehebung

loading

Inhaltsverzeichnis