Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch D-tect 150 Professional Originalbetriebsanleitung Seite 154

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für D-tect 150 Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 7
154 | Қазақ
Іске қосу түймесін (11) басу арқылы табылған нысандар
индикаторын әрдайым жойып, жаңа өлшеу әрекетін іске
қосуға болады.
Режимдерді алмастыру
(10) және (12) таңдау түймелерін басу арқылы жұмыс
режимдерін ауыстыруға болады.
– Келесі режимді таңдау үшін (10) таңдау түймесін
басыңыз.
– Алдыңғы режимді таңдау үшін (12) таңдау түймесін
басыңыз.
Режимдерді таңдау арқылы өлшеу құралын түрлі қабырға
материалдарына сәйкестендіруге және қажет болмаған
нысандарды (мысалы, тастардағы қуыстар) жоюға
болады. Әр реттеу дисплейдің индикатор аймағында (h)
айқындалады.
<Universal mode> (Әмбебап режим) (алдын ала
реттелген)
<Universal mode> (Әмбебап режим) режимі кірпіш
қалауда немесе бетонда көптеген қолдану тәсілдеріне
арналған. Пластик пен металды нысандар және электр
сымдар көрсетіледі. Тас арасындағы бостықтар немесе
бос пластик құбырлар диаметрі 2 см кіші болса
көрсетілмеуі мүмкін. Максималды өлшеу тереңдігі 6 см
болады.
<Concrete deep> (Аса берік бетон)
<Concrete deep> (Аса берік бетон) жұмыс режимі
болаттық бетон үшін жарамды болады. Арматуралық
темір, пластик пен металды құбырлар және электр
сымдар көрсетіледі. Максималды өлшеу тереңдігі 15 см
болады.
<Panel heating> (Панельді жылыту)
<Panel heating> (Панельді жылыту) жұмыс режимі
металл, металлопластик және сумен толтырылған пластик
құбырларға және электр сымдарға айрықша әзірленген.
Бос пластик құбырлар көрсетілмейді. Максималды өлшеу
тереңдігі 8 см болады.
<Drywall> (Гипсокартон)
<Drywall> (Гипсокартон) жұмыс режимі құрғақ
құрылыстық қабырғалардағы (ағаш, гипсокартон және
т.б.) ағаш арқалық, металл арқалық және электр
сымдарды табуға арналған. Толтырылған пластик
құбырлар мен ағаш арқалықтар бірдей көрсетледі. Бос
пластик құбырлар көрсетілмейді. Максималды өлшеу
тереңдігі 6 см болады.
<Hollow block> (Қуыс блок)
<Hollow block> (Қуыс блок) жұмыс режимі ауа
көпіршіктерінің үлкен мөлшері бар қабырғаларға
арналған. Металл нысандар мен ток өткізетін электр
сымдар табылады. Табу қабілеті салыстырмалы ауа
ылғалдылығы (>50 %) жоғары болғанда төмендеуі
мүмкін.
Пластик құбырлар мен ток өткізбейтін электр сымдар
табылмайды. Максималды өлшеу тереңдігі 6 см болады.
1 609 92A 4G0 | (22.08.2018)
Көрсетілім түрін ауыстыру
Нұсқау: индикатор түрлерін барлық режимдерде
ауыстыруға болады.
(10) немесе (12) таңдау түймесін ұзақ уақыт басып,
стандартты көрсету экранын метрлік таяқ режиміне
ауыстырыңыз.
N
8.8 cm
?
S
20.1 cm
18
19
20
cm
10 cm
20cm
Prev.
Concrete deep
Метрлік таяқ режимі мысалды D суреттегідей жағдайды
көрсетеді: үш темір таяқ бірдей аралықтармен. Метрлік
таяқ режимінде табылған нысан орталарының аралығы
өлшенеді.
Рұқсат етілген бұрғылау тереңдігі индикаторының (l)
астында бастау нүктесінен басталған өлшеу қашықтығы
көрсетіледі, мысалы, 20,1 см.
(h) жұмыс режимі индикаторының үстінде кіші масштабта
табылған үш нысан тікбұрыш ретінде көрсетіледі.
Нұсқау: рұқсат етілген бұрғылау тереңдігі (l) мен
материал сипатының (m) индикаторы сенсордағы қара
түспен көрсетілген нысанға негізделген.
Стандартты көрсету экранында артқа өту үшін (10)
немесе (12) таңдау түймесін қысқа басыңыз.
Нұсқау: өлшеу режимі емес, көрсетілім ғана ауысады!
Реттеулер мәзірі
Реттеулер мәзіріне өту үшін орнату түймесін (14)
басыңыз.
Мәзірден шығу үшін іске қосу түймесін (11) басыңыз.
Әзірге дейін таңдалған реттеулер қабылданады.
Стандартты көрсету экраны өлшеу әдісі үшін
белсендіріледі.
Мәзірде шарлау
Орнату түймесін (14) басып, төменге айналдырып өтіңіз.
(10) және (12) таңдау түймелерін мәндерді таңдау үшін
басыңыз:
– (10) таңдау түймесі арқылы оң жақ немесе келесіі
мәнді таңдаңыз.
– (12) таңдау түймесі арқылы сол жақ немесе алдыңғы
мәнді таңдаңыз.
<Language> (Тіл)
<Language> (Тіл) мәзірінде мәзір тармақтарының тілін
таңдауға болады. Алдын ала орнатылған тіл <English>
(Ағылшын) болып табылады.
21
22
23
30cm
40
Next
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis