Herunterladen Diese Seite drucken

Kärcher SC 5 Premium Iron Plug Bedienungsanleitung Seite 197

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für SC 5 Premium Iron Plug:

Werbung

Бұйым керек-жарақтарын орнату
 Сурет
Бұйым розеткасының қақпағын ашыңыз.
 Бу штекерін бұйымның электр розеткасына
тығыздап енгізіңіз. Сонымен қатар штекер
шертпек естілетіндей болып, орнатылуы қажет.
Ажырату үшін:
Бұйымның электр розеткасының қақпағын
төмен қарай басып, бұйымның электр
розеткасынан бу штекерін тартып алу керек.
 Суреттер
-
Қажет жабдықтарды («Жабдықтарды қолдану»
бөлімін қараңыз) бу пистолетпен жалғаңыз. Осы
үшін жабдықтың ашық ұшын бу пистолетке
орнатып, оны бу пистолеттің блоктан шығару
батырмасының (С2) орнауына дейін, бу
пистолетіне қарай жылжыта беріңіз.
 Сурет
Қажет болған жағдайда ұзартқыш түтіктерді
қолдану керек. Осы үшін бір немесе екі
ұзартқыш түтіктерді бу пистолетпен жалғаңыз.
Қажет жабдықтарды ұзартқыш түтіктің бос
ұшына орнатыңыз.
Жабдықтарды ажырату
 Балалардан қорғанысты артқа орнатыңыз (бу
иінтірегі құлыпталған).
 Сурет
Жабдықтардың бөлшектерін ажырату үшін,
блоктан шығару батырмасын басып,
бөлшектерді бірінің ішінен бірін суырып алыңыз.
Су сауытын толтыру
Сурет
Су сауытын кез келген кезде қайта толтыруға
болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Кір кептіргіштен конденсациялық суды
пайдаланбаңыз!
Тазалағыш заттарды не басқа қоспаларды
(мысалы, жұпар) құймаңыз!
Таза дистильденген суды қолданбаңыз! Макс. 50%
дистильденген су мен 50% құбыр суы.
Жаңбыр суын қолданбаңыз!
Толтыру үшін су багын алып тастауға болады
немесе тікелей бұйымда толтыруға болады.
Су багын алу
 Су багын тік жоғары көтеріңіз.
 Су багын су шүмегінің астынан тік "MAX"
белгісіне дейін толтырыңыз.
 Су багын орнатыңыз жəне бекітілмегенше
басыңыз.
Тікелей бұйымда
 Суды ыдыстан шұңқырға құйыңыз. "MAX"
белгісіне дейін толтырыңыз.
 Бұйымды тұрақтылығын қамтамасыз ететін
бетке қойыңыз.
 Электр ашасын электр розеткасына салыңыз.
 Ауыстырып-қосқышпен OFF күйінен Бу деңгейі
күйіне айналдырыңыз.
Көрсеткіш - Бу пистолеті жасыл түспен
жанады.
Көрсеткіш - Бу деңгейі ақ түспен жанады
жəне/немесе VapoHydro деңгейі қызыл түспен
жанады.
Көрсеткіш - Жылу жасыл түспен
жыпылықтайды.
 Қызу бақылау шамы тұрақты жанған кезде бу
тазалағышы жұмысқа дайын болады.
Назарыңызда болсын
Бу қазанында су жоқ не аз болса, су сорабы
қосылады жəне суды су багынан бу қазанына
қотарады. Толтыру процесі бірнеше минут алуы
мүмкін.
Бұйым əр 60 секунд сайын клапанды қысқа
уақытқа жабады. Бұл клапанның тұрып қалуын
болдырмайды. Жұмсақ шерту дыбысы да
естіледі. Бу шығарылымына əсер етілмейді.
Суды еселеп құю
Су багында су жоқ болғанда Көрсеткіш - Су
жеткіліксіздігі қызыл түспен жыпылықтайды жəне
сигнал дыбысы естіледі.
 Су багын "MAX" белгісіне дейін толтырыңыз.
Назарыңызда болсын
Бу қазанында судың жеткіліксіз мөлшері болған
кезінде, су сорғышы автоматты түрде суды су
резервуарынан бу қазанына жібереді. Су багы
бос кезінде, су сорғышы бу қазанын толтыра
алмайды да, бу шығыны қамалып жабылады.
Қысқа аралықтарда су сорғышы бу қазанын
толтыруға əрекеттенеді. Егер толтыру сəтті
орындалса, қызыл бақылау шамы сөнеді.
Бу мөлшерін реттеу
Шығатын бу мөлшері ауыстырып-қосқышпен
басқарылады. Бұл ауыстырып-қосқыш əртүрлі
ластану түрлері үшін бес бу деңгейін ұсынады.
Төменде бу деңгейлері, ластану түрлері мен заттар
үшін қолданыс мысалдары келтірілген:
1-ші бу деңгейі
Жеңіл ластану, мысалы:
шаң
Заттар/беттер, мысалы:
өсімдіктер, сезімтал, лакталған немесе
қапталған беттер
2-ші бу деңгейі
Жеңіл-орташа ластану немесе жақында пайда
болған ластану, мысалы:
саусақ іздері, шаң, азық-түлік қалдықтары,
жаңбыр тамшылары, тіс пастасының
шашырандылары
Заттар/беттер, мысалы:
жабық батареялар, айналар, терезелер,
пластик/металл беттері
– 7
KK
Бұйымды өшіру
197

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

Sc 5 premium iron kit